Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз мерген

01 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Сөз мерген»
(Танымдық сайыс)
Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ана тілінің қадір - қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсінуге баулу. Ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. Тапсырмалар слайд арқылы беріледі.

Жүргізуші:
Сүйемін туған тілді, ана тілді,
Бесікте жатқанда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін – демекші, тіл - әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. Оны әр уақытта аялап, шұбарламай кейінгіге жеткізу – біздің борышымыз. «Сөз мерген» атты танымдық сайысқа қош келдіңіздер.

Жүргізуші:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар, - дей келе өзінің туған тілін жан - тәнімен жақсы көретін, баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап жүретін жалынды қыз, жігіттерімізді ортаға шақырайық.
Бүгінгі ойынымызға қатысатын оқушылармен таныс болыңыздар.

Жүргізуші: Сайысымыз 3 белестен тұрады:
1 - белес. Мықты болсаң, тауып көр.
(Тұрақты тіркестердің мағынасын табу).
2 - белес. Жүйрік болсаң, озып көр.
(Мақал - мәтелдер құрастыру).
3 - белес. Ойлы болсаң, озып көр.
(Сөздердің мағынасын ашу).

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын бір сәт ұлылардан қалған ойлы сөздерге құлақ салайық.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту» Бауыржан Момышұлы.
«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу – мәдениетсіздік» Мұхтар Әуезов.
«Түрлі - түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық» Ғабит Мүсірепов.
«Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздың ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік» Шерхан Мұртаза.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Тіл – халықтың тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз демекпін.
Бүгінгі ойынымыздың сарапшылармен таныс болыңыздар.

Жүргізуші: Ойынымыздың бірінші белесі «Мықты болсаң, тауып көр» деп аталады. Бұл белестің шарты бойынша ойыншылар берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрастырып мағынасын ашып айтып беру керек. Ендеше іске сәт деп бірінші белесімізді бастайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 748
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Сүйемін туған тілім - ана тілін
Сүйемін туған тілім - ана тілін
Жас ұрпақты ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өрісін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сөз мәйегі - мақал-мәтел
Сөз мәйегі - мақал-мәтел
Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер
Сөз мерген
Сөз мерген
Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін түсінуге баулу.
Ана тілім – қанатым
Ана тілім – қанатым
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Ана тілі – жүрек үні
Ана тілі – жүрек үні
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дарханбаева Айманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×