Білімділер поралы
загрузка...

Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы - Repeat.

Тақырыбы: Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы - Repeat. (9 сынып)
Мақсаты: 1. Дейін - қайталау командаларын Паскаль операторында программалауды үйренеді, пысықтайды. CHAR, STRING, LENGT қызметші сөздерімен және олардың атқаратын қызметтерімен қажеттілік туғыза отырып алдын - ала танысады.
2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастырады. Программаның математикалық моделі туралы түсініктерін тереңдетеді.
3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескертеді.
Көрнекілігі: Сабақ жоспарын экранда проекциялау, презентация, компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған сабақ.

Сабақтың барысы
І. Кіріспе.
• Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
• Журнал толтыру;
• Оқушылардың назарын сабаққа бұру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қысқаша сұрақ - жауап. (1 - 2 ұп)
• Қайталау операторы не үшін қолданылады?
• Әзір қайталау операторы қалай орындалады
• Қайталау параметрі деген не?
• Шарт деген не? Серия деген не?
• ҚО Паскаль тілінде қалай жазылады? Әр қызметші сөздің қазақша мағанасы қандай?
• Шартты тексермей тұрып серияны орындауға болама? Неге?
Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.

ІІІ. Проблеманы шешу:
1. Бүгінгі сабақта қайталау операторының денесін (тұлғасын/сериясын) шарттан бұрын орындауға мүмкіндік беретін Паскальдың жаңа операторы мен танысамыз.
Жазылу түрі:
repeat
;
UNTIL ;
repeat – until операторының While – do - ға қарағанда үш айырмашылығы бар. 1. шарт циклдан бұрын тексеріледі, сондықтан серия кем дегенде бір рет атқарылады. 2. Repeat операторында шарт ақиқат (иә) болғанда қайталау (цикл) аяқталады. 3. Repeat операторында қайталау соңы шартпен аяқталады.

ЕСЕП: Берілген сөйлемде орысша «а» әрібі қанша рет кездесетінін табатын программа жазайық.
Бұл мақсатқа жету үшін сөзде қанша әріп бар, «а» әрбін қалай белгілейміз, соны анықтап алайық. Алдымен есепте кездестін шамаларды айқындайық. Есепті шешу үшін не белгілі деп ойлайсыңдар? «а» әрібі, сөйлем, сөйлемнің ұзындығы. Паскалда тамаша мүмкіндіктер бар. Әріпті жеке таңба деп қарасақ оның типін CHAR қызметші сөзімен көрсетуге болады. Мысалы: аа: char; Сөйлемнің өзін де типі STRING болатын айнымалымен белгілейміз. String – типімен көрсетілген сөйлемде (жолда) 1 - ден 256 - ға дейін таңба бола алады. Сөйлемдегі таңбалар солдан оңға қарай 0 - ден 255 - ке дейін нөмірленеді. Әр таңбаға бір нөмір сәйкес келеді. Мысалы: аа:=’Информатика’;, болса, aa[3]=ф, aa[7]=а, aa[11]=а болады. Енді сөздің ұзындығын ше? Яғни, тағы бір қызметші сөз қажеттігі көрініп тұр. Сөйлемде, кез - келген таңбалар тізбегінде қанша таңба бар екенін LENGTH(zz) қызметші сөзі көмегімен анықтауға болады. Мұндағы zz – таңбалар тізбегі немесе сөйлем. Сонымен мысалда келтірілген есепті шешу үшін қажет нәрсенің бәрі бізде бар.
Есептің математикалық моделіндегі бірінші сұраққа жауап беріп қойдық.
1. Не белгілі «а» әрібі, сөйлем zz - жолдық, сөйлемнің ұзындығы n – бүтін сан
2. Не табу керек? «а» әріптерінің саны s – бүтін сан.
3. Қалай есептейміз;
Сөйлемді енгіземіз zz;
– мәнін енгіземіз, қайталау параметрі i:=1; а - лар саны s:=0;
n:=сөйлем ұзындығы;
қайталау

Алматы облысы, Талдықорған қаласы
№17 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Жүнісбекова Бұлбұл Қасқатайқызы

Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы - Repeat. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 295
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 295
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика