Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Символдық операторлар

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Символдық операторлар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Мәтіндік ақпараттарды өңдеу амалдарын түсіндіру, length concat, copy функциялары мен delete, insert процедуралары туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелілік: Өз бетімен ізденуге, ұжымдық қарым - қатынасқа, еңбекқорлыққа, ынталылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Паскаль тілінде бағдарлама құру дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, презентациялар, үлестірме қағаздар, жұмыс дәптері, электрондық оқулық, интерактивті тақта, merits программасы,

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру, белгіленген орындарға отырғызу. (1 мин.)
2. Үй тапсырмасын сұрау. (3 мин.)
3. Жаңа сабаққа байланысты қайталау сұрақтарын қою. (2 мин.)
4. Біз үйренетін жаңа ұғымдар немесе жаңа сабақты түсіндіру. (15 мин.)
5. Оқушыларға үлестірме тапсырмалар орындату. (3 мин.)
6. Компьютерде практикалық тапсырмаларды орындату. (16 мин.)
7. Үйге тапсырма (2 мин.)
8. Рефлексия (2 мин.)
9. Сабақты қорытындылау. (1 мин.)

1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): Сәлеметсіңдер ме, балалар!
2. Үй тапсырмасын сұрау (3 мин):
Берілген процедура параметрлерін координаталар жүйесінде белгілеңіз.
Балалар берілген карточкалардағы тапсырмаларды орындап, тақтаға іледі. Нәтижесінде фигуралар пайда болады.
3. Жаңа сабаққа байланысты қайталау сұрақтарын қою. (2 мин.)
Integer String Real
1024 ‘25’ 39. 5
- 26
Integer – бүтін тип
Real - нақты тип
String – жолдық шама.
Жолдық шама дегеніміз мәндері мәтін болып табылатын шамалар. Дәптерлеріңе тақырыпты жазып қойыңдар.
Жол – апострофпен бекітілген, символдардың тізбегі, Мысалы, ‘Сынып’, ‘АВС 1А’
Жолдарды, сандар секілді, тұрақтылар бөлімінде сипаттауға болады.
Const Str= ‘МЕКТЕП’;
Жолдық шамалар String қызметші сөзі арқылы айнымалылар бөлімінде сипатталады.
Var s1, s2: String[N];
String – қызметші сөз;
S1, s2 – жолдық типтің айнымалылары;
N – жолдың максимальды ұзындығы ( 0 - ден 255 - ке дейін).
Жолдық деректермен жұмыс істеу үшін қолданылатын функциялар мен процедуралар:
Length (Str) – Str жолындағы символдардың санын есептейді. Нәтиже бүтін типті сандар болады. Мысалы:
S:=’Сканер’;
D:=length(S);
Writeln (D);
Экранға шығатын нәтиже: 6
Delete (Str, Poz, N) – Str жолының Poz позициясынан бастап N символдарды жояды. Егер Poz>255, программалық тоқтатылу болады.
Мысалы:
S:=’Етістік’;
Delete(S, 2, 3);
Writeln (S);
Экранға шығатын нәтиже: Етік
Insert (Str1, Str2, Poz) – Str1 жолын Str2 жолына Poz позициясынан бастап қояды.
Мысалы:
S1:=’ма’;
S2:=’Форт’;
Insert(S1, S2, 4);
Writeln (S2);
Экранға шығатын нәтиже: Формат
Copy (St, Poz, N) – St жолынан Poz позициясынан бастап N символды қиып алады. Егер Poz St жолының ұзындығынан ұзын болса, онда нәтиже бос орын болады.
Мысалы:
S:=’Программа’;
S:=Copy(S, 4, 5);
Writeln (S);
Экранға шығатын нәтиже: грамм
Concat (St1, St2,…, StN) – St1, St2, …, StN тізімде көрсетілген рет бойынша бойынша тіркеседі. Барлық тіркелген символдардың қосындысы 255 символдан аспауы керек.
Мысалы:
S1:=’дар’;
S2:=’бағ’;
S3:=’шам’;
s:=Concat(S2, S1, S3);
Writeln (S);
Экранға шығатын нәтиже: бағдаршам
4. Оқушыларға үлестірме тапсырмалар орындату. (3 мин.)
Тапсырма І
№1 Бағдарламаның фрагменті орындалғаннан экранға қандай нәтиже шығады?
а) a:=’қазақшаңыз’
b:=’қалай? ’;
c:=concat(a, b);
ә) a:=’Дудар - ай’;
b:= copy(a, 7, 2)+copy(a, 3, 3);
writeln(b);
№2 Бағдарламаның фрагменті орындалғаннан экранға қандай нәтиже шығады?
S:=’Монитор’;
Delete(S, 3, 2);
Writeln(S);

Толық нұсқасын жүктеу
3 488
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.
Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.
Cимволдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;
Символдық және жолдық шамалармен жұмыс істеуге арналған функциялар
Символдық және жолдық шамалармен жұмыс істеуге арналған функциялар
Символдармен, мәтінмен атқарылатын жұмыстар туралы жалпы түсінік беру, программалауда Паскаль операторларын тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру.
Компьютерде моделдерді зерттеу және модел жасаудың негізгі кезеңдері
Компьютерде моделдерді зерттеу және модел жасаудың негізгі кезеңдері
ОҚО, Мақтарал ауданы, Атакент кенті, «Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі» Информатика пәні мұғалімі: Белесов Рысбек Мырзаханұлы
Символдық мәліметтермен амалдар орындау
Символдық мәліметтермен амалдар орындау
Сабақтың тақырыбы: Символдық мәліметтермен амалдар орындау
Мәлімет типтері. Шамаларды сипаттау
Мәлімет типтері. Шамаларды сипаттау
[right]Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназияның информатика пәні мұғалімі Кулмурзина Замзагул Жораевна
Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Жарқын Кажекбер Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×