Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

20 қыркүйек 2018, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: етістік туралы берілген білімді ойын, дидактикалық материалдар арқылы еске түсіру, талдау, бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларға адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесін беру, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жолдастық қарым – қатынасқа үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
Сабақтың түрі: экологиялық - ертегі сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ассасация
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сөзжұмбақ, сызбалар, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, математика

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә) Назарларын сабаққа аудару.
б) Сыныпты үш топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
56 – жаттығуды тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
«Құпия» ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту.
1. 10. Зат есім дегеніміз не?
2. 20. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3. 30. Негізгі зат есім дегеніміз не?
4. 40. Туынды зат есім дегеніміз не?
5. 50. Тәуелдік жалғаулары деген не?
6. 60. Тәуелдік жалғаулары неше жақта айтылады?
7. 70. Көптік жалғауларын ата.
8. 80. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса: жылқы.
9. 90. Қалам сөзін тәуелде

ІV. Жаңа сабақ.
Ерте, ерте, ертеде жапан түзде достарына өкпелеп жалғыз ағаш өмір сүріпті. Ол 10 жасында ержетіп, 20 – сынды бұғанасы бекіп, 30 – да кемеліне келіп, 50 – ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп, оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?
- Ух, жаным – ай, жаным! Енді не қылайын! Жапырақтарым сыздайды, бұтақтарым
сырқырайды, жәрдем ете көріңдер, - деп, ағаш күні – түні зарлайды.
Оның даусын естіп, бір күні бір шағала ұшып келеді.
- Ата ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін, - деп ұша жөнеледі.
- Балалар, шағаламен бірге ағаштың ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық.
Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.

Сөзжұмбақ шешу.
- Мен сіздерге жұмбақтар жасырамын, ал сіздер сол жұмбақтың жауабын тауып,
торкөзге толтырасыңдар.
1. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар
Адам деуге болмайды,
Бірақ та сақалы бар. (ешкі)
2. Кірбигенді күлдіреді,
Көңіліңе күн кірер
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от)
3. Болса да көзі, жарықты көрмейді
Өзі бірақ та,
Көргіш – ақ түнде, құс па, бұл не? (үкі)
4. От басында құмған,
Екі көзін жұмған. (мысық)
5. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (кітап)
6. Тұмсығы мықты,
Кедір – бұдырдың бәрін
Тегістеп шықты. (үтік)
7. Күміс табақ дөңгелек
Аспанда жүр дөңгелеп. (күн)
Етістік. жүктеу
1 520
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістікті пысықтау
Етістікті пысықтау
Оқушылардың етістік туралы ұғымдарын пысықтай отырып, өздіктерінен жұмыс істеу қабілеттерін, ой - өрісін дамыту; Оқушылардың танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Сөз таптары
Сөз таптары
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қабдушова Балғаным Жалғасқызы
Сан есім
Сан есім
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×