Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік Жылдарындағы Қазақ Әдебиеті

09 қараша 2017, Бейсенбі
Тәуелсіздік Жылдарындағы Қазақ Әдебиеті
Білімдік: оқушыларға тәуелсіздік алған жылдардан бергі қазақ әдебиетіне келген жаңа есімдер мен шығармалар жайлы түсінік беру. Олардың қаламынан шыққан әрбір шығарманың елінің егемендігі төңірегінде тарқатылған шер сияқты, жүрек жарды лебіздері мен тілектері туралы айту.
Дамытушылық: көркем шығарма оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, замандастарына деген құрмет сезімін, мақтаныш сезімін ұялату. Тәуелсіздік кезеңінде шыққан кітаптарды оқу, ой өрісін кеңейту.
Түрі: ізденіс, шығармашылық жұмыс
Әдісі: конференция - сабақ
Көрнекілігі: презентация, баяндамалар, кітап көрмесі

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды бөліп отырғызу.
Бір баяндамашы мен оны толықтыратын баяндамашылар.
ІІ. Кіріспе. Мұғалімнің конференцияны жүргізу тәртібі мен талаптары айтылады.
ІІІ. Баяндамашылардың сөздері.
IV. Пікірталас.
V. Конференцияны қорытындылау. Оқушылар баяндамасына баға беру.
Құрметті оқушылар, қатысушы мұғалімдер, қазылар алқасы бүгінгі қазақ әдебиеті пәні бойынша өтетін сабағымыз конференция - сабақ түрінде өтетін болғандықтан тәуелсіздік жылдарының әр жылдарындағы өзгерістер мен кіргізілген жаңалықтар жайлы баяндамашылар зерттеулерін қорғайды. Конференцияның өту тәртібі бойынша әр баяндамашыға 5 минут уақыт беріледі. Толықтырулар мен енгізулерге 3 минуттан уақыт белгіленеді.

Конференция барысында төрешілер алқасы сайланып, әр баяндамашының жұмысын сараптау. Үздік баяндамашыларды атап, оларды бағалау.
Алқа төрағасы:______________
Мүшелері:________________


Кіріспе бөлім. Мұғалім сөзі:
Бүгінгі Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықтың Отаны. Көшпенділердің рухын сақтаған Ұлы дала сан қилы оқиғаны басынан өткізді. Халықтың басына қандай қиындықтүссе де, еркіндікті аңсады. Халықтың бұл арманын Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н. Ә. Назарбаев шындыққа айналдырды. Оның қайраткерлігі – патриотизмнің, еңбексүйгіштікпен халыққа

қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болып табылады. Бүгінгі Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықтың Отаны. Көшпенділердің рухын сақтаған Ұлы дала сан қилы оқиғаны басынан өткізді. Халықтың басына қандай қиындық түссе де, еркіндікті аңсады. Халықтың бұл арманын Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н. Ә. Назарбаев шындыққа айналдырды. Оның қайраткерлігі – патриотизмнің, еңбек сүйгіштік пен халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болып табылады.

Тәуелсіздік – көп ғасыр бойы қазақ халқының көксеген арманы, оның мүддесі мен үмітінің жемісі, қазақстандық патриотизмнің нышаны. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, қазақстандық патриотизм мемлекеттің негізін қалаушы ұстанымдарына жатады. Патриотизм бастаулары өз отбасына, Отанына деген сүйіспеншілікте, ел тарихын терең меңгеруде, оның егемендігі мен өркендеуіне күш салған аға ұрпақтың еңбегін түсіну мен құрметтеуде көрінеді. ( «Тәуелсіздік толғауы» әдістемелік нұсқау) 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап қазақ әдебиеті «Тәуелсіздік» сөзімен қатар жазыла бастады. Тәуелсіздік кезеңі әдебиетке қандай жаңалық әкелді? Қандай өзгеріс, ерекшелік болды? Тәуелсіздік әдебиетке «жаңа» есімдер әкелді. Бұлар – азат ойдың иелері. Олар кімдер?

Дәл осы жылдары еліміздің экономикалық жағдайы да қара халыққа үлкен ауыртпашылық әкелді. Нарық кезеңінде ұлттық әдебиетке алтын көпір болып келіп, аға буыннан әдеби жалғастық эстафетасын үлкен сеніммен қабылдап алып, тұрмыстық жағдайға қарамай, тіршіліктің мың тірлігімен санаспай, әдебиетке адалдық танытқан бұлар – «өлара» кезеңнің қайсар сарбаздары еді. Тәуелсіздік алғаннан бері ата-мекеніне қандастарымыз келе бастады. Олар – қазақтың байырғы салт - дәстүрі мен тілін, дінін сары майдай сақтаған нағыз қазақы бауырларымыз. Олар – қазақ әдебиетіне үлкен серпіліс әкелді. Бұл талантты ақын - жазушы замандастарымызды бірінші, екінші онжылдық деп бөлетін болсақ келесі кестедегідей болады. Тақтаға қарап аталған адамдардың аты - жөні, шығармашылығы жайлы түсініктерін кеңейту.

Арқалық қаласы білім бөлімінің
«№2 жалпы орта білім беретін мектеп” ММ - нің мұғалімі
Кыпшакбаева Гульвира Куанышевна

Тәуелсіздік Жылдарындағы Қазақ Әдебиеті. жүктеу
7 284
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі
Қазақстанның даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана - сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Тәуелсіздік – тұғыры
Тәуелсіздік – тұғыры
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матина Жанар Ескендровна
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Желтоқсан
Желтоқсан
Тәуелсіздік мерекесіне арналған презентация
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×