Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұмекен Нәжімеденов "Менің Қазақстаным"

23 мам 2014, Жұма
Сыныптан тыс шара (орыс тілді мектеп)

Сыныптан тыс шараның тақырыбы: Жұмекен Нәжімеденов.
" Менің Қазақстаным"


Мақсаты:Қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы жаңа әнұранының авторы Ж. Нәжімеденовтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстыру."Менің Қазақстаным"өлеңінің шығу тарихымен таныстыру.
Оқушыларды отансүйгіштікке, елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ақын туралы түсірілген деректі фильм, Power Point бағдарламасы бойынша жасалған слайдтар, "Күй кітабы" аудиокітап, ақын портреті.

Эпиграфы: Тамырым менің тереңде,
Жапырағым биікте.
Ж. Нәжімеденов

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгінгі шарамызға арқау болып отырған нәрсе – ақынның 75 жылдық мерейтойы. Ештен кеш жақсы демекші, мерейтойы қарашада өтсе де, ұстаз ретінде осы ақын туралы сіздерге тереңірек мағлұмат беруді өзімнің борышым деп есептеймін.
Ж. Нәжімеденовтың бір жинағы "Менің топырағым"деп аталады. Эпиграф ретінде осы шығармасынан үзінді алып отырмын."Тамырым менің тереңде, жапырағым биікте" өлең жолдарында терең мағына, жұмбақ сыр жатыр.
Ақын өмірден ерте озса да, артына өшпес мұра, ғұмырлы жылдары қалды.
Ендеше, ақын туралы түсірілген деректі фильмге назар аударайық.

III. Деректі фильм көрсетілімі.

IV. Жұмекен туралы естеліктер:

1 - оқушы: Жұмекен поэзиясы - біздің ұлттық мақтанышымыз, біздің енді ашылар алтын сандығымыздың бірі. Ешкімге ұқсамайтын ақынның әрбір шумағы - тың қазыналар. (Әбділда Тәжібаев)

2 - оқушы:Сен әдебиетке екінің бірі құсап келген жоқсың, бірден құбылыс боп келдің. Егер біреу - міреу түсінбесе, бағаламаса, оған сен кінәлі емессің. Жұрттың бәрі білетін, жұрттың бәріне бірдей ұғымды нәрсені жаза беріп қажеті не?!
Сенің поэзияң - Ертеңгі күннің поэзиясы. (Қадір Мырзалиев)

3 - оқушы:Әзір көп жұрт оның есімімен тек "Менің Қазақстаным"әнін жақсы біледі. Барша жұрт оның барша өлеңін оқып, бүкіл мұрасын жаппай қастерлейтін
күн алыс емес. Оның Қазақстаны енді орнап келеді. Оның жұлдызы оның жырларын терең ұққандар көбейе түскен сайын биіктей береді.(Әбіш Кекілбаев)

V. Ақын өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

4 - оқушы:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы қараша айының 28 жұлдызында қазіргі Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қошалақ ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде (1956 - 1959) оқыған. Мәскеудегі М. Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Қарағанды шахтасында қарапайым жұмысшы болып істеуден бастаған. 1959 - 1965 жылдары «Жазушы» баспасында кіші редактор, 1965 - 1966 жылдары Республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1966 - 1971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974 - 1978 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте редактор, 1978 - 1983 жылдары «Мектеп» баспасында редакция меңгерушісі болып жұмыс істеген.
5 - оқушы:
Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрді: «Балауса», «Сыбызғы сыры», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Ұлым, саған айтам», «Қызғалдақ жайлы баллада», «Темірқазық», «Менің топырағым» кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы (1996 - 1997), «Мен – тамырмын» дастандар, «Қасірет пен қайсарлық», «Жұмекен», «Жаңғырық». 1967 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ақын жырлары бірнеше шет ел тілдеріне аударылған. «Жұмекен сабақты жақсы оқыды. Әрі мектепке баруы мұң екен, домбыраға төселіп жүре берді. Ауылға келген сайын үйренген жаңа күйлерін тартып беретін. Ал одан босағанда малды ауылдың науқанды жұмыстарына қатысатын»,- деп еске алады балалық балдәурен кезін бірге өткізген жолдасы Хамидолла Қабдешов.
6 - оқушы:
Жұмекен Нәжімеденов мәтінін жазған «Менің Қазақстаным» 2005 жылы әнұран болып бекітілді. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазған. Бұл өлең бір қарағанда Қазақстан миллиард пұт астық жинағанына арналып жазылған сияқты болып көрінгенімен, негізінен «ел, жер менікі» деген отаршыларға қарсылықтан туған. Оны сезіп қалған коммунистер әнді мүлдем шығармай тастауға айналғанда Жамал Омарова ара түсіп, эфирден шырқауға мүмкіндік алған. Сөйтіп халыққа жетпей жатып қудалана бастаған ән бағы жанып, бейресмиден тәуелсіздіктің арқасында ресми әнұранға айналды. Жұмекен Нәжімеденов өмірден ерте кетті. Қазір оның есімі өзінің туған жері Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауылға берілді.
VI. Ақынның шығармалары, жарық көрген кітаптары слайд арқылы көрсету.
«Күй кітабы»- поэзиялық жинағы
«Ашық аспан»- поэзиялық жинағы
«Менің топырағым»- поэзиялық жинағы
«Даңқ пен дақпырт»- роман
«Кішкентай»- роман
«Ақ шағыл»- роман т. б.
VII. "Күй кітабы" аудиокітабынан ақынның өлеңдерін тыңдау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 980
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Циклограмма (жылдық)
Циклограмма (жылдық)
ЦИКЛОГРАММА Бірінші апта (2-6 қазан) «Бүлдіршін» Екінші кіші топ
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна
Қазақстаным
Қазақстаным
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Балибаева Шынар
Жыр дүлділі, күй  күмбірі
Жыр дүлділі, күй күмбірі
Сабақтың мақсаты: Жергілікті ақын әнұран авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығынан мағлұматтар беріп, таныстыру
Рәміздерім – елдігімнің белгісі
Рәміздерім – елдігімнің белгісі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Хайрушева Махаббат Омаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×