Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төл сөз бен төлеу сөз

04 сәуір 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөз (слайдымен)
Сілтеме: Электронды оқулық, бейне жазба тыңдату
Жалпы мақсаты: Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығымен байланыстырып, төл сөз бен төлеу сөз туралы және оның тыныс белгілерін меңгерту.
Оқу нәтижелері: Оқушылар:
● Төл сөз бен төлеу сөзді ажырата білуге;
● Электронды оқулықтан даналарымыздың Мұқағали шығармашылығынан айтқан сөздерін ескере отырып, жаңа тақырыпты ашу;
● Төл сөзден кейін қойылатын тыныс белгіні мысалдар арқылы дәлелдеп ұғындыру.
Түйінді идеялар:
1 - сабақ
Электронды оқулықтан ақпарат тыңдатып, диалогты оқыту әдісі бойынша сабақтың мақсатын шығару. Сыни тұрғыдан әртүрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Жаттығулар:
156 - 157 - жаттығулар
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: І топ. Мына шығармадан төл сөздерді теріп жаз.
ІІ топ. Мына төл сөзді сөйлемдерді төлеу сөзге айналдыр.
ІІІ топ. Мына мәтінді оқып шығып, диалог құрастыр.
Дереккөздер:
Ш. Бектұров: Қазіргі қазақ тілі, «Мұқағали»танымдық журналы, «Қазақ тілінен жазба жұмыстар», 2008ж
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, кеспе парақша, электронды оқулық.

Оқуға арналған тапсырма: Оқулықтан «Төл сөз бен төлеу сөз»деген тақырыпты оқу.
157 - жаттығу. Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдыру.
Мұғалімнің жазбалары:
Жаңа сабаққа кіріспе. Қызығушылығын ояту.
Бүгінгі сабағымызды БЛУМ таксономиясы бойынша бағалаймыз.
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін бейнежазбаны мұқият қарап, тыңдауларыңызды сұраймын.
Бейнежазба көру. 1минут.
- Біз не тыңдадық?
- Мұқағалидің ролін сомдаған кім?
- Ол Мұқағали туралы не айтты?
- Драматург жазушы Серік Тұрғынбекұлы Мұқағали өмірін қалай баяндайды?
- Шәмші Қалдаяқов Мұқағали шығармашылығы туралы қалай сипаттайды?
Сабақтың лексикалық тақырып пен грамматикалық тақырыпты байланыстыру.

Мағынаны тану.«Ұлылар сөзі» Білу
1.«Егер мен туралы білгің келсе, түсінгілерің келсе, менің өлеңдерімді рет - ретімен оқы»,- деген болатын Мұқағали өз күнделіктерінде.
2. «Өлгеннен кейін дәріптеп отырмыз ғой. Мұқағали шын мәнісінде, ақындар арасындағы мықты ақын. Айналасындағыларға риза болмай кетті»- дейді қазақ вальсінің королі Ш. Қалдаяқов.
3. Әйгілі драматург жазушы Серік Тұрғынбекұлы: «Мұқағали өмірінің ерекшелігі - тұнып тұрған драма. Көшеге шықса, милицияға соқтығып қалады. Жиналыста әкім басшы қаралармен соқтығысып қалады. Отбасында туралық айтып, әйеліне жақпай қалады,»- дейді.
- Сонымен, балалар, айтылған сөздің авторы кім? (Ш. Қалдаяқов, Серік Тұрғынбекұлы)
- Автордың сөзі кім туралы? М. Мақатаев
- Міне, сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.
- Ал, сөйлеуші жеткізген Ш. Қалдаяқовтың сөзі қайсы?
- Біреудің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі төл сөз деп аталады.
Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізуді төлеу сөз дейміз. Мысалы: Мұқағали өмірінің ерекшелігі - тұнып тұрған драма екендігін С. Тұрғынбекұлы айтқан болатын.
- Енді, балалар, қандай тыныс белгілері қойылған? (: «», -.)
Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатынын, қандай жағдайда айтылғандығын белгілеп тұрады. Автор сөзі жазылуда тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Төл сөз бен автор сөзі "де" (деді, деп, дейді, деген, дегендей) көмекші етістігі арқылы байланысады.
Түсіну
1. Мұғалім былай деді:”Абай - қазақ халқының мақтанышы, сүйсінерлік адал ұлы”.
2.- Сізге әдейі амандасқалы келдім,- деді Сәбит.
3. Киізі қырық жамау, күркесіне келіп Жиренше:”Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім”,- деді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 014
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөз. Тыныс белгісі. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары
Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөз. Тыныс белгісі. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, ешбір өзгеріссіз беруі төл сөз деп аталады.
Төл сөз бен төлеу сөз
Төл сөз бен төлеу сөз
Біреудің сөзі екі түрлі жолмен беріледі: а) ешбір өзгеріссіз, дәл сол айтылған күйінде жеткізу. Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төл сөз дейді. Жоғарыда келтірілген мысалда біреудің сөзі төл сөз түрінде беріліп тұр; ә) сөйлеуші тарапынан
Төл сөздің тыныс белгілері
Төл сөздің тыныс белгілері
Төл сөздің өзіндік ерекшелігін, жасалу жолын білу. Өзіне тән қойылатын тыныс белгілерінен түсінік алу. Төл сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қойып, сызбасын көрсете алу.
Ғаламторды қолдану
Ғаламторды қолдану
«Ғаламторды қолдану» тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Баяндауыштың жасалу жолдары
Баяндауыштың жасалу жолдары
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Фазылбаева Райхан Сисенбайқызы
Қазақ тілі тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Қазақ тілі тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 8-сынып. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту (аптасына -4 сағат. Барлығы -136 сағат)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×