Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат тамашасы. Есімдік

06 наурыз 2013, Сәрсенбі
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік мақсаты: Ауызекі сөйлеу тілінде қажеттілік тудыратын есімдік жайлы түсініктерін қалыптастыру, білім дағдыларын кеңейту
2) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін, тілін, ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту
3) Тәрбиелік мақсаты: Тілге деген ынтасын молайту, адамгершілік қасиеттерге баулып, туған жер табиғатын қорғайтын азаматтарды тәрбиелеу
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызба - кестелер, үлестірмелі кеспе қағаздар
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру, ойын сабағы, іздендіру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: дидактикалық ойын әдісі, сұрақ - жауап, топтық

Сабақтың барысы:
Психологиялық даярлық: «Жүректен жүрекке»
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.
- Мына суреттен не көрдік?
- Табиғат көрінісі қандай?
- Табиғаттың қандай болғанын қалайсыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар? Қай аймақтың табиғаты ең сұлу? Әрине бұл Шығыс Қазақстанның табиғаты.
- Әрине, тамаша табиғатты қалаймыз,- дей отырып, бүгінгі тақырып
«Табиғат тамашасы» және «Есімдік» болатындығымен таныстыру.

2. Жетек сұрақтар қоя отырып, сөз таптарын еске түсіру.
Оқушыларға тақтадағы сөйлемнен зат есім, сын есім, сан есім, етістік сөз таптарын анықтату.
Жақында біздің үлкен мектепке жүз жыл толады.
Сөз таптарын саралап айтқыза отырып, келесі сөз табы есімдік
екенін айту.
Есімдік – зат есім, сан есім, сын есімнің орнына жұмсалатын сөз табы. Мағынасына қарай есімдік жеті түрге бөлінеді:
Жіктеу есімдігі: адаммен байланысты болады /мен, сен, сіз, ол/
Сілтеу есімдігі: / бұл, осы, анау, мынау, сонау, ана/
Сұрау есімдігі: кім? не? неше? қанша? қандай? қалай? қашан?
Өздік есімдігі: өзім, өзің, өзі, өзіміз, өздерінің, өз сөзі жатады
Белгісіздік есімдігі: бір, әр, әлде
Болымсыздық есімдігі: емес, жоқ
Жалпылау есімдігі: бәрі, барлық, барша, бар, бүкіл, түгел
Жаңа сабақ кезеңі:
Келесі кезекте туған жер табиғатына саяхат жасалатындығы, ол үшін жолда кездесетін қақпа туралы айту.
Сынып екі топқа бөлінеді. / топтың аты, ұраны/
І топ: Алғырлар
ІІ топ: Тапқырлар
Тақтада «Алтын қақпа» ойынының кезеңдері шығарылады
«Алтын қақпа» ойынының кезеңдері:
• «Тас қақпа» – Зерттеушілік кезең
• «Қола қақпа» – Ізденушілік кезеңі
• «Күміс қақпа» – Тәжірибелік кезең
• «Алтын қақпа» – Шығармашылық кезеңі
• Қорытынды. “Жері байдың - елі бай ”
Ойынның барысы:
• «Тас қақпа» – Зерттеушілік кезең.
Тас қақпа тапсырмасы:
1. Сөздік жұмысы
Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдер құрау.
Шарты: 2 топты жарыстыра берілген сызбалар бойынша есімдікті қосып сөз тіркесін құру.
Есімдік + зат есім Есімдік + сын есім
Зертте:
Түсініктерін тексеру мақсатында алдарына семантикалық карта үлестіріледі. Сөздерді тиісті ұяшықтарға орналастыру. Есімдік қатарын 2 топ дауыстап оқып береді.

Сөздер Зат есім Сын есім Сан есім Есімдік
Бәрі
Біздің
Сымбатты
Мынау
Тәтті
Сен
Осы
екі
Он төрт
«Тас қақпа» кезеңі тамамдалып, «Қола қақпа» – Ізденушілік кезеңінің басталғанын жариялау. «Қола қақпа» – Ізденушілік кезеңінің шартымен таныстыру.
Шарты: I тапсырмасы:
Берілген сұрақтардағы орыс сөздерін аудару, сол сұрақтарға есімдіктерді қатыстыра, жауап беру.
- Алматы көлі туралы /что /білесің? /Алматы көлі туралы барлық кітаптарда жазылған/
-/Это /көл /тебе/ ұнай ма? / Бұл көл өзіме қатты ұнайды/
-/Этот/ жерді /какой/ саяхатшы аралаған? / Сол жерді неше саяхатшы аралаған?/
- Алатау өңірінде /ты/ болдың ба? /Алатау өңірінде өзім болдым/
II тапсырмасы:
Берілген өлеңдегі есімдікті анықтау, басқа есімдіктермен алмастыру.

Ақсу, Көксу, Қарасу,
Бұл сумен түстеп танысу.
Ырғыз, Торғай, Аякөз,
Сай - саланың бәрі – су
«Қола қақпа» кезеңінің аяқталғанын жариялай отырып,
«Күміс қақпа» тәжірибелік кезеңінің басталғанын хабарлау. «Күміс қақпа» кезеңінің шартымен таныстыру.
1. Табиғат........... байлығымыз. Барыс........... жерді мекендейді? Табиғатты қорғау -.......... адамның борышы.......... қорықта су құстары мекендейді.
....... Қазақстанның қай жерінде тұрасың? Зайсан көлінде........... балықтың түрлері бар.
Қажетті сөздер: осы, мына, барлық, біздің, барша, сен.

2. Жұмбақтар шешу, есімдік табу
Өзі үлбіреп тұр,
Мұртының тиген жері күлдіреп тұр. (гүл)

Сыртым - қызыл, өзім - ақ, денем топтай,
Шешіндірсең, жылатам ұрмай - соқпай. (пияз)

«Күміс қақпа» кезеңінің аяқталып, «Алтын қақпа» кезеңінің басталғанын айту.
«Алтын қақпа» – Шығармашылық кезеңінің шартымен таныстыру.
Шарты: Берілген сызба бойынша шағын әңгіме жазу

Сабақты бекіту: Тест арқылы алған білімдерін бекіту.
Тест
1. Есімдік қандай сөз табы?
А) Заттың сынын білдіреді
Ә) Есім сөздер орнына қолданылады *
Б) Заттың атын білдіреді

2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 7
Ә) 5
Б) 6

3. Сан есімдерді белгіле
А) он бір, табиғат, сары
Ә) адам, оқушы, жеті
Б) алты, он бір, екі мың екі

4. Дара сын есімдерді көрсет
А) қызыл ала, қара шұбар
Ә) ақ, қара, ащы
Б) қара көк, сұлу, сары

5. Жалқы зат есімдерді анықта
А) Астан, Мұхтар, Ұлан
Ә) қала, оқушы, сана
Б) Көксу, ой, газет

6. Зат есім қандай сөз табы?
А) заттың қимылын білдіреді
Ә) заттың атын білдіреді
Б) заттың санын білдіреді

7. Жинақтық сан есімдерді тап
А) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз
Ә) үшеу, сегіз, он
Б) біреу, екеу, жетеу

8. Сан есімнің сұрағын анықта
А) қандай, қай, кімнің?
Ә) қанша, неше, нешінші
Б) кім, не, несі

Сабақты қорытындылау: «Жері байдың - елі бай» қанатты сөзбен оқушылардың ойын түйіндеу. Еліміздің табиғатын қорғап, көркейтетін азаматтар болуына тілек білдіру.
Үй тапсырмасын беру: Оқулықтағы 4 - тапсырма. Берілген есімдіктермен сөз тіркестерін құрау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған өлкем
Туған өлкем
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Оқушылардың ақыл ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының географиялық орны, табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары жөніндегі түсінік беріп, білім негізін қалыптастыру.
Көктем
Көктем
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру. Оқушылардың туған елін, жерін сүюге, табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.
Таза ауамен демалайық
Таза ауамен демалайық
Сабақтың міндеттері: 1. Бурабай көлінің тамаша табиғатымен таныса отыра жан - жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, жаңа сөздермен танысып, грамматикалық тақырыпты қайталау арқылы білімдерін пысықтау.
Есімдік "Ұлттық ойындар"
Есімдік "Ұлттық ойындар"
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Большой Изюм орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жүнісова Салтанат Орымбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×