Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі

10 қараша 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі (8 - сынып)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.
М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.
2. Дамытушылық.
«Түркістан» өлеңі туралы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік.
Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты, аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.
Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев шығармалар жинағы, өлеңдер жинағы, слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында» деген тақырыпқа тоқталғанбыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.

Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.
1) Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?
1 – оқушы: Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.
2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?
2 – оқушы: Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М. Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін... Мағжан культурасы зор ақын... Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.
3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?
3 – оқушы: Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Оларды романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.
Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Жаралдым топырағыңнан, сен – түбім,
Жалғаны жоқ бәрі сенен жан – тәнім.
Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.
Өлеңді түсініктеме күнделігі бойынша талдау жасату
4 – оқушы: Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Ақылгөй, данагөй ақын бабаларымыз бен аты шулы батырларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнеленген.
Мұғалім: Балалар, М. Жұмабаевтың ақындық өнері туралы өте тамаша баяндадыңдар. М. Жұмабаевтың ақындығы, суретшілігі туралы Ж. Аймауытов қандай пікір айтты? Қане, кім айтып жібереді?
5 – оқушы: «Мағжанның ақындық» күші, сөзге еркіндігі, суретшілігі – «Баянда» толық көрінеді. Абай айтқан сөз патшасы «Баянда» бар. Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махаббатты, батырды, соғысты, өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді. «Баян» - қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс.
Мұғалім: Өте жақсы. Міне, балалар, ақындық өнердің қыр - сырын жан жүрегімен сезіне білген адамның пікірі осындай болмақ. Мағжан Жұмабаев туралы айтылған пікірлерге назар аударайық.
1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»
(М. Әуезов)
2. «М. Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»
(Ғ. Ибрагимов)

3. «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М. Әуезов»
(С. Мұқанов)
Халқымыздың осындай аптал азаматтарының пікірлеріне қарап, М. Жұмабаевтың жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырағанын байқауымызға болады.
М. Жұмабаев өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр арқауы еткен. Қане, туған жер, атамекен тақырыбына арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер?
6 – оқушы: «Сағындым», «Сүйемін», «Туған жер», «Туған жерім – Сасықкөл», «Көкшетау», «Орал тауы», «Жел» т. б.
М. Жұмабаев өлеңдерін саралап жазып көрсету.
Ақын өз өлеңдерінде туған жерге деген жүрек жарды жырын Сарыарқасына, дүниеге келген жері Сасықкөліне арнаған. Өлеңнің әрбір жолы перзенттік сүйіспеншілікке толы.
«Сағындым» өлеңі мен «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Мұғалім: Міне, балалар ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза - кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 605
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев "Сағындым" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Сағындым" өлеңі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тілесова Набат Сержанқызы
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Мағжан Жұмабаев «Түркістан»
Мағжан Жұмабаев «Түркістан»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қамиева Ардақ Бектемісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×