Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)

30 қыркүйек 2016, Жұма
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
31. Абайды оқы, таңырқа!
32. А. Құнанбаевтың өлеңдері
33. Абайдың қара сөздері
34. Абай Құнанбайұлы Ұлы суреткер
35. Шығарма


Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаевтың өлеңдері
Сабақтың мақсаты:
а) Абайдың шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
б) оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру, әдемілікті түйсінуге, туған жердің табиғатына қамқорлық жасау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, баяндау, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті, суреттер т. б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу, сөз өнері

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
А. Құнанбайұлының алдына қойған мақсаты қараңғы қазақтың көзін ашу, көңілін ояту оларды мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы мақсатпен ол оқушыларды оқу - білімге шақырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі еді.
Хронологиялық таблицамен жұмыс:
Өлеңдері: 176 өлеңі бар
Қара сөзі: 45 қара сөзі бар
Поэмалары: «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі».
Күйі: «Май түні», «Тор жорға», «Абай желдірмесі».

Топпен жұмыс:
Бес асыл іс

Талап
Еңбек
Терең ой
Қанағат
Рақым

Бес дұшпан

өсек
өтірік
мақтан
еріншек
бекер мал шашпақ

Кітаппен жұмыс: Оқушыларға өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқыту.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Абайдың табиғат лирикасының ерекшелігі неде?
2. Абай жырларындағы ғылым мен білім туралы ойларына байланысты не айта аласыңдар?
3. «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» - дегенде, нені мегзейді?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Абайдың өлеңін жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 544
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы
Махамбеттің шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
Абайдың өлеңдері
Абайдың өлеңдері
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Н. Г. Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағұлова Бибінұр Бекенқызы
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×