Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім "Жастарға" өлеңі

05 сәуір 2014, Сенбі
Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ жоспары.

Әдебиет 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім « Жастарға» өлеңі
Білімділік: Шәкәрім өлеңінің идеясын ашу, рухани – адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңі арқылы оқушыларды жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге, сүйіспеншілік пен ішкі рухани тазалықты сүюге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс (сұрақ - жауап, пікірлесу, талдау), мәнерлеп оқу.
Көрнекілігі: Шәкәрім портреті, трек схемалар, слайд.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
II Үй тапсырмасын сұрау.
1. Абайдың қарасөзін мәнерлеп оқу.
2. «Күн көзін ашу» ойыны. Мақалдардың мазмұнын түсіндіру.

ІІІ. Өткен тақырыпты қорыту. Сахналық көрініс.
Ортада Абай. Болашаққа өсиет жазып отыр.
1 - оқушы: Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
2 - оқушы: Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
3 - оқушы: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
4 - оқушы: Өсекші, өтірікші еріншектікпен әр алуан арам тамақтықтан құтылғың келсе, Абайды оқыңыз.

IV Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі: Адамдық борыш ар үшін
Барша адамзат қаны үшін
Серт берген еңбек етем деп
Алдағы атар таң үшін - деп бүгінгі жаңа сабағымыз Ш. Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі
1. Ш. Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру.
2. «Жастарға» өлеңін талдау.

1. Авторы: Ш. Құдайбердіұлы
2. Тақырыбы: «Жастарға» өлеңі - Шәкәрімнің ағартушылық. нысанасын жария еткен өлеңі
3. Жанр түрі: поэзия (өлең)
4. Идеясы: Абай көрсеткен адам болу, азамат болу. Ол өз ортасынан білімді әрі ойшыл ақын, парасатты әділ жан деп Абайды ғана таниды. Содан үйренді, өзіне үлгі етті. Жастарды адалдықты сүюге, арамдық қулықтан қашуға, үлкеннің ақылын тыңдауға шақырды.
5. Өлең 14 шумақтан тұрады.
6. Өлең 56 тармақтан тұрады.
7. 3 бунақтан тұрады.
8. 11 - 12 буыннан тұрады
9. Теңеу - затты басқамен салыстырып айту.
Күнде күйлей бермелік ( уақытты босқа өткізбеу)
Эпитет - құбылысты, затты бейнелеп айту үшін қолданылатын сөздер. ( арам айла, өшпес өмір)
10. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Зұлымдықтан, жамандықтан, әділетсіздік пен қиянат жасаудан аулақ болуға шақырады, халықтың мүддесін қорғай білуі болашақ ұрпағына деген көрсетер үлкен тәрбие екенін аңғарамыз.

V. Жаңа тақырыпты бекіту: Сұрақ - жауап алу.
- Оқушылар, мына қоржынның ішінде бірнеше асықтар бар. Сол асықтар нөмірмен белгіленген. Сол нөмір бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.
1. Ақын жастарды адам мінезіндегі қандай кемшіліктерден аулақ болыңдар дейді?
2. Өлең соңында ақын қандай байламға келді?
3. Абайдың «Болыс, болдым, мінекей» өлеңін жатқа оқу.
4. Абайдың « Күлембайға» өлеңін жатқа оқу.
5. Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа оқу.
Абайға жүгіндіру себебіне көз жеткізу.

Шәкәрім мен Абайдың ұстанған жолдарындағы ұқсастықпен айырмашылықты байқайық (Венн диаграммасымен жасату, тапсырмалардың орындалуын тексеру)

Шәкәрім – Абайдың сазгерлік ән дәстүрінде әрі қарай дамытушы. Екі ақынның әсем сазға толы әндерін тыңдап көрелік (оқушыларға әндерін тыңдату)
Оқушылар, қазіргі жастардан кімдерді үлгі тұтасыңдар? (Біздің толағайлар суреттерін көрсету)

VI. Үйге тапсырма. 1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.«Біреуге ор қазба - өзің түсерсің» тақырыбына шығарма жазу.
Бағалау. Сабақ бойынша белсенділік танытқан оқушылар білімін бағалау.
70 335
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы»
Шәкәрім Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы»
Шәкәрім Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы» Ақын шығармаларының тақырыптары мен идеясын ашу, құрылысына, тілдік ерекшелігіне талдау жүргізу, ой түйіндеу.
С. Торайғыров «Шілде» өлеңі
С. Торайғыров «Шілде» өлеңі
Оқушыларды С. Торайғыровтың өмірімен танысып, өлеңінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.
Жаз келер
Жаз келер
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңді оқыту арқылы жаз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту, өлеңнің негізгі ойын ашу.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Атырау қаласы, Геолог селосы, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Хисамеденова Айсұлу Сайлаубайқызы
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есенова Дамира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×