Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Іскерлік келіссөздер

29 сәуір 2014, Сейсенбі
Сынып: 10 сынып
Пәні Қазақ тілі
Сілтемелер Оқулық, электронды оқулық, әдістемелік нұсқаулық тақырыптық слайдтар т. б.
Сабақ тақырыбы «Іскерлік келіссөздер.»
Мақсаты. Іскерлік әңгімеге орай сөз әдебін игерту, оқушы қызығушылығын ояту. Тіл байлығын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу Топта бір - бірінің пікірін тыңдай білуге, бірін - бірі толықтыра білуге, үйрене білуге баулу.

Оқу нәтижесі. Топтарда тығыз ынтымақтастық орнайды. Көшбасшылар топ мүшелерінің жұмысын жоспарлайды.
Негізгі идея АКТ - мен жұмыс жасай білуге үйрету, сыни ойлау қабілеттерін арттыру.
Әдіс - тәсілдер Оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер (өзін - өзі реттеу, диалогты оқыту) Сыни тұрғыдан ойлау, оқушының көшбасшылығы, АКТ құралдарын пайдалану арқылы түсіндіру.
Бағалау парағын толтырады. Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту т. б
Тапсырмалар Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды.
Топтарға көшбасшыларын сайлауларын тапсырады.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады
Өз ойларын жазуды ұсынады.

Топпен жұмыс жасайды.
Көшбасшыларын сайлайды.
Мәтінмен өздері танысады.
Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді.
Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.
Мұғалім жазбалары
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Кезекші арқылы сыныптағы оқушыларды түгендеу.
2. Оқушыларды айналатын барабан арқылы топқа бөлу.
3. Бір - бірлеріне жақсы тілектер айтады. (Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру).
4. Топтарға көшбасшыларын сайлату. Көшбасшыларға бағалау парақтарын үлестіру.
5. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Бағалау критерийімен таныстыру.

Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта.
2. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушыларды топқа бөлу(4 саннан тұратын айналатын барабан арқылы)
2) Ортақ ережені еске түсіру. Топтарда көшбасшыларды сайлау, оларға бағалау парақтарын үлестіру.
.
І. Қызығушылықты ояту.
1) «Миға шабуыл» стратегиясы негізінде диалогтық тәсіл арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Ресми ортадағы адамдармен тілдік қарым - қатынастың маңызы.
2. Жақын адамдармен тілдік қарым - қатынас ерекшелігі. 3. Тілдік қарым - қатынас кезіндегі ұлттық дәстүр.
2) Интерактивті тақта арқылы «Іскерлік келіссөздерге» арналған бейнефильм көрсету.
Оқушылар бейнефильмді көре отырып, сабақтың тақырыбын өздері ашады.
Интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы көрінеді.
3) Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында «ИНСЕРТ» кестесін жекелей, жұпта, топта ақылдасып толтырады. Нәтижесінде тақтаға шығып интерактивті тақтадағы бейнеленген кестені әр топтардан шығып толтырады. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.
ІІ. Мағынаны тану.
Сабақтың бұл кезеңінде «Кубизм» стратегиясы пайдаланылады. Кубиктің әр қырына әртүрлі тапсырмалар жазылады.
1. Сипатта. (Келіссөз басталғанда қолданылатын сөз орамдары).
2. Дәлелде. (Берілген слайд арқылы дәлелдейді).
3. Салыстыр. (Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті мен іскерлік келіссөздерді салыстырады).
4. Талда. (Іскерлік келіссөздердің рөлін талдайды)
5. Қолдан. (Іскерлік келіссөздердің нәтижесі жақсы болу үшін қандай шара қолданылатынын айтады).
6. Оң және теріске шығар. (Өз көзқарасын айтады)

ІІІ. Ой толғаныс.
Бұл кезеңде оқушының толғанысын ұйымдастыру мақсатында өздері алған ақпаратқа ой - толғау жасау мақсатында осы сабаққа «Эссе» жазу тапсырылады, топ ішінде баға беріп, әр топтан ең жақсы жазған оқушылар бүкіл топтар алдында оқиды. Ал дарынды, қабілетті оқушыларға қосымша тапсырма ретінде «Зерделі сөзге зер сал» деген тақырыпқа «Бес жолды өлең» жазу тапсырылады.
Бағалау. Оқушылар өздерін - өздері бағалайды, және топ басшыларының бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалауын негізге ала отырып мұғалім қорытынды баға қояды.
Кері байланыс. Оқушылар өздерінің пікірлерін, ойларын стикерлер және «Бағдаршам» белгілері арқылы білдіреді.
Құралы: бағалау парағы, түрлі - түсті қағаз.
Үйге тапсырма беру. Тақырып бойынша шағын реферат дайындау.
Құралы: күнделік, қалам.
19 540
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Шохан Уәлиханов «Жоңғария очерктері»
Еңбектің мән - мазмұнын білу, Шоқанның әмбебап ғалым екендігін тану
Логарифмдері бар өрнектерді түрлендіру
Логарифмдері бар өрнектерді түрлендіру
Логарифмнің ұғымы мен логарифмдердің қасиеттерін есептерді шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау және оның толғаулары туралы жан - жақты мәлімет беру, шығармаларының көркемдік әлемін таныту, жырларының шығу тарихы мен шығарма мазмұнына әдеби талдау жасату;
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Сыни тұрғыдан ойлау, дарынды және талантты балалармен жұмыс, оқытудағы жаңа тәсілдер, диалог, оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау, көшбасшы, жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×