Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы"

12 желтоқсан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Жаңалықтар

"Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы"
Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, отанының гүлденуіне үлес қоса алатын азамат өсіре аламыз
Елбасы Н. Ә. Назарбаев
Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Білім қазынасын балабақшадағы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сініріп, олардың болашақтарына игі ықпал ету негізгі міндетіміз. Елордамыздың төрінде орналасқан №71 «Мөлдір» балабақшасы бұл – мейірімге толы бөлек әлем. Балабақшамызда әр баланың жан дүниесін сезініп, оны аялауға, бағалауға, құрметтеуге үйретеміз.
Балабақшамыздың басты міндеті ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл – парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу. Бұл міндетті, әрине, бала тәрбиесіне жауапты тәрбиешілеріміз жүзеге асырады. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен педагогтің даярлығына, оның іс - тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына байланысты.
Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие. Біздің бақшамызда ұлттық патриоттық тәрбиенің басты мекені деп айта аламыз.
Балабақшамызда ашылған жылдан бастап ұлттық тәрбиеге басым бағыт берілген. Алаш зиялыларының ой - толғамдарынан туындаған Н. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы біздің тәжірибелік алаңымызда жас ұрпаққа тәрбие берумен қатар ұлттық тәрбиенің негізін қалап келеді. Осы технологияны «Балаларға рухани - адамгершілік тәрбие беру арқылы ұлттық патриотизмге тәрбиелеу» кластері арқылы бүлдіршіндеріміздің байланыстырып сөйлеу машығын қалыптастыру мақсатында қалалық семинар ұйымдастырылды.
Кластер бойынша серіктес №24 «Айналайын», №6 «Көктем», №13 «Тұлпар», №58 «Өркен» балабақшаларымен тығыз іс - шаралар жүргізіліп келеді.
Ұлттық тәрбиенің бастауы балабақшамен қатар отбасында да жүзеге асуы тиіс. Сондықтан да семинарға бүлдіршіндерімізбен қатар ата - аналарымыз да белсене қатысып Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты әдеби сайыста Абайдың мұрасын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Мұндағы мақсат: ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту үшін балабақша, ата - ана, қоғам бірлесе отырып, жас ұрпақты тілін, салт - дәстүрін, тарихын, құрметтейтін тұлға етіп қалыптастыру.
Инновация технология әдіскері: Домова А. Н.


545
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Жеке тұлға қалыптастыруда тәрбиенің алатын орны мен бағыттары
Жеке тұлға қалыптастыруда тәрбиенің алатын орны мен бағыттары
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл – ой, ерік – жігер, мінез – құлық ерекшелігімен көрінуге
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Б. Нысанбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нұргүл Жексенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.