Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары

11 қазан 2012, Бейсенбі
Семей қаласы №28 жалпы білім беретін мектептің
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Туреханова Бакыт Бактыгазиновна

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың білімдік мақсаты: Етістікті, оның сөйлемдегі орнын, тұйық етістіктің жасалуы мен септелуін меңгеру дағдысын байқау.
Сабақтың дамыту мақсаты: Сөздер арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мәдениеттілікке тәрбиелеу, үй жануарларын аялауға шақыру.
Сабақтың түрі. Жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, талдау.
Көрнекіліктер: Суреттер, қима қағаздар. Ойынға арналған қажетті құралдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Фонетикалық жаттығу
Қызық екен ауылда,
Тойдым әбден қауынға.
Жедім құртты, майды да,
Көрдім құлын тайды да!
А) Қызық, әбден, құртты, көрдім сөздеріндегі қазақ тілінің тән дыбыстарын ата.
Ә) Сөздерді буынға бөл.

Тіл дамыту сәті
Бұрынғы заманда жануарлар жыл басы болуға таласыпты.
Сонда жылқы айтыпты:
- Мен алысты жақын қыламын, күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен басқа пайдалы мал жоқ, мен жыл басы боламын,- дейді.
Сонда түйе айтады:
- Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса көде, жусан болса жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса су ішіп, табылмаса шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық,- дейді.
- Сонда сиыр:
- Адам егін ексе менімен егеді сүтімді ішеді құрт, май істейді. Жыл басы маған болуға лайық - дейді.
- Сонда қой:
- Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді, жүнімді алып киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт, май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ,- дейді.
- Сонда ит:
-..............- дейді.
- Әңгіме бойынша сұрақтар: Жануарлар не істейді?
- Түйе не деді?
- Сиыр?
- Қой?
- Ал ит не деп айтты қалай ойлайсыңдар.
- Неге?

2. Жаңа сабақ
- Балалар, біз бірнеше сабақ бойы Үй жануарлары тақырыпты өтіп келеміз. Етістіктің не екенін білдік. Ал бүгін біз соның барлығын бекітеміз.
Ойын. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді
Топ - топ болып ауылдарға саяхатқа шығамыз.
Олар:
а) Кеңтарлау ауылы
ә) Салқын – төбе ауылы
б) Сұлу - сары ауылы

«Кеңтарлау ауылы» тобына берілетін, тапсырмалары:
1. Құлындайды етістіктігін тұйық етістікке айналдыр. Септе.
2. Жылқы туралы әңгіме айт
3. Жылқыдан алынатын өнімдерді ата.

Салқын – төбе ауылы тобына берілетін тапсырмалар
1. Боталайды етістігін тұйық етістікке айналдыр. Септе.
2. Түйе туралы әңгімелеу.
3. Түйеден алынатын өнімдерді ата.

Сұлу - сары ауылы тобына берілетін тапсырмалар
1. Қоздайды сөзін тұйық етістікке айналдыр. Септе.
2. Қой туралы айт.
3. Жүннен не жасалады?
«Тап - тап» ойыны.
Тақтада шумақ өлеңдері жазулы:

1. Ертеменен айқайлап,
Қайда екен деп ақылдым,
«Аухау - аухау - аухаулап»,
Қай төлді мен шақырдым?
2. «Пұшайт – Пұшайт - Пұшайт» деп,
Қай төлді мен шақырдым?
3. Шұнтындаған неме деп,
Қойса жақсы келелеп,
«Шөре - шөре - шөрелеп» деп,
Қай төлді мен шақырдым?
4. «Көс - көс, жаным, көс - көс» деп,
Қай төлді мен шақырдым?
(Балалар атағаннан кейін мұғалім жануарлардың суреттерін көрсетеді.)

Суретпен жұмыс
Үй құстары, Ит, мысық суреттері әр топқа тартылады да, әңгімеленеді.

Мәтінмен жұмыс.
Қазақ халқы ертеден малмен байланысқан. Мал күтуді қасиетті іс деп білген.
Мал шаруашылығында қойшы, сиыршы, түйеші, жылқышы, сауыншы мамандар жұмыс істейді.
Төрт түліктен жүн, тері, ет, сүт алады. Малмен байланысты қазақтың ұлттық ойындары, әндері, күйлері, билері, дәстүрлері бар.
Мал шаруашылығы қазақ халқының мәдениетіне көп әсер еткен.

Тапсырмалар:
А) Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз
Ә) Синонимдерді табу: Ертеден - (Бұрыннан, баяғыдан).
Әсер еткен - (Ықпал жасаған)

3. Сабақты бекіту.
Төрт түлік, олардың пайдасы туралы өзара сөйлесіңдер.
Оқушылардың білімін (белсенділігін) бағалау.

4. Сабақты қорыту.
«Төрт түлік ырыс», «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деп бекер айтылмаған. Мінсе - көлік, ішсе - сусын, жесе – ас болған төрт түліктің пайдасы көп.
Үй тапсырмасын беру: ертегіні толығымен оқу, мазмұндау.
(Мұғалім дайын ертегілерді таратады).
8 309
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Ең ерте заманда хайуанаттар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты: - Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Түйе айтады: — Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Тұйық етістік
Тұйық етістік
Білімділік - тұйық етістік, оның жасалуы мен түрленуі, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру, оқушылардың алған білімдерін кеңейту.
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің дайындық сыныбының мұғалімі Сынабаева Раушан
Тұйық етістіктің емлесі
Тұйық етістіктің емлесі
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.