Білімділер поралы

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла Абай Құнанбаев 1845 - 1904

Сабақтың тақырыбы: Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
Абай Құнанбаев 1845 - 1904

Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.
Әжесі Зере сүйікті немересін Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.

Абайдың әкесі - Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1802 жылы өмірге келеді. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Ол 81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде қажы атанған. Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан.

Абайдың әжесі - Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бойына ізгілік шуағын сепкен, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана.
Анасы Ұлжан – ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.

Зере әже көңілі кең, жүрегі нәзік адам болған. Абай әжесін қатты жақсы көреді. Күндіз де, түнде де ертегі айтқызады.

Абай әжесімен бірге:
“Е - е.. Бұлдыр - бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыда кім өткен?”– деп бастап, әңгіме сұраған тілегін осылайша бастайтын.

Абай қоғам өміріне, ел басқару ісіне араласты. Абай кез келген істің мәнін бейбіт түрде шешті.

Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді.

Абай орыс әдебиетімен Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады. Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған.

Пушкиннің “Евгений Онегин”қазақ тіліне аударады, әрі өзі “Татьянаның хаты” атты ән шығарды.

Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сияқты сазгердің маржан мұраларынан сусындап, әншілік - күйшілік өнерді ерекше бағалаған. Әнге, өнерге жаны құмар болған.
Абай күйлері: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.
Абай әндері: “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”, “Қор болды жаным”.

Абай тоғыз жасынан бастап өлең шығарған.
Балаларға арналған өлеңдері “Адам болам десеңіз”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Жазғытұрым”, “Күз”, “Қыс” т. б

Қорытындылау
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан пікірімен аяқтағым келеді.
Орындаған: Хавасханова Мукаддам
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла Абай Құнанбаев жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 41
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 41
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика