Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожа» романы

30 желтоқсан 2018, Жексенбі
Ашық сабақ
Ж. Аймауытов «Қартқожа» романы
Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың ”Қартқожа’’ романы
Сабақтың мақсаты: 1. Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романының революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан – жақты бейнелеген реалистік шығарма екендігін таныту, роман мазмұнын меңгерту.
2: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ғылыми ізденіске дағдыландыру. Проблеманы шеше білу, ғылыми негізде дәлелдеуге қалыптастыру, білімділік дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету. Ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: іздендіру, сұрақ - жауап, талдау, мәтінмен жұмыс, саралау, болжам жасау.
Сабақтың типі: жаңа САБАҚ

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
IV). Жаңа сабаққа кіріспе. Оқушыларға алдын – ала Ж. Аймауытовтың “Қартқожа ” романын оқып, мазмұнын ұғыну тапсырылған.
V) Жаңа сабақ.
Мұғалім: Оқушылар! Сіздерге романды алдын – ала оқу тапсырылғандықтан роман жөнінде қысқаша түсінік беріп, талдау жұмыстарын жүргіземіз. (аудиотаспадан тыңдау). 728
Ж. Аймауытовтың “Қартқожа ”романы тұңғыш рет 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты. Бұл – қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезеңіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді. Әсіресе жазушы осы тартыстар талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, әлеуметтік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың негізгі кейіпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. Бұл автордың таптық позициясының өткірлігін және ұстамдылығын танытады. Шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шытырман оқиғаларға толы тұстарындағы қазақ ауылының өмірінің жалпы шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылы ақпан көтерілісіне ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі әлеуметтік күрестерге араласуы “Алашорданың ’’құрылуы мен ақ әскерлерінің большевиктерге қарсы күресі, Қазан төңкерісі мен азамат соғысының жеңісті оқиғалары роман сюжетіне желі боп кіреді. Шығарма қаһарманы Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп, есін жинап, ілгері басады, болашаққа қарайды.
Бас кейіпкер – Қартқожа өмірде болған адам, мұғалім болып, ұстаздық еткен екен. 1937 жылғы қанды қырғында мерт болған. Қартқожадан қалған ұрпақ - Төлеш Қартқожаұлы Тоғанбаев техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ауыл шаруашылығы институтында қызмет жасаған. VI) Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
• 1. Шығарма тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, білімге ұмтылу.
2. Шығарма идеясы: Революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан – жақты бейнелеген
3. Басталуы: Қартқожаны, оның отбасын суреттеуі, жоқшылық, зорлық, оқу оқуға талпыныс.

4. Дамуы: Жоқшылықтың зардабы, әкесінің өлуі, суыт хабар, елдің үрейі, дүрбелең.
5. Шиеленісуі: Жасаққа қосылу, 1916 жылғы солдатқа алыну, әскер өмірі.
6. Оқиғаның байланысы: Қараңғылықтан жарыққа ұмтылу, елге оралу, әділдік жолындағы күреске дайын азамат бейнесі, әмеңгерлік, оқу
7. Шарықтау шегі: Ақпан көтерілісі, елдегі күрес, ұстаз болу.
8. Шешімі: Орысша білім алуға ұмтылу, мақсатқа жету, елдегі тыныштық, оқыған азаматтың елге еңбек етуі.
9. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қартқожа, Жұман, Қартқожаның әжесі, Дәрмен, Андрей, Қасен, Полидуб.
10. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер: Тұңғышбай, жеңгесі, Кенжеқара, Шідербай, шәкірт, болыс, Имақан, Бәтіш, Гүлсім, қарындас, өшетіл, Бабатай.
11. Шығарма жазылған әдеби бағыт: сыншыл реализм; жанры – проза. Негізгі кейіпкердің есею, өсу жолдарына талдау... 1 2 3 4 5 6
1 – Ойын баласы(10 - 11 шамасында), молдадан хат танушы.
2 - Жас жігіт. Бала оқытушы.
3 - Жасақ мүшесі.
4 - Майданда жүзбасы.
5 - Оқушы, білім нәрімен сусындаушы.
6 - Ұстаз, арманына жеткен ел азаматы.

Алматы облысы, Іле ауданы,
«№7 орта мектеп» МКМ
Пән мұғалімі: Рахимова Н. Н.
Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожа» романы жүктеу
9 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ж. Аймауытов Қартқожа романы
Ж. Аймауытов Қартқожа романы
Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша - қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету;
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы. романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту, өздерінше ой
Ж. Аймауытов Қартқожа
Ж. Аймауытов Қартқожа
Көркем шығарманы талдай білуге төселеді, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғауға дағдыланады. Шығарманың көркемдік ерекшеліктерін сипаттай алады.
Жүсіпбек Аймауытов «Құштарлық»
Жүсіпбек Аймауытов «Құштарлық»
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рахманова Қасиет Байдашқызы
Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту
Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын оқыту
Балпық би кентіндегі қазақ орта – мектеп гимназиясының қазақ тіл мен әдебиеті пәні мұғалімі Базилова Динара Мауленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×