Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спорт киім. Тұйық етістік

11 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Қазақ тілі 7 сынып
Орыс сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Спорт киім. Тұйық етістік
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға «Спорт киімдері» туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, жазбаша жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі. Суреттер, слайд, үйлестірмелі қағаздар.
Пән аралық байланыс: Орыс тілі, дене шынықтыру

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен сәлемдесу.
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын ата.
Әр орындалған тапсырмаларға стикерден беріп отырамын, сол стикер санына байланысты сендердің білімдеріңді бағалаймын, баға қоямын.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
1 - деңгей әңгіме жазу, Қандай тақырып өттік, Ашық рай, шартты рай қалай жасалады?

Жаңа сабақ: Бұл суретте не бейнеленген? Қандай киім?
Сонымен бүгінгі біздің өтетін лексикалық тақырыбымыз «Спорт киімі» грамматикалық тақырыбымыз «Тұйық етістік»
Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?
Гүлге мақсаттарын жазу бүгінгі сабақтың

А) Тыңдалым: Мәтін тыңдау.
Мәтін не жайында?
Жаңа сөздермен танысу.
Қарапайым – простая
Ыңғайлы, қолайлы – удобная
Үлгі – пример
Сәнді – красивый

Ә) Оқылым мәтінді оқу, іштей, дауыстап.
Спорт киімі қарапайым, қолайлы және ыңғайлы. Оны көшеге шыққанда, спорт залға барғанда киеді. «Спорт – бұл өмір» - деп санайды салауатты өмір салтын ұстанатындар. «Спорт – бұл тренд», - дейді дизайнерлер және оған сәйкес сәнді спорттық киімдер шығарады. Спорттық үлгідегі киімдерді кештерге, серуендеуге киіп барып, сәнді көрінуге болады.
Мәтін не жайында?

Б) Ассациация толтыру
Спорт киімі
В) Топтық жұмыс: Оқушылар топқа отырады. 1 - топ
Кітап беріледі оқушылар өздері тұйық етістікпен танысады. Оны өздері түсіндіреді.
Тұйық етістік дегеніміз не?
Қалай жасалады?
Тұйық етістік қалай түрленеді?
Сергіту сәті:

Г) Жазылым: 1 - тапсырма: 101 бет Тұйық етістіктерді табу. Түбір, жұрнақ, жалғауын табу.
4 - тапсырма102 бет: Тиісті жалғау қойып, етістіктің шақтарын анықтау.
Д) «Жәрмеңке ойыны» Оқушылар жәрмеңкеге қойылған заттарды сұрақтарға жауап беру арқылы сатып алады.
1. Спорттық киім қандай болады?
2. Тұйық етістік қалай жасалады?
3. Жүгіру етістігінен сөйлем құрастырыңыз?
4. Тұйық етістік қалай түрленеді?
5. ойнауды сөзін сөз құрамына талдаңыз.

Сабақты бекіту. Бүгінгі сабақта біз қандай тақырыппен таныстық? Ол жайында нені білдік?
Үй тапсырмасын беру.
1. «Жүгіру, секіру» сөздерін септеңіздер
2. «Ден шынықтыру сабағындағы киім» шағын шығарма жазып келу.

Рефлексия
«Сезім ағашы» Егер сабақты толық түсінсең қызыл алма іліңіз. Егер түсініксіз болса жасыл алманы іліңіз ағашқа.
Бағалау.

Спорт киім. Тұйық етістік. жүктеу
2 530
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойындар
Ойындар
Қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Олар: «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Асық», «Алтыбақан», «Қыз қуу», «Ақсүйек», «Бәйге», «Теңге ілу» және тағы басқалары. Қазақ халқының тұрмысы, салт - дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты.
Менің мектебім. Тәуелдік жалғау
Менің мектебім. Тәуелдік жалғау
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін кеңейту.
Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз? Тіркесті сөздер
Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз? Тіркесті сөздер
Сұрақтарға жауап беріңдер: - Сіз таңертеңгілік жаттығумен шұғылданасыз ба? - Сіздерде қай ойынды көбірек ойнайды?
Есімдік "Ұлттық ойындар"
Есімдік "Ұлттық ойындар"
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Большой Изюм орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жүнісова Салтанат Орымбайқызы
Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану
Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шильдебаева Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×