Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

11 сәуір 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Білімділік - Шәкәрімнің өмірі туралы мағлұмат беру, ақын өлеңдерімен танысу, поэзия тереңіне бойлау, ақын өлеңдеріндегі мақсат - мұратын ашып түсіндіру;
Дамытушылық - оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, топтық жұмыс негізінде ізденімпаздыққа баулу, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру;
Тәрбиелік - Шәкәрім өлеңдерін оқыта отырып оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, білімді болуға ұштау;
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабатың әдісі: түсіндіру, сто стратегиялары.
Көрнекілігі: ақын портреті, өмірінен естелік суреттер, слайд шоу, сызбалар
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық тренинг «Қайталанбайтын бейне». Тренингтің мақсаты бүгінгі сабақты көңілді өткізу, оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын ұйымдастыру.
Сынып үш топқа бөлінеді / Абай тобы, Мұхтар тобы, Шәкәрім тобы/
Үй тапсырмасын сұрау Қашаған Күржіманұлы өмірі мен шығармашылығы сұралады
Абай тобы - Қашаған өлеңдері
Мұхтар тобы - Қашаған айтыстары
Шәкәрім тобы - Қашаған дастандары
/ оқушылар берілген тақырып бойынша бар мәліметті плакат бетіне түсіріп, ортада қорғайды/

III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
- Балалар, орта буында Шәкәрімнің қандай өлеңдерімен таныс болыңдар?
Оқушылар өздерінің білетін өлеңдерін айтады.
- Шәкәрім туралы не білеміз?
/Оқушылардың жауабын тыңдау/
- Ендеше, балалар бүгін біз Шәкәрім туралы бұрынғы білетіндеріміздің үстіне тағы да қосымша біліміміді кеңінен толықтырамыз
Шәкәрімнің өмірбаяны хронологиялық кесте арқылы түсіндіріледі
№ Жылдар Болған оқиға
1) 1858 жылы 11 шілде Шығыс қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген
2) 1866 жылы Әкесі Құдайберді қайтыс болып, Шәкәрім атасы Құнанбай дың тәрбиесінде және Абай ағасының қамқорлығында болады.
3) 1879 жыл
дан бастап Өлең жазумен шұғылданады. ( “Жастық туралы”, “Кәрілік туралы”, “Жастарға”, “Арман”, “Насихат” өлеңдерін жазады)
4) 1904 жылы Рухани тірегі, сүйеніші Абайдан, інілері – Ақылбай мен Мағауиядан айырылады.
5) 1904 - 1905 Ел, жер тану мақсатында Меккеге барып, қажы атанады. Осы сапарында Ыстамбул кітапханаларында жұмыс істеп, Шығыс, Батыс ғалымдарының шығармаларымен танысады.
6) 1909 - 1910 Шыңғыстау өңіріндегі Шақпақ деген жерден сая табады.
7) 1917 Ақын ел ішіне оралады. Ел ішіндегі жаңалықтарды жырға қосып, көптеген мақалаларын баспасөз бетіне жариялайды.
8) 1931 жылы 2 - қазанда адам қолынан 73 жасында қаза табады.
Шәкәрім нәр алған орта

Ауыз әдебиеті
Ағасы Абай
Батыс әдебиеті
Шығыс әдебиеті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 609
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері. Ақынның өмірі мен шығармаларының мазмұны мен мағынасына талдау, әдеби - көркемдік ерекшеліктерін меңгерту, үзінділер жаттау, мазмұнын түсіндіру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Жаз келер
Жаз келер
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңді оқыту арқылы жаз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту, өлеңнің негізгі ойын ашу.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Атырау қаласы, Геолог селосы, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Хисамеденова Айсұлу Сайлаубайқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Даулетиярова Айман Биржановна
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Шарапиев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×