Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық функцияларға есептер шығару

07 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, Сырым ауданы, Бұлан ауылы,
Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп - балабақша кешенінің
информатика пәні мұғалімі Тұрғаналиева Жанаргүл Ганмиржанқызы

Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Логикалық функцияларға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: өздік жұмыс
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Логикалық амалдар шығару.
1. Дөңгелек үстел басында 100 адам отыр. Ер адамдар әйел адамдардан артық. Дөңгелек бойымен бір - біріне қарама - қарсы отырған екі адамның ер адам екендігін дәлелдеңіз. Шешімі: 1. адам саны 2. 50 жұп 3. жұптары бойынша отырғызу 4. ер адам көп болғасын 1 клеткада 2 ер адам отырады.

2. Отырған бес адамның ішінде таныс саны бірдей 2 - ден кем емес адамдар бар екенін дәлелдеңіз. Шешімі: 1. адамдар саны 2. таныс саны (0, 1, 2, 3, 4) 3. бірдей таныс санына қарай 4. 2 - ден кем емес танысы бар адамдар бар.
3. Сыныптағы 43 оқушының дәптерлерінің түстері 6 түсті. Солардың ішінде бірдей түсті дәптерлері бар 8 оқушы табылатынын дәлелдеңіз. Шешімі: 1. оқушылар 2. түстер саны 3. түсіне қарай 4. 43=7*6+1 7+1=8 13

4. Екі жас коллекционердің әрқайсында 20 маркадан және 10 значоктан бар. Бір маркаға бір марка, бір значокқа бір значок беруді олар шынайы айырбас деп атайды. Онда екі коллекционер бір - бірімен неше тәсілмен шынайы айырбас жасай алады? Шешімі: 20*20=400 10*10=100 400+100=500

5. Сөреде 5 кітап тұр. Жинақ – бір немес бірнеше кітаптардан тұра алатын болса, кітаптарды неше тәсілмен жинақтарға бөлуге болады? Шешімі: 5+5*4+5*4*3+5*4*3*2+5*4*3*2*1=325

6. 80. Неше тәсілмен 14 адамды жұпқа бөлуге болады? Шешімі: (1; 13) бұл бір жұпты алған соң, 12 адам қалды. (1; 11) екінші жұпты алған соң, 10 адам қалды.......... 13*11*9*7*5*3*1=135 135 81. Қатар тұрған үш натурал сандардың көбе»тіндісі 6 - ға бөлінетінін дәлелдеңіз. Шешімі: Бұл үш сан арасында 2 - ге және 3 - ке бөлінетін сан бар. Демек, үшеуінің көбейтіндісі 6 - ға бөлінеді. Мысалы: 11, 12, 13 немесе 14, 15, 16 т. б.

7. 15 бала 100 жаңғақ терді. Ішінде 2 баланың терген жаңғақтар санының тең екендігін дәлелдеңіз. Шешімі: (Кері жору) Әрқайсының терген жаңғақ саны әртүрлі деп алайық. Онда 0+1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12+13+14=105 Ал бізде жаңғақ саны – 100. Бұл есепке қайшы келеді. Демек, кем дегенде екі баоа бірдей жаңғақ тергені дәлелденді.

8. Марал 96 парақты қалың дәптер сатып алып, оның әрбір бетін 1 - ден 192 - ге дейін рет - ретімен түгелдей нөмірлеп шықты. Марал қалың дәптердің арасынан 25 парақты жыртып алды және сол парақтар беттерінде жазылған 50 санды бір - біріне қосты. Осы сандардың қосындысы 1990 - ға тең болуы мүмкін бе? Шешімі: Жоқ. 25 парақ – 50 бет – 50 сан Жұп – ж Тақ – т ж + т = т, т + ж = т жт жт жт.... жт тж тж тж.... тж Мұндай жұптар бізде 25. Ал 25 тақ сандарды қоссақ, тақ сан шығуы керек. Ал 1990 – жұп сан.

9. Ең алғашқы 36 жай сандардан маниялық квадрат құрастыруға бола ма? Шешімі: Жоқ, оның арасында 2 саны бар. Егер квадрат құрсақ, 2 тұрған жолдың және бағандағы сандардың қосындысы тақ болады., ал қалған жолдар мен бағандардағы сандардың қосындысы жұп болады. Ж 2 Т Ж Ж Ж т ж Ж ж ж ж 85. Шахмат тақтасын 1*2 доминосымен а1 және һ8 клеткалары ғана бос қалатындай етіп жабуға болады ма? Шешімі: Жоқ. қ – қара клетка, а – ақ клетка Егер а1 және һ8 клеткаларын алып тастасақ, онда екі қара клетканы алып тастаймыз. Ал домино шахмат тақтасында бір қара, бір ақ клетканы жабады. Егер екі қара клетканы алып тастасақ, қара клеткалар ақ клеткалардан аз болады. Сондықтан домино шахмат тақтасын жаба алмайды. қ 8 а 7 қ 6 а 5 қ 4 а 3 қ 2 қ а қ а қ а қ а 1 a b c d e f g h 86. Ауылда 100 адам тұрады. Әр күн сайын олар үш - үштен ауылды күзетуге шығады. Біраз уақыт өткен соң, олар бір - бірімен бір рет ғана күзетке шыққан болуы мүмкін бе? Шешімі: Жоқ. Бір адамды алсақ ол екі адаммен күзетке шығады. Онда қалғандарын жұптарға бөлейік: (1+1) – жұптар саны - 49. 1+ (1+1) + (1+1)+ (1+1)+ (1+1)+...+ (1+1)+ (1+1)+1=100 Бір адам 49жұппен күзетке кезек - кезек шығады, сонда 1 адам артық қалады. Ол адаммен күзетке шығу үшін үшінші бір адам керек. Оны 49 жұптың арасынан ғана ала аламыз. 49 жұптың арасынан бір адамды алсақ, онда ол күзетке екінші рет шығатын болады.

10. Дөңгелек бойына тоғыз сан жазылған: төрт рет 1 саны және бес рет 0 саны жазылды. Әр секунд сайын бұл сандарға мынадай операциялар қолданылады: - әрбір көрші тұрған сандар әртүрлі болса, олардың арасына 0 саны қойылады. - әрбір көрші тұрған сандар бірдей болса, арасына 1 саны жазылады. Сосын бұрынғы жазылған сандарды өшіріп тасталынады. Біраз уақыт өткен соң, дөңгелек бойындағы сандар бірдей болуы мүмкін бе? Шешімі: Жоқ. Себебі, бірдей сандарды алу үшін 1 мен 0 сандары кезектесуі керек. Ал бұл есеп шарты бойынша мүмкін емес.

11. Қорапта 101 тиын бар. Оның ішінде 50 тиын жалған және олар шынай тиындардан салмағы бойынша 1 граммға ғана айырмашылығы бар (артық немесе кем екені белгісіз). Алмат бір тиынды алып, табақты таразыны бір рет ғана қолданып, оның жалған немесе шынайы тиын екенін білгісі келеді? Алмат тиынның қандай екенін біле ала ма? Шешімі: Ия. Алмат ол тиынды 101 тиын арасынан алып тастаса, 100 тиын қалады. 100 тиынды 50 - ден екіге бөліп, табақты таразының екі жағына салғанда олардың салмақтарының айырмашылығы: - жұп санға айырмашылық болса, онда Алматтың алып тастаған тиыны - шынайы, - тақ санға айырмашылық болса, онда Алматтың алып тастаған тиыны – жалған.

Үйге тапсырма: 23 беттегі практикумды орындап келу.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Оқушыларды бағалау.
3 770
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Компьютердің логикалық негізі. Логика. Логикалық амалдар және ақиқаттық кестесі
Компьютердің логикалық негізі. Логика. Логикалық амалдар және ақиқаттық кестесі
Логика, логикалық пікірлер, логикалық амалдар ұғымдарымен таңысады. Ақиқат кестесін құруға үйренеді
Көпмүшеге амалдар қолдану
Көпмүшеге амалдар қолдану
Көпмүшелерді қосу, азайту, көбейту ережелерін пайдаланып есептер шығару арқылы білік дағдыларын қалыптастыру Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ерекшеліктерін қалыптастыру
Логикалық функцияларға есептер шығару
Логикалық функцияларға есептер шығару
Логикалық функцияларға есептер шығару арқылы біліктіліктерін тексеру. Ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Графикалық әдістер мен процедуралар
Графикалық әдістер мен процедуралар
VisualBasic те графикалық файлдарды қолдануға, әдістерді пайдалана білуге, процедураларды жаза үйрету. Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу. Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын
Қазіргі заманғы дербес компьютер мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері
Қазіргі заманғы дербес компьютер мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері
Ақтөбе облысы, Жем қаласы, №3 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мурзабаева Ақтолқын Рафитқызы
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×