Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Одағайдың емлесі мен тыныс белгілері

08 тамыз 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Одағайдың емлесі мен тыныс белгілері.
Сабақтың мақсаты: Білімдік: Оқушыларға одағайдың түрлері, емлесі мен тыныс белгілері жөнінде түсінігін кеңейтуге жағдай тудыру, одағайдан алған білім, білік дағдыларын есте бекіту, сауаттылыққа үйрету.
Дамытушылық: Одағайды түрлеріне қарай талдай отырып, оқушыларды өзіндік пікірлерін еркін жеткізуге баулу, одағайды мәтіннен тауып ажырата білу, зерттеушілік, шығармашылық іс - әрекетпен шұғылдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ тіліндегі көңіл күйге қатысты көтермелеу қолданыстарын, ұлттық ерекшелігін бағалай отырып, оқушыларды тіл өнерін қастерлеуге үйрету, туған жерін сүюге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық - ізденіс сабағы(топпен жұмыс).
Сабақтың әдісі.Ой тудыру, сыни тұрғыдан ойлау, салыстыра зерттеу, ішінара ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.
Бүгінгі сабақтан күтілетін нәтиже үш түрлі құзіреттілік бойынша сараланады

1. Проблемаларды шешу құзіреттілігі:
а). Өздігінен шешімді қабылдайды.
ә). Сөздерді өз мақсатына, мазмұнға сәйкес қолдана алады.
б). Сөздік қорын өз бетінше толықтырады.
2. Ақпараттық құзіреттілігі:
а). Ақпаратты негізінде көздеген мақсатына сай мәтін құрайды.
ә). Шығармашылық жұмыстарды орындайды.
3. Коммуникативтік құзіреттілігі:
а). Сөз құрылымының барлық бөліктеріне тән дағдыларды меңгереді.
ә). Өз пікірін қорғай алады.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеп, олардың қаламы, дәптері және т. б. бар - жоғын тексеру.
2. Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
3. Оқушыларын назарын сабаққа аудару.
4. Оқушыларды 2 топқа бөлу.
Психологиялық дайындық.
1. – Балалар, бүгінгі сабақ – ерекше сабақ. Бізге қонақтар келір отыр. Сол кісілерге ілтипатымызды білдіріп қояйық.
2. Одан соң оқушылар бір - біріне қарап, жақсы тілектер тілейді.
Сабақтың эпиграфы:
Жатқанда елдің еркін, азат болып,
Ешкімге жүрмеу үшін мазақ болып,
Өз халқыңның тілі мен тарихын біл, жұртын таны,
Сонда сен көгересің қазақ болып, –
дей отырып, сиқырлы әріптермен өріліп, кестелі сөздермен өрнектелген қазақ тілі сабағын бастаймыз.
– Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деген ниетпен тақтағы жұлдызды іліп қойдым.
– Сондықтан әрқашан да жұлдыздарың жанып, аңсаған армандарыңа жете беріңдер!
– Жұлдыз болып жаныңдар, оқып - білім алыңдар!
Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпағы болыңдар!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Мен – саған, сен – маған» ойыны.
Ойынның шарты: қарама - қарсы топ оқушылары бір - біріне сұрақтар қояды. Сұрақтарды оқушылар үйден дайындалып келеді.
І топқа сұрақ:
1. Көмекші сөздер дегеніміз не?
2. Көмекші сөздерге нелер жатады?
ІІ топқа сұрақ:
1. Көмекші етістіктер өз ішінде неше түрге бөлінеді?
2. Көмекші есімдер мен көмекші етістіктерді атап жіберіңдерші?
Өлеңдегі аты аталған дара тұлғалар туралы көмекші сөздерді қолдана отырып шағын шығарма жазыңдар.
Шығарма.
Алаштың арыстары
Алаштың арнап мақсаты мен арманын,
Қазақ үшін қиды қыршын жандарын.
Өтті өмірден Ахмет пен Әлихан,
Теңдік үшін төгіп қасық қандырын.
Жүсіпбек пен Мағжан сынды жасыңды,
Ақындарым жау боп елге танылды.
Ең ақыры арыстардың аттарын,
Атауға да қатаң тыйым салынды.
Империя қазағымды бұқтырды,
Алаш сөзін апиын деп ұқтырды.
Мен сияқты кейінгі жас ұрпақтың,
Алаш десе төбе шашы тік тұрды.
(А. Имантаев )

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ал енді дәптерлеріңе бүгінгі күннің атын, сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.
Жаңа сабағымыздың тақырыбы:
« Одағайдың емлесі мен тыныс белгілері».
1). Сабақты ақын - жазушылар шығармаларынан үзінділер даярлап, мәнерлеп оқытудан бастаймыз.
... Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос...
( Махамбет ).
– Әй, кемпір! Ертең дәу саған қонаққа келеді.
– Ойбай, немізді береміз?
– Тәйт! Ойбайламай: – Үйде ет жоқ, нені асамыз? – десең болады.
Келесі күні кемпір:
– Ойпырым - ай, шал - ай, нені асамыз, үйде дым жоқ.
– Түу, сол да сөз болып па, басқы дәудің басын ас, ортаңғы дәудің төсін ас, болмаса досым дәудің өзін ас!
Дәулер:
– Астапыралла, қашайық!
( «Қаңбақ шал» ертегісінен ).

2). Дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл - күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз табын одағай дейміз.
Ерекшелігі
Одағайларда дербес лексикалық мағына болмайды. пәлі, әттең, ойпырмай т. б.
Одағай сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Қап, соны күшік кезінде атып тастау керек еді.
Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды. Әттең, қазір жанымда әкем болғанда ғой.

Мағынасына қарай 3 түрге бөлінеді:
1. Көңіл - күй одағайлары (Адамның түрлі көңіл - күйін білдіреді)
Алақай (қуану), әттең (өкіну), шіркін (таңдану), т. б.
2. Жекірі, бұйыру одағайы (Жекіру, тыйым салу мәнін білдіреді ) тәйт, жә, тек, т. б.
3. Шақыру одағайы (Мал, ит - құсты шақыру не қууға байланысты айтылады). шөре - шөре, құрау - құрау, моһ - моһ, т. б.
Одағайдың емлесі мен тыныс белгілері
1. Қайталану арқылы жасалған одағайлар дефис арқылы жазылады.
Мысалы: Әлди - әлди, ақ бөпем, Ақ бесікте жат, бөпем («Бесік жыры»).
Сап - сап, көңілім, сап, көңілім (Абай).
2. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Мысалы: Бәрекелді, батырым, осылай болатынын сезгем ( Ә. Әбішев ).
3. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы: Сізге, тәйірі, сол да сөз боп па?
4. Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
Мысалы: Жүре берсең, көре бересің деген осы екен ғой, о, тоба - ай!
5. Одағайлы сөйлемдердің соңына айтушының көңіл күйіне қарай нүкте, сұрау белгісі не леп белгісі қойылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 473
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқшау сөздің түрлері қаратпа, қыстырма, одағай сөздер туралы жан - жақты мағлұмат беру, жай сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып қолдана білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысынан тәрбие беру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, халықтық болмыс бітімі тілінде екенін түсіндіру, ым – ишараттан ұғу.
Төл сөздің тыныс белгілері
Төл сөздің тыныс белгілері
Жазуда төл сөз автор сөзінен арнаулы белгілер арқылы бөлінеді. Төл сөздің тыныс белгілері автор сөзі мен төл сөздің орын тәртібіне және төл сөзді сөйлемнің хабарлы, сұраулы және лепті болуына қарай әр түрлі қойылады.
Одағай туралы түсінік
Одағай туралы түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Калмурзина Алия
Одағайға байланысты қойылатын үтір
Одағайға байланысты қойылатын үтір
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбдіқалықова Индира Тұрсынбайқызы
Одағай
Одағай
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірғалиева Ағила Серікқызы Сабақтың тақырыбы: Одағайдың түрлері Мақсаты: Білімділік: Одағай, оның түрлері, жазылуына жаттығу,оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жүргізуі,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×