Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


MS Power Point. Жан бітірімді баптау

02 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: MS Power Point. Жан бітірімді баптау.
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға MS Power Point бағдарламасында жасаған слайдқа жан бітірудің толық анықтамасын беріп, көрсету, үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. MS Power Point бағдарламасында жасаған слайдқа жан бітіру бойынша практикалық тапсырмалар жасай алу.
3. Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта ҚЕ сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, карточкалар, электронды оқулық., сабақта қолданатын MS Office программалары, кітап, дәптер.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, сурет, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
ә) Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру, компьютердің дайындығын бақылау, техникалық қауіпсіздігін ескерту.
а) OSCE КАЗАХСТАН туралы қысқаша мәлімет.
б) Үй тапсырмасын тексеру және талдау.
г) Бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасы:
Сұрақ жауап.
1. MS Power Point бағдарламасында дегеніміз не?
2. Көрме дегеніміз не?
3. MS Power Point бағдарламасының негізгі міндеттері?
4. MS Power Point бағдарламасының қосылу жолдары?
5. MS Power Point терезе құрылымы?
6. Слайд дегеніміз не?
7. Презентация дегеніміз не?
8. Тақырып жолағы дегеніміз не?
9. Стандартты құралдар үстелі?
10. Пішімдеу дегеніміз не?
11. Жұмыс аумағы дегеніміз не?
12. Тапсырмалар аймағы?
13. Сурет салу құралдар үстелі дегеніміз не?

Жаңа сабақты түсіндіру:
MS Power Point көрмесі өзге бағдарламалар, құжаттарынан мультимедиалық нысандарды бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстық үзінділерді қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.
MS Power Point қарапайым нысандарға жан бітіруге мүмкіндік береді. Өзгертпелі жан бітірім тапсырмалар аймағының көмегімен көрмені көрсету кезінде слайдтағы қай элемент қай кезде және қалай шығу керек екенін – мысалы тінтуірді шерткен кезде сол жақ жиектің артынан ұшып шығуға таңдауға болады. Жан бітірім параметрлерінің көбісі өзіне сәйкес пәрмендер қатарын қамтиды.
Бұл үшін слайдтарды көрсету мәзірінің Жан бітірімді баптау әмірін таңдаңыз. Тапсырмалар аймағында түрлі жан бітірім пәрмендерінің сан алуан нұсқасын ұсынатын Өзгертпелі жан бітірім құралдар үстелі пайда болды.
Көрмеге музыканы және басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Фильмдер және дыбыстар тармағын таңдап, содан кейін мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
Файл дыбысы әмірін тандап, осы файл сақталып тұрған қалтаны табыңыз да, қажетті файлды екі рет шертіңіз.
Қауіпсіздік сақтау ережесін қайталау.

Практикалық жұмыс 1 - топ.

MS Power Point – көрмелерді әзірлеуге арналған.......... бағдарламасы.
MS Power Point - тың негізгі міндеті – ақпаратты.......... және........ тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді.........,......... және................
Көрме – бұл........... Сияқты, бірақ қазіргі замандағы.......... пайдалана отырып әзірленген................ тұратын қысқа ғана әңгіме.
Power Point бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады:
Бастау – Бас мәзір -..................... - MS Power Point
Көрмені сақтау үшін............. мәзірінде немесе Стандартты құралдар үстелінде................. әмірін таңдаңыз, ашылған.................... терезесінде Файл атауы өрісінде көрме атауы енгізіп,.................... батырмасын шертіңіз.

Практикалық жұмыс 1 - топ.
Power Point дегеніміз не?
а) көрмелерді әзірлеуге арналған MS Office қолданбалы программасы.
б) компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік бағдарлама.
в) кестелік түрдегі деректерді өндеу кезінде компьютердің қор көздерін басқаратын құрылғы.
г) кодтық кестелерді өндеуге арналған қолданбалы программа.

Power Point бағдарламасы көрместарды көрсетуге бастау әмірін қай батырма орындайды.
а) F5
б) F7
в) F3
г) F4

Power Point бағдарламада F5 пернесі қандай әмірді орындайды.
а) жан бітірімді баптау
б) слайд сипаттары
в) слайтты көрсету
г) анықтама мәзірі

Power Point көрмесі дегеніміз не?
а) компьютерде әзірленген слайдтар жиынтығы
б) слайттар көрсетілімін басқаратын компьютер құрылғысы.
в) электрондық кестені өндеуге арналған қолданбалы бағдарлама.
г) кескіндер, көркем суреттер және диаграммалар жиынтығынан тұратын мәтіндік құжат

Power Point бағдарламасында сурет салу үстелінің қай батырмасы фигураның ішкі облысы түсін өзгертеді.
а) сызық түсі
б) көлеңке мәнері
в) қаріп түсі
г) бояу түсі

Бір файлға жиналған слайдтар нені құрайды?
а) кадрлар
б) суреттер
в) көрме
г) көрсетілім

Power Point бағдарламасы көрмесіне диаграмманы үстеу әмірі
а) Фай - Диаграммасы үстеу
б) Өңдеу -
в) Пішін - диаграмма
г) Кірістіру - Диаграмма

Power Point не үшін қажет
а) Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен интернет беттерін жасау
б) Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін артыру мақсатымен кестелер жасау
в) Сызбалық мысалдарды бар мәтіндік құжаттар жасау
г) Ақпаратты есте сақтау және қабылдау Тиімділігін артыруға арналған көрмелерді жасау

Power Point бағдарламасын көрмесін қамтитын файлдың кеңейтімін көрсетіңіз
а). qit
б). pps
в). ppnt
г). jpg
Сабақты бекіту.
Не білдік?
Не көрдік?
Не үйрендік?

Бір натурал сан екіншісінен
3-ке артық. Олардың қосындысы 17 - ге тең. Бұл сандарды табыңыз.
Жауабы: 7, 10
7+10=17
10 - 3=7

Қосындысы 13, айырмасы 9 болатын екі санның көбейтіндісі қаншаға тең.
A+B=13
A - B=9
AB=22
Жауабы: А=11, В=2.
11+2=13
11 - 2=9
11*2=22

Сыныпта 36 оқушы бар. Егер сыныптан 10 қыз бала мен 8 ер бала кетсе қыз балалар саны теңеседі. Сыныпта неше бала бала.
Жауабы: 9 ұл бала
36 -(10+8)=19
18/2=9

Үй тапсырмасы: Келесі слайдқа тақырып дайындау.
11 826
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Оқушыларға Power Point бағдарламасы арқылы презентацияларға кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруді, анимация әсерлерін баптауды үйрету, білім - біліктілік қалыптастыру.
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
«№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Сатимова А.Б.
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Power Point бағдарламасында гиперсілтеме құру
Power Point бағдарламасында гиперсілтеме құру
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің информатика пәні мұғалімі Қалиева Гүлназ Рахметуллақызы
Power Point 2000-да слайд-фильмдер жасау
Power Point 2000-да слайд-фильмдер жасау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің информатика пән мұғалімі Тапаева Бақтыханым Төлеубайқызы
Power Point бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану
Power Point бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану
Қызылорда облысы, Байкоңыр қаласы, М. О. Әуезов атындағы №6 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Рсалиева Айшолпан Қуанышқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×