Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны

24 желтоқсан 2018, Дүйсенбі
Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған.
Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Сәкен жастайынан ән салып, өлең шығарып, өнерге әуестенумен бірге, саяси тартысқа ерте араласты. Сәкен өз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адалдықты, асқақтата жырлады.
Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған.
Анасы Жамал ертелі – кеш Сәкенге аңыз - әңгіме, ертегілер айтып берген.
Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.
Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», — деп, тоғыз жасында Нілді заводына жіберді. Сәкеннің жан – жақты білім алуы, азаматтық — әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы, шығармашылық қадамының басталуы оның 1908 – 1913 жылдары Ақмоладағы Приходская школада, қалалық училищеде, 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты.
1914 жылы Қазан қаласында С. Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады.
1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір — тұрмыс сырлары «Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттелген. Оның «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы және т. б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды.
Сазгер ретінде Сәкен Сейфуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты. 1936 жылы қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі С. Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, әлеуметтік ерекше қызметі ескеріліп, оған Еңбек Қызыл Ту ордені берілді. Сталиннің жеке басына табыну кеселінен жазықсыз жалаға – репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 25 ақпанда мерт болды. Әкесі Сейфолла да репрессияға ұшырады.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
С. Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды.
«Көкшетау» (1934), «Қызыл ат» (1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30 - жылдардың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың айрылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді.
С. Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.
«Жұбату» (1917) әңгімсі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С. Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғақ, кешу», атты тарихи - мемуарлық романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды. «Жер қазғандар», «Қыр балалары» атты хикаяттар жазды.
Өршіл рухты, әсем сазды әндер шығарды.

Үш бәйтерек - Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың топырағы. Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі теріскей, біреуі – күнгей шалғайында бір жыл туыпты. Үшеуі де бір жаздың майсасынан алғаш нәр татып, бір қыстың ызғарынан алғаш қар басыпты.
С. Сейфуллин атамекен болашағының нұрлы, жарқын болуын тіледі, барлық саналы ғұмырын, күш жігерін осы ізгілікті іске арнады. Сәкен айналасы жиырма жылдың ішінде қазақ дәулеті шалқыған, өнер - білімі гүлденген халықтардың қатарына қосуды армандады.
Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны жүктеу
3 473
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Сейфуллинге 129 жыл «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» әдеби кеш
Сәкен Сейфуллинге 129 жыл «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» әдеби кеш
Кештің мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы
Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы
Сакен Сейфуллиннің өмірнамасына шолу жасай отырып, әр оқушысы санасына еліне, жеріне, тіліне деген іңкәр сезімдері арқылы дарыту,
Сәкен Сейфуллин «Тұлпарым»
Сәкен Сейфуллин «Тұлпарым»
Ақтөбе обылысы Алға ауданы Жерұйық негізгі мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тлеуова Акнур
Сәкен Сейфуллин өмірбаяны, өлеңдері
Сәкен Сейфуллин өмірбаяны, өлеңдері
Сәкен Сейфуллин (1894-1938 жж.) Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×