Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рәміздерім – елдігімнің белгісі

24 тамыз 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Рәміздерім – елдігімнің белгісі».
Мақсаты:
білімділік – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;
дамытушылық – жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік – қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық, елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке, рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздері, нақыл сөздер, авторлар суреті,

Барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Әнұран орындалады. Тренинг ойнатылады.
1 - жүргізуші: Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Әнұран, Елтаңба, Ту. Біз бүгін рәміздер еліне саяхатқа шығамыз.
Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ ол мұндай дәрежеге оп - оңай жете қалған жоқ. Еліміз талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Қазақстан ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін алуға тырысты. Аңсаған арман жолында ата – бабаларымыз қаншама тер төгіп, қажыр - қайрат көрсетті. Ұлан байтақ жеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жаулардан қорғап, болашақ ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтады. Басқа да халықтармен бейбітшілікте және келісімде өмір сүруге ынталы болуының арқасында Қазақстан төл мемлекеттілігін қалпына келтіре алды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша, әрбір тәуелсіз мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.
Рәміздер – бұл адамдар топтары үшін ерекше мән - мағынасы бар суреттер, белгілер немесе сөздер.
Рәміздер көне замандардан бері бар. Ту, таңба, эмблемалар ру - тайпалардың айырым белгілері ретінде қызмет атқарған. Мемлекеттері пайда болған кезде олардың әрқайсысы үшін өздерінің айырым белгілерін жасау қажеттігі туындады. Ту мен елтаңбаны басты ғимараттарда, қала қақпаларына орналастырды. Ал гимнді мерекелер мен мемлекеттік маңызы бар оқиғалар кезінде орындады. Жиырмасыншы ғасырда әр елде заңмен бекітілген өз мемлекеттік рәміздерін міндетті түрде қабылдау дәстүрі орнады.
Біздің бүгінгі саяхатымыздың мақсаты – Рәміздер елінен көп мағлұмат әкелу, олар туралы, авторлары туралы, жасалу тарихы т. б. қызықты мәліметтер жинауымыз керек. Саяхаттан оралған соң кім олжалы болғанын байқаймыз.

II. Шекара бекеті.
2 - жүргізуші: Балалар, біз Рәміздер елінің шекара бекетіне келдік..
бұл жерде бізді тексеріп өткізеді. (Текше лақтырып, сол текшедегі нөмірдегі сұраққа жауап берулері керек).
Әділбек (шекарашы):
1. Отаның қалай аталады?
2. Мемлекетінің президенті кім?
3. Мемлекетіңнің астанасы қалай аталады?
4. Ата Заңдарың бар ма? Ол қашан қабылданды?
5. Мемлекетіңнің тұңғыш ғарышкері кім?
6. Мемлекетіңнің неше астанасы болды, аттарын ата.

III. Мемлекеттік рәміздердің саяси мәртебесі.
1 - жүргізуші - Міне, балалар, біз Рәміздер еліне кірдік. Бұл мемлекет туралы мағлұмат беріп кетейік.
Данагүл: Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады.
Рәміз дегеніміз – түрлі заттар мен ұғымдардың бірлесуі. Біз белгілер әлемінде өмір сүреміз.
Қандай да бір мемлекет болмасын оның алғашқы қадамы өз Туы, Елтаңбасы, Әнұранынан басталуы керек. Бұл олардың ел Тәуелсіздігі мен егемендігінің белгісі болып табылады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің жаңа рәміздерін қабылдауға ерекше мән беруі де осыған байланысты.

2 - жүргізуші: Рәміздер мемлекеті үш аймақтан тұрады: «Әнұран», «Елтаңба», «Ту». Осы үш ауылға сапарымызды жалғастырайық.
«Әнұран» еліне келдік. Осы елдің шығу тарихымен, әнші – композиторларымен танысайық.
Мадияр: Біздің елімізде Мемлекеттік Әнұран ретінде «Менің Қазақстаным» әні қабылданған. Бұл әнді ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1959 жылы жазған. Ол кезде олар консерваторияның студенттері болатын.
Әнді алғаш орындаған – Жамал Омарова. Әнде халықтың патриоттық сезімі берілген. Бұл ән әр үйде, әрбір мекемеде шырқалатын. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
«Әнге ресми мәртебе беретін уақыт жетті!» - деді 2006 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президенттің қатысуымен жазылған Әнұранның жаңа мәтіні қазақ халқының асқақ рухын, асыл мұраттарға деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының артатынын көрсетеді.
Әнұранның сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Сөзін жазған – Шәмші Қалдаяқов.
Қазақстан Республикасы Әнұранының авторлары.
Нұрайна: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтінінің авторы, экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің, дүниежүзінің көптеген елдерінің жоғарғы мемлекеттік наградаларының, бірқатар халықаралық және отандық қоғамдық ұйымдардың арнайы сыйлықтары мен атақтарының иегері.
1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлургиялық зауыты жанындағы Жоғары техникалық оқу орнында (зауыт ВТУЗ) оқып инженер - металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіорын, қала және облыс деңгейінде басшылық жұмыстар істеді.
1991 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті.

Алтынгерей: Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (1935 – 1983).
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.
Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Қошалақ ауылында дүниеге келген.
Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстарда оқыған. «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.
Бекзат: Шәмші Қалдаяқов (1930 – 1992).
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны музыкасының авторы, көрнекті сазгер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.
1 - жүргізуші: Қонақ кәде ретінде өлеңімізді оқып берейік.
Айтолқын: Әнұран.
Жігерлі шат көңілмен, мақтанышпен айтамыз,
Өзіңде айбын қуаныш, өзіңнен қуат аламыз.
Ашық аспан, бейбіт күн жалғаса берсін, салтымыз,
Тәуелсіздікке тән белгі – шырқасын мәңгі халқымыз.
Жан азығым, қалықтай бер, шарықтай бер, Әнұран,
Салтанатты асқақ саз, гүлдене бер, кең далам!
Жүректерде жаңғырады кеудені керіп Әнұран,
Елімде рух, мән берген иесі оның – мен болам!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 832
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Менің Отаным"
"Менің Отаным"
Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру. Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме. Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер. Ұйымдастыру кезеңі:
30 Тамыз – Конституция күні
30 Тамыз – Конституция күні
30 Тамыз – Конституция күні. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995 жылы өз Ата Заңымыз қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
Рәміздерім, мақтанышым!
Рәміздерім, мақтанышым!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі: Берикова Бақытгүл
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа гимн қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Атамекен, туған жер, ел рәміздерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×