Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем мүшелері

20 қараша 2018, Сейсенбі
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.

Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы мүшелер - Сөйлем құрауға негіз болады.
Тұрлаусыз мүшелер - Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер.

● Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш - Сөйлемде айтылған ойдың иесі болатын мүше.
кім? не? кімдер? нелер?
кімі? несі? кімім? нем?
кіміңіз? неңіз? кіміміз?
неміз? кімдерің? нелерің?
кімдеріңіз? нелеріңіз?

Мысалы: Жазда күн өте ыстық болды.
Достарым осы жарыста жеңіп шықты.
Үшеуі сыртқа шықты.
Кеншілер сарайы адамға лық толы.

Баяндауыш - Сөйлемді тиянақтап тұратын мүше.
Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.
Мысалы:
Біз тауға шықтық.
Оның ойы үйге ертерек жету еді.
Оның алғаны – кітап.
Күн ыстық.
Оның түсі қара торы.
Ауыл мәдениеті өсіп келеді.

● Тұрлаусыз мүшелер
Анықтауыш - Сөйлемде басқа мүшелердің сын - сипатын анықтап тұратын мүше.
қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?

Толықтауыш – Сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше.
кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?

Пысықтауыш – Сөйлемде іс - қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін, т. б.) анықтайтын мүше.
қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты?
Сөйлем мүшелері жүктеу
40 158
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге машықтандыру. Дара және күрделі мүшелерді ажырата білу.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан - жақты толық мағлұмат беру; ә) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру; б) өз пікірін айтуға төселдіру, танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттыру.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелеріне түсінік беру бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екенін ұғындыру. Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері тұрлаусыз мүшелер екенін ұғындыру.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×