Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Smart Student» зияткерлік ойыны

27 сәуір 2017, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика пәні мұғалімі: Қамалиден Айгерім Сағындыққызы

Информатика кафедрасының «Информатика. Математика. Физика» атты апталығындағы «Smart Student» зияткерлік ойынның
СЦЕНАРИЙІ
(салтанат залында көрермен ретінде оқытушылар мен І және ІV курс студенттері жиналады)
Мақсаты: Ойын сабақтары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға болады. Сондай - ақ бұндай ойындар оқушыларды шапшаңдылыққа, жүйелілікке, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, әсемдікке тәрбиелейді.
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Сайыстың барысы: ойынға 2 команда қатысады. Сайыс 4 турдан тұрады.

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқытушылар мен білімге құштар жас өрендер! «Smart Student» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер.
Ойын 4 турдан тұрады:
І тур – «Білім аукционы»
ІІ тур «Эрудиттер сайысы»
ІІІ тур «Таңдау - табыс»
ІV тур «Ширату»
Өмірге өзек болған нақты ғылым,
Әлемге ақпараттың шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің,
Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын.
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшесімен таныс болыңыздар. _______________________________________________________

2 - жүргізуші: Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
«Smart Student» ойынына кеп тұрған
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл - ойымен, эрудициясымен ерекшеленген білімді оқушылар өз бақтарын сынамақ. Алғашқы топпен таныс болыңыздар __________________________, екінші ойынға қатысушы топ __________________________ Олай болса, «Smart Student» білімділік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Ендеше кезек оқушыларға берілсін. Әр қатысушы өздерін таныстырып өтсін.

1 - жүргізуші: Бүгінгі аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 теңгеден бар. Бұл бастапқы капитал. Өз капиталдарыңызды көбейту - өз қолдарыңызда.

І турымыз «Білім аукционы». І турдың шартымен таныстырып өтейін. Қазір сіздерге информатика саласына өз үлестерін қосқан ғалымдар туралы, компьютердің даму тарихы, информатика теориясы және әдістемесінен 6 сұрақ қойылады. Сұрақтың бастапқы бағасы – 10 теңге. Топ капитаны бағаны 10 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса - баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.
Ескерту: егер қатысушы қорында барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда ол банкрот. Өкінішке орай ол адам аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» деген турды бастайық.
Аукционға № 1 лот – Информатика саласына өз үлестерін қосқан ғалым жайлы сұрақ болмақ. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай қатысушы жоғары баға береді? Қатысушы бір, қатысушы екі. Сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда қатысушы өз қорына... теңге қосады.
Сұрағы: Компьютердің атасы кім? Жауабы: (Чарбльз Бэббидж)
2 - жүргізуші: № 2 лот. Компьютердің даму тарихынан. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай қатысушы жоғары баға береді? Қатысушы бір, қатысушы екі. Сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда қатысушы өз қорына... теңге қосады.
Сұрағы: Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп атаған, ал жапондықтар не деп атаған? Жауабы: (соробан)

1 - жүргізуші: № 3 лот. Информатика теориясы мен әдістемесінен. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай қатысушы жоғары баға береді? Қатысушы бір, қатысушы екі. Сатылды.
Сұрағы: Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – бірінші әйел программист. Бұл әйел атақты Байронның қызы. Жауабы: (Ада Лавлейс)

2 - жүргізуші: № 4 лот. Информатика саласына өз үлестерін қосқан ғалымдар. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай қатысушы жоғары баға береді? Қатысушы бір, қатысушы екі. Сатылды.
Сұрағы: 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым. Жауабы: (Блез Паскаль)

1 - жүргізуші: № 5 лот. Компьютердің даму тарихынан. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай қатысушы жоғары баға береді? Қатысушы бір, қатысушы екі. Сатылды.
Сұрағы: 1694 жылы неміс математигі Лейбниц қандай машина құрастырды? Жауабы: (арифмометр)

2 - жүргізуші: № 6 лот. Информатика теориясы және әдістемесінен. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай қатысушы жоғары баға береді? Қатысушы бір, қатысушы екі. Сатылды.
Сұрағы: 1890 жылы халық санағының нәтижелерін өңдеуді жылдамдату үшін американдық Герман Холлерит бұл затты ойлап тапты. 1924 жылы Холлериттің электромеханикалық машинасын жасайтын кәсіпорынның негізінде IBM фирмасы құрылды. 1890 жылы Герман Холерит қандай құрылғы ойлап тапты? Жауабы: (табулятор)

Толық нұсқасын жүктеу
3 230
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім биржасы зияткерлік ойыны
Білім биржасы зияткерлік ойыны
Оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Технологиядан алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау; Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту. Сөздік
«Білім биржасы» зияткерлік ойыны
«Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Матаева Назерке Сембековна
Информатика - ғасыр талабы
Информатика - ғасыр талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Білім биржасы (зияткерлік ойын)
Білім биржасы (зияткерлік ойын)
Сарсенова Мейрамгул Арыстановна Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ақкемер орта мектебі Мұғалімдердің «Шамшырақ» ғылыми - әдістемелік қоғамы «Талапкер» жас ұстаз мектебі
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Білім биржасы (зияткерлік ойын)
Білім биржасы (зияткерлік ойын)
Қалымбетова Айман Класы: 7 Сайыстың тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×