Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынов «Егіннің бастары»

27 ақпан 2014, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Егіннің бастары»(презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларынан қысқаша мәлімет беру;
«Егіннің бастары» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Дамытушылық: Сөйлеу тілін түсініп, шапшаң ой қорыта алуға дағдыландыру; өлең талдау машығын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Ақын, жазушыларымыздың өлеңдерін оқи отырып, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, жақсы, жаман әдет - қылықтарды ажырата білуге бағыттау.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау
Сабақтың түрлері: Аралас сабақ. Шығармашылық - ізденіс сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Слайд
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, кезекшінің сөзі. Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі.
- Абай Құнанбаев кім?
- Абай поэзиясының арқауы не? (ғылым, білім, еңбек)
- Ақынның 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған шығармалары қалай аталады? (Қара сөздер)
- Қара сөз дегеніміз не? (Еркін ой білдіру формасы. Адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау)
- Қанша қара сөзі бар?
Балалар, үйге қай қара сөзінен үзінді жаттау берілді? (38 қара сөз)
Онда тыңдайық. (Абай Құнанбаевтың 38 қара сөзінен. үзінді тыңдау)
Ал қазір ақын Садиев ағамыздың «Абайдың қара сөздері» атты өлеңін тыңдап, қара сөздерге қандай баға бергенін білейік.
- Балалар, Абай атамыз бізді қандай болмауымыз керек, бойымызды қандай жаман қасиеттерден аулақ ұстауымыз керектігін айтады? (надан, білімсіз, талапсыз, жігерсіз, ұятсыз, еріншек болмауымыз керек). Ал ондай болмауымыз үшін не істеуіміз керек? (білім алу, жақсы оқу, еңбек ету, тәрбиелі болу).
Осы ұлы Абай сияқты қазақ халқын өнер - білімге, адамгершілікке шақырған қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы көрнекті өкілі, ағартушы, ақын А. Байтұрсыновтың қосқан үлесі зор. Сондықтан біз бүгінгі сабағымызды А. Байтұрсыновтың шығармаларына, оның ішінде «Егіннің бастары» атты мысалына арнаймыз.
(Дәптерге тақырыпты жазу, сабақтың мақсатын айту)

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту және оны бекіту кезеңдері.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, бүгін сабақта А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларынан қысқаша мәлімет алып, «Егіннің бастары» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашамыз.

Қазір тақтада Ахмет Байтұрсынов жайында берілетін мәліметтер бойынша кластер құрайық.
1. Ол халықты оқуға шақырған, ағартушылық жұмыстар жүргізген, қазақ ауылдарында орысша - қазақша мектеп ашып, балаларға сабақ берді? (ағартушы, қоғам қайраткері, ұстаз)
2. Байтұрсынұлы қазақ балалары үшін «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтар жазды (Жазушы )
3. Араб әріптерінің негізінде қазақ алфавитін жасады. (ғалым - лингвист)
4. «Маса» өлеңдер жинағының авторы (1911 жыл). Өлеңдері: «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған - терген», «Досыма хат» т. б. (ақын)
5. А. Байтұрсынов – Абай дәстүрін жалғастырып, мысалдар (басни) жазған. (мысалшы)
6. А. Байтұрсынов И. А. Крылов мысалдарын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» (1909 ж.) деген атпен жинақ шығарды. (аудармашы).
Кластер: А. Байтұрсынов - ағартушы, қазақтың ірі қоғам қайраткері, талантты ғалым - лингвист, дарынды ақын, педагог, жазушы, аудармашы, мысалшы.
Ал, мысал дегеніміз деген не? Мысал – адамға сабақ болар өсиеті бар шағын аллегориялық шығарма. (Краткий, чаще всего стихотворный, нравоучительный рассказ) Аллегория деген не? Астарлы, тұспалдау, меңзеу арқылы суреттеуді аллегория дейді.
Астарлы - иной смысл слова, чем говорится вслух (двусмысленно, иносказательно) Тұспалдау – со скрытым смыслом.
Меңзеу - намекать (с намеком)
Әр мысалдың соңында түйінді ойы болады. (В конце басни содержится краткое нравоучительное заключение — мораль)
Бүгін сабақта біз А. Байтұрсыновтың Иван Иванович Хемницерден аударған «Егіннің бастары» мысалын оқып, идеясын ашуға тырысайық. (И. И. Хемницер - орыс ақыны, мысалшы)

Ә) Жаңа сөздермен танысу.
Сайран ету, қыдыру - гулять, прогуляться
Дән – зерно
Тағзым ету - поклоняться
Көкке қарау – смотреть на небо
Мән - значение
Қайран қалу - удивляться
Егінші - земледелец
Тәкаппар - высокомерный
Көпке балау - приравнивать со всеми
Шікірею – хвастаться, гордиться чем - то
Б) Мұғалім мәнерлеп оқып шығады, оқушылар тізбектеп оқиды.
Өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқыту, тақырыбын анықтап, яғни онда қандай мәселе сөз болып отырғанын айту. І — шумақтағы негізгі ойды түсіндіру.

В) Сұраққа жауап беру.
1. Баласы мен әкесі қайда барды? Егін еккен жерге барды
2. Бидайлар қандай болып тұр? Бастары дәнге толы, тағзым етіп тұрды.
Олар неге тағзым етіп тұрды? Оларға алла тағала дән берген үшін
3. Бала неге таңданды? Жалғыз бір бидай көкке қарап тұрғанға
4. Ол әкесінен не туралы сұрады? Мәтіннен тауып оқу. Соншама бұл бидайдың дәні көппе, неге басқаларына қарағанда ол басын көкке қарап тұр, басқаларды менсінбей тұр ма?
5. Әкесі не деп жауап берді? Мәтіннен тауып оқыңдар. Түріне қарап таңданба оған, өзгесі төмен қарап бүгілгенге, басқаларынан кем екен деп ойлама.
6. Бидай қандай? Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме?
7. Мысалдың негізгі түйіні қай жолдарда берілген. Тауып, оқы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
41 503
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен, шығармашылығымен танысады. Мысалдардың мазмұнымен танысады, талдау жасайды, тәрбиелік мәнін анықтайды.
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат
- Сендер бидай туралы қандай мәлімет білесіңдер? – деп тақырыпты оқушыларға ашқызу. Бидай бүкіл әлемдегі негізгі азық көзі болып табылады. Азық - түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген бағалы қасиеті бар.
Ахмет Байтұрсынов «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынов «Егіннің бастары»
Ақын, жазушыларымыздың өлеңдерін оқи отырып, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, жақсы, жаман әдет - қылықтарды ажырата білуге бағыттау.
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 26. А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа» 27. М. Өтемісұлы Соғыс 28. М. Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлең тілі туралы мәлімет. 29. Ы. Алтынсарин «Өзен» 30. Ы. Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы Атырау қаласы, №35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ахмет Байтұрсынов «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынов «Егіннің бастары»
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмағазина Гүлсім Шаймерденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×