Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Adobe Photoshop бағдарламасындағы палитра құралдары

08 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасындағы палитра құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасындағы палитра құралдарының әрқайсысымен таныстыру және оларды бейнелерді өңдеу кезінде қолдануды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және логикалық ой - өрісін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, жұмыс дәптері.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу

2. Үй жұмысын тексеру
3. Өткен сабақты қайталау:

1. Adobe Photoshop не үшін арналған? (Расторлық графика құру үшін және өңдеуге арналған).
2. Расторлық бейнелеу (клетка арқылы сызу) – бұл неден тұрады? (өте ұсақ элементтерден, яғни пиксельдерден тұрады. Әр пиксель бір - бірімен тәуелсіз болады).
3. Жаңа құжатты ашу: (Файл/Новый/Имя ).

4. Жаңа сабақ
PhotoShop бағдарламасында жүргізілетін көптеген операциялар палитралардың көмегімен жүзеге асырылады. Экранда көп орын алмас үшін палитралар бір топқа біріктірілген: Навигация/Информация, Цвет/Образцы/Стили, История/Действия/Набор инструментов, Слои/Каналы/Контуры, Шрифт/Абзац.
Қандай да бір палитраны ашу үшін Окно командасын орындау керек.
Цвет палитрасы түстерді таңдауға және араластыруға арналған. Түстер қандай да бір құралмен сурет салу барысында қолданылады.
Образцы палитрасы дайын түстерді таңдау үшін қолданылады. Жеке үлгілерді палитрадан алып тастауға және қосуға болады.

Стили палитрасы анықталған эффектілері немесе олардың құрамын қолдануда пайдаланылады.

Информация палитрасында курсор көрсетіп тұрған аумақтағы пикселдің түстік компоненттерін көрсетеді. Сонымен қатар түстік үлгілер (максимум 4) туралы мәліметтер орналасады.

Жаңа бейне құру барысында оның фоны прозрачный болмайды. Слои палитрасы фонның бетінде орналасқан қабаттардың орналасу орындарын ауыстыруға, бір-бірімен біріктіруге, көшіруге, көрсетіп/жасырып қоюға, жоюға және қоуға мүмкіндік береді. Әрбір қабатты басқа қабаттардың қатысуынсыз өзгертуге болады.

История палитрасының көмегімен бейнені өзгерту барысындағы бір немесе бірнеше әрекеттерді болдырмауға болады. Кез келген операция тізімге тіркеліп отырады және төмендегі әрекет ең соңғы болып табылады.

Қорытынды
Жаңа сабақты бекіту мақсатында:
1. Adobe Photoshop не үшін қажет?
2. Adobe Photoshop қандай графикаға жатады?
3. Adobe Photoshop-та қандай негізгі түстер бар?
4. Палитра құралдарын ата.

Үйге тапсырма: Лекция бойынша оқу. Фотосуреттерді сканерден өткізіп әкелу.
11 982
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Графикалық программаларда шығармашылық жұмыс жасау
Графикалық программаларда шығармашылық жұмыс жасау
XXI ғасыр компьютердің ғасыры. Олай болса, азаматтардың барлығы компьютерді игеру өмір талабы. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсат жас ұрпақты жай ғана оқытып қана қою емес, сонымен бірге даярлау.
Графикалық редакторлармен жұмыс жасау
Графикалық редакторлармен жұмыс жасау
БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы. Информатика пәні мұғалімі Тимур Шарипкалиев
Файл форматтары
Файл форматтары
Қызылорда қаласы, №3 мектеп-лицейінде математика пәні мұғалімі: Матжанова Жанар Оңғарқызы
Графика әлеміне саяхат (оқу бағдарламасы)
Графика әлеміне саяхат (оқу бағдарламасы)
№5 Михаил Ломносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза Муслимовна
Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен жұмыс
Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен жұмыс
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі жоғары категориялы информатика пәні оқытушысы Абайдуллаева Роза Папановна
Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері
Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері
Секциясы: Информатика Ғылыми жоба тақырыбы: Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері Ғылыми жұмыс авторы: Мұратов Ринат Жоба жетекшісі: Кунафина Меруерт Нуржановна информатика пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×