Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Паскаль программалау тілінде геометриялық фигураларды салу

28 мам 2016, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сәтбаев қаласының білім бөлімі ММ - нің
"№16 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ - нің
информатика пәні мұғалімі Муканова Манат Умиржановна

Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілінде геометриялық фигураларды салу
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: оқушыларға Паскальдің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, геометриялық фигураларды салуды үйрету, практикалық жұмыстар арқылы программа құру дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: әр түрлі геометриялық фигураларды салу программаларын үйрету арқылы эстетикалық тәрбие беру, әдемілікті көре білуге, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қасиеттерімен қатар талғамдық қасиеттерін дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Пәнаралық байланыс: латын, қазақ тілі, математика, музыка.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, электрондық оқулық.
Сабақтың типі: Өтілген материалдарды жинақтау, қайталау.
Сабақтың түрі: Сайыс
Сабақтың әдісі: Практикалық, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. 1 - кезең.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған тест сұрақтарына жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. Үй тапсырмасын қайталау (activote тест тапсыру құрылғысы арқылы)
а) 2 - кезең. Операторлар сөйлейді (Операторлардың қазақша атауы берілген, Паскаль программалау тілінде, яғни латынша айтылуын табу)
ә) 3 - кезең «Адасқан сөздер» Сәкестендіреді
б) 4 - кезең «Ішіне - сыртына» Кестенің ішіне Паскаль программалау тілінде қолданылатын операторларды жазады, ал сыртына программалау тіліне жатпайтын сөздерді жазады.
в) 5 - кезең «Ойлан, тап»
2. 6 - кезең. «Тау шыңына шығу» Деңгей бойынша берілген есептерге программа құру
5. Үй тапсырмасы
6. Оқушыларды бағалау
7. Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару. Психологиялық сәттен бастаймыз
2. Үй тапсырмасын тексеру (активстудио құрылғысы арқылы)
1. Паскаль программалау тілін оқу тілі ретінде ұсынған ғалым кім? (Н. Вирт)
2. Паскаль программасында міндетті түрде қандай бөлім болу керек (begin end)
3. Rectangle – процедурасы не салады? (төртбұрыш)
4. Bar (x1, y1, x2, y2) – іші боялған төртбұрыш салу процедурасы қалыпты жағдайда төртбұрыштың ішін қандай түске бояйды? (АҚ)
5. SetColor экранға шығатын ненің түсі? (СЫЗЫҚ)
6. Паскальда фонның түсін қалай бояймыз? (SETBKCOLOR)
7. SetFillStyle (толтыру стилі. түс) – процедурасы.... (тұйық объектіні бояйды)
8. Паскальда компьютерді графиктік режимге өткізу үшін мына процедура қолданылады. Initgraph
9. Line (x1, y1, x2, y2) – процедурасы (х1, у1) нүктесінен (х2, у2) нүктесінен дейін түзу кесіндісін салуды жүзеге асырады (ТҮЗУ КЕСІНДІ)
10. USES....(модуль аты)

ІI кезең. «Операторлар сөйлейді.
Операторлардың қазақша атауы берілген, Паскаль программалау тілінде, яғни латынша айтылуы.
Енгізу {Readln} Соңы {End}
Егер {If} Шығару {Write}
Үшін {For} Орындау {Do}
Басы {Begin} Әйтпесе {Else}
Онда {Then} Дейін {To}

ІІІ кезең. «Адасқан сөздер»

Жауабы: 1 - 7; 2 - 6; 3 - 5; 4 - 1; 5 - 2; 6 - 3; 7 - 4.
IV кезең «Ішіне - сыртына». Кестенің ішіне Паскаль программалау тілінде қолданылатын операторларды жазады, ал сыртына программалау тіліне жатпайтын сөздерді жазады.

Internet, Paint, Writeln, Readln, WordPad, Integer, Real, Microsoft, Program, Var, Excel, Const, Power Point, begin, end.
Ішіне Сыртына

5 - кезең «Ойлан, тап» деп аталады. Оқушыларға ғалымдардың суретін көрсетем олар кім екенін тауып, айту керек.

Тау шыңына шығу» ойыны.
Тау шыңына шығу үшін оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.
1 деңгей.
өрнегін Паскаль тілінде жаз.

2 деңгей.
Бүтін А санының түбірін шығаратын программа құрыңдар

Program San 1;
Var a: integer;
Begin
Readln(a);
Writeln(‘Түбір=’sqrt(a): 2: 4);
Readln;
End.

3 - ші деңгей
Паскаль программасы арқылы үйдің суретін салу, сызық түсін, фон түсін бояу
Program Uidinsureti;
Uses graph;
Var driver, mode: integer;
begin
driver:=detect; initgraph (driver, mode, ’c:\tp\bgi’); {bgiграфикасы модульіне жол}
SetBkColor (1); SetColor (6); {фон мен сурет түсі}
Rectangle (100, 200, 300, 400); {тіктөртбұрыш (үй қабырғасы)}
Line (100, 200, 200, 100); line (200, 100, 300, 200); {үй шатыры}
SetFillStyle (9, 4); pieslice (200, 150, 30, 20); {терезе}
SetFillStyle (2, 13); bar (200, 300, 250, 400); {есік}
readln; {задержка}; cleardevice; {экранды тазалап түспен бояу}
closegraph; {графикалық режимде жұмыстың аяқталуы}
end.

VІIІ. Қорытындылау.
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге тапсырма.
Әр түрлі стильмен сызылған дөңгелектер салу программасы.
«Алма ағашы» әдісі
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

Толық нұсқасын жүктеу
4 244
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кесіндіні өлшеу. Фигураларды салу
Кесіндіні өлшеу. Фигураларды салу
нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атайды, бір - бірінен ажыратады.
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу.
Кесіндіні өлшеу. Фигураларды салу
Кесіндіні өлшеу. Фигураларды салу
нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атайды, бір - бірінен ажыратады.
Графика. Геометриялық объектілерді құру процедуралары
Графика. Геометриялық объектілерді құру процедуралары
Паскальдің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, геометриялық фигураларды салуды үйрету, практикалық жұмыс арқылы программа құру дағдысын қалыптастыру.
Геометриялық фигураларды әріппен белгілеу
Геометриялық фигураларды әріппен белгілеу
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Үнгітбаева Нұргүл
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы
Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы
Қалымбетова Айман Пән аты: Информатика Класы: 9 Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×