Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шөмішбай Сариевтің өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән - өлеңдер.

27 мам 2019, Дүйсенбі
Ғылыми жобаның тақырыбы: Шөмішбай Сариевтің өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән-өлеңдер.
Зерттеуші: 7 - сынып оқушысы Жақсылық Раушан
Жоба жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Медеубаева Ақгүл

Тақырыптың өзектілігі: Шөмішбай шығармаларындағы ғибраттық мәні бар асыл сөздерді ұрпақ санасында мәңгі сақтауға үлес қосу. Ақын өмір сүрген қоғам мен бүгінгі күнді байланыстыра қарастыру арқылы дәуір сабақтастығын ашып көрсету.
Күтілетін нәтиже: Ақынның әдеби мұраларын кеңінен насихаттау;

Мазмұны
Кіріспе
Шөмішбай Сариев өмірінен бір үзік сыр....
І тарау. Шөмішбай Сариевтің өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән - өлеңдер
1. 1. Президент бастамасы бойынша “Мәдени мұра” бағдарлама аясында “Қорқыт ата” кітабына ән жинақтың енуі.
1. 2. Жинаққа енген ән - өлеңдер.
ІІ Тарау Ән және Шөмішбай өлеңдері.
2. 1. Шөмішбай өлеңдеріне жазылған үздік әуендер.
2. 2. Ақын өлеңдерінің ерекшеліктері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жетті Күнім, жетті қанат талдырып,
Ғасырларға даусым жетер жаңғырып.
Тәуелсіздік ескерткішке ант етем,
Мен - қазақпын! Мен Азатпын мәңгілік!

Шөмішбай Сариев.
Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ - дің журналистика факультетін бітірген. 1970 – 1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА - ның М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. «XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монография жазған. Қазір М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер.

Ақынның ән - өлеңдерін тақырыбы мен мазмұнына қарай бірнеше топқа бөліп сөз етуге болады. Олардың қатарында бірінші көзге түсетіні – Отан, ел, жер, ұлт, халық жөніндегі патриоттық әндер. Мұндай әндер тәуелсіз елдің өскелең ұрпағын Отанды, ұлтты сүюге баулитыны анық. Осы мақсатта жоғары пафоспен жазылған әндердің қатарында жинақтың беташары ретінде берілген Қазақстанның халық артісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Рымбаеваның орындауындағы «Айналдым сенен, атамекен - ай!» ән - өлеңінен мысал келтіруге болады.

Айналдым сені - ай, атамекен - ай!
Кең далам!
Толғанайын,
Толғайын.
Домбырам
Қолға алайын,
Жырлайын.
Қазағымның даласындай,
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені - ай, АТАМЕКЕН - АЙ!

Қымбатты даламыздай,
Сымбатты анамыздай,
Айналдым сені - ай, АТАМЕКЕН - АЙ!
Арымдай,
Тірегімдей,
Жанымдай,
Жүрегімдей,
Айналдым сені - ай, АТАМЕКЕН - АЙ!
Шөмішбай Сариевтің өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән - өлеңдер. жүктеу
3 472
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Дөнентаев шығармалары. «Заман кімдікі?», «Бозторғай» өлеңдері. «Ой» фельетоны
Сәбит Дөнентаев шығармалары. «Заман кімдікі?», «Бозторғай» өлеңдері. «Ой» фельетоны
Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысып, өлеңдеріне талдау жасауды үйренеді, лириканың ерекшелігін біліп шығады.
Ш. Құдайбердіұлы «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Кәрілік туралы» өлеңдері
Ш. Құдайбердіұлы «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Кәрілік туралы» өлеңдері
Шәкәрімнің жалпы шығармашылығы туралы түсініктерін толықтыру. Соның ішінде өлеңдеріне тоқталып, «Жастарға» өлеңінің терең мазмұнды реалистік шығарма екенін түсіндіре отырып, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру;
Біздің елдің жігіттері
Біздің елдің жігіттері
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен ММ математика пәнінің мұғалімі Керимбаева Жанар Тайырқызы
Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев
Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы Марат Қаниев Амандықұлы
Сөнбес жұлдыздар
Сөнбес жұлдыздар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы»ММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Муханмедиева Шынар Муханмедиевна
Сартай батырдың өшпес ерліктері
Сартай батырдың өшпес ерліктері
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №165 С.Сейфуллин атындағы мектеп Тақырыбы: Сартай батырдың өшпес ерліктері Орындаған: Балдақов Нұрдәулет 11б сынып оқушысы Бағыты: Қазақстан өңірінің тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×