Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз мерген

01 қараша 2016, Сейсенбі
Сөз мерген (танымдық сайыс)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін түсінуге баулу.
2. Оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тіл шеберлігін арттыру, тілімізді, дінімізді жандандыруға үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер
Жүргізуші: Тілді әр уақытта аялай, шұбарламай таза күйінде мұра етіп, қалдыру-біздің борышымыз.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,-дей келе, өзінің туған тілін жан-тәнімен жақсы көретін, баба рухына, тіліне нәр алып, сусындап жүретін сайыскерлерімізді шақырайық.
Жүргізуші: Сайысымыз төрт кезеңнен тұрады:
Жүйрік болсаң, шауып көр». Сендерге жұмбақтар жасырылады, сол жұмбақтың шешуін тауып, жауабын тапқан оқушы жарысқа қатыса алады.
1. Оқтан жүйрік,
Қылыштан өткір (сөз)
2. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (жұмыртқа)
3. Екі бала қатар тұрса да,
Бірін – бірі көрмейді. (Көз)
4. Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем. (Жер, аспан)
5. Басқан жері бармақтай,
Аттаған жері атандай. (Таяқ)
6. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі, адам соқса.
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда, үндемейді адам жоқта. (домбыра)
7. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
8. Сары атым аунаған жерге шөп шықпас. (от)
Бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушылармен таныс болыңыздар:
1
2
3
1- кезең Мықты болсаң- тауып көр (тұрақты тіркестер)
1. бау

1 Ішек
2 Тон
3 Жиде
4 Жекет
Тонның ішкі бауындай – дос, тату
2. отырғызу

1 қар
2 су
3 мұз
4 Бу
Мұзға отырғызу- алдау,арбау
3. асу

1 Құлақ
2 Бет
3 Жақ
4 Ауыз
Құлақ асу-тыңдау, назар аудару
4. тістеді

1 Қол
2 Білек
3 Бармақ
4 Тырнақ
Бармағын тістеді өкінді
5. пышақ

1 Елу
2 Қырық
3 Алпыс
4 Жетпіс
Қырық пышақ болу араздасу, ұрысу
6. тарту

1 қан
2 жан
3 түр
4 мінез
Қанына тарту туысына ұқсау
7. саусақ

1 Ақ
2 қара
3 қызыл
4 сары
Ақ саусақ жалқау, еріншек
8. салысу

1 жылқы
2 Ат
3 сиыр
4 түйе
Ат салысу көмектесу

9. көтеру

1 шаш
2 моншақ
3 шашбау
4 мойын
Шашбауын көтеру жағымпаздану
2- кезең.Жүйрік болсаң шауып көр(мақал мәтелдер)
1. алтын

1 ел
2 жер
3 туған
4 мекен
Ел іші алтын бесік
2. бол

1 отбасы
2 досы
3 жары
4 баласы
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол
3. жауса

1 жігіт
2 батыр
3 сұлтан
4 ер
Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы
4. тұз

1 дос
2 құбы
3 туыс
4 жекжат
Досы жоқ адам,
Тұзы жоқ адам.
5. ысқырық

1 лақ
2 ешкі
3 төл
4 қой
Айдағаның бес ешкі ысқырығы жер жарады
6. көп

1 ес
2 арман
3 ой
4 жұлдыз
Естімеген елде көп
7. қайғы

1 жер
2 адам
3 мал
4 алтын
Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы
8. бала

1 мәдениет
2 ізет
3 әдеп
4 талғам
Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
9. көркі

1 Қыз
2 бала
3 бойжеткен
4 келіншек
Қыз елдің көркі,
Гүл жердің көркі.

3-кезең. Тапқыр болсаң тауып көр(көнерген сөздер)
1. қорамсақ

1 мылтық
2 найза
3 садақ
4 айбалта
Қорамсақ – садақтың жебесін салып белге байлайтын жеке-жеке ұясы бар оқ салғыш.
2. Ерулік

1 қала
2 ауыл
3 үй
4 жылқы
Ерулік – жаңадан көшіп келген үйді көрші қолаңның қонаққа шақыруы.

3. шаршы

1.киім
2 орамал
3 бұйым
4 аспап
Шаршы – ұзатылып бара жатқан қыздың өзінен кейінгі сіңлісіне орамалын беруі, аманат етуі
Жеңімпаздарды әділ қазы алқалары айтып өтеді.
Осымен сайыс сабағымыз аяқталды.
4 076
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Тілім менің тұтастығым тәрбие сағаты
Тілім менің тұтастығым тәрбие сағаты
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап
«Сөз мерген» интеллектуалды сайыс
«Сөз мерген» интеллектуалды сайыс
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, КММ «М. Әуезов атындағы орта мектебі» Бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Лаззат Кызылбаевна
Ана тілім – қанатым
Ана тілім – қанатым
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Сөз мерген
Сөз мерген
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×