Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамаша табиғат

20 қазан 2012, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Тамаша табиғат
Сабақтың мақсаты: Табиғатты қорғау туралы қазақ тілінде әңгімелеуге үйренеді
Сабақтың міндеттері:
1 мәтіннің мазмұнымен танысады, жаңа сөздерді меңгереді
2 шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылады; мәтінді қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге дағдыланады
3 Топпен жұмыс істеу барысында ұйымшылдыққа үйренеді
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиясының әдістері, диалогтық, топтық
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Пәнаралық байланыс: география, тарих
7 модульдің қамтылуы: АКТ, СТО, Жаңа әдіс - тәсілдер, жас ерекшелігі, бағалау

Сабақтың барысы:
І Қызығушылығын ояту 5 - минут
1. Топқа бөлу 1, 2, 3, деп санау арқылы 3 топқа бөлемін.
2. Фонетикалық жаттығу
Ә, і, ө, ұ, ү, қ, ғ, ң, һ
3. Жаңылтпаш (қазақ тіліне тән дыбыстарды түрлеріне қарай ажырату)
Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?

ІІІ Мағынаны тану 10 - минут
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тамаша табиғат» Бүгінгі сабақта сендер тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысасыңдар. Бізді қоршаған табиғат туралы қазақ тілінде әңгімелеуге үйренесіңдер. Біздің бүгінгі сабағымызда біз Қазақстанның әдемі жерлеріне саяхатқа шығамыз. Ал қазір сабағымызда кездесетін жаңа сөздермен танысып алайық.
1. Сөздікпен жұмыс Сөз тіркесін, сөйлем құрау.
қоршаған орта - окружающая среда
тіршілік - жизненная основа
алтын бесік - золотая колыбель
асқар тау - высокие горы
ағынды өзен – быстрые реки
аманат - залог
перзент - дитя

Саяхатымыздың алғашқы бағыты Қазақстанның елордасы - Астана қаласы. Астана - Есіл бойына салынған әсем қала. Бұл қалада біз мәтінмен танысамыз
Джигсо әдісі бойынша мәтінмен танысады
Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер, Ай мен Күн, алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат. Табиғат - барлық тіршілік атаулының мекені, алтын бесігі. Табиғатта көрікті жерлер өте көп. Ақындарымыз ылғи оның асқар таулары мен ағынды өзендерінің, жазық даласының сұлулығын жырлаған. Тамаша табиғат көріністер бізге бабаларымыздан аманат. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, аса қамқорлықпен қарауы керек. Табиғатты босқа құрытпау керек. Оны сақтағанда ғана адамзат баласы үшін табиғат мәңгі тозбас қоныс болады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті және де ең үлкен қамқоршысы екенін естен шығармауымыз керек.

1. Мәтінді оқып беру
2. Оқушылардан не туралы деп сұрау
3. Оқушыларға оқытып, аударту

Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін көрсет. 5 - минут
1. Табиғатта көрікті жерлер өте көп.
2. Оны сақтағанда ғана адамзат баласы үшін табиғат мәңгі тозбас қоныс болады.
3. Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер, Ай мен Күн, алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат.
4. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, аса қамқорлықпен қарауы керек.
5. Табиғат - барлық тіршілік атаулының мекені, алтын бесігі.
6. Табиғатты босқа құрытпау керек.

Ендігі бағытымыз Көкшетау өңірі. Бұл жердің сұлулығын ақын – жазушыларымыз үнемі жырға қосқан. Көкшетау өңірінде біз 3 қадамды сұхбат әдісімен мәтін бойынша жұмыс жүргіземіз. 10 - минут
Топтағы оқушыларды А; В; С деп санатып 3 қадамды сұхбат әдісін түсіндеремін
Ендігі кезекте сендермен Шарын шатқалына саяхатқа шығамыз.
2 - тапсырма
Мәтіннен асты сызылған сөздерді теріп жазу, сол сөздерді сөз құрамына талдау
Саяхатымызды Алатау баурайында жалғастырамыз

Сергіту сәті
Көзімізді қатты жұмып, ашып екі рет қайталап істейміз. Содан кейін тақтаға қарап, қыстың соңғы күндері жауған ақша қардың қозғалысын бақылаймыз.

Ендігі саяхатымыздың бағыты Каспий теңізінің жағалауы

Шығармашылық диктант 5 - минут
(Қайда? ) түлеп, (қайда?) өскен,
Тек (қайда?) күн кешке
Керекті сөздер: тауда, аспанда, шыңда
Ал кәне кім осы жұмбақтың шешімін табады. (қыран)

ІІІ Ойтолғаныс
Қазақстанның тамаша табиғатымен көз тартар жерлер көп екеніне көрдік ендігі бағыт өзіміздің туған жеріміз Жуалы
Біздің Жуалы жері де өте сұлу жерлердің бірі.
«Менің туған жерімнің табиғаты» тақырыбына эссе жазып, топ ішінде оқып ең жақсыларын автор орындығында оқиды. 5 - минут

ІV Үйге тапсырма
ІІV Бағалау 5минут

Толық нұсқасын, слайдын жүктеу
7 178
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Ғарышкерлер
Ғарышкерлер
Атақты ұшқыш Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын.
Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
12 - сәуір бүкіл дүниежүзілік ғарышкерлік және авиация күні. Бүлдіршіндеріміздің «Мен ғарышкер боламын» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күні
12 - сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінігін кеңейту. Ғарыш, ғарыш кемесі, ғаламшар, аспан денелері ұғымдарын қалыптастыру. Еске сақтау қабілетін, зейінін, тілін, байланыстырып сөйлеу дағдысын түзете - дамыту, сөз байлығын кеңейту, ұсақ қол
Ғажайып ғарыш
Ғажайып ғарыш
Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, зымыран суреті, үн таспа.
Ғарышқа ұшу
Ғарышқа ұшу
Қызылорда қаласы, №101 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Қарлығаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×