Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есімнің мағыналық топтарын қайталау

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Қазақ тілі 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық топтарын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: сан есімнің мағыналық топтарын түсіндіріп талдау, мәні мен мағынасын талқылау, сан есімдердің түрлерін ажырата білуге үйрету.
2. Дамытушылық: оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, тест тапсырмаларының түрлерін орындай білуге, шығармашылық іскерлігін арттыруға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, білімді жинақтау.
Сабақтың тәсілі: сұрақ – жауап, өз бетімен және топпен жұмыс істеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар мен флипчарт парақтары, үлестірмелі карточкалар, тест тапсырмалары, сөз жұмбақ, кластер, кубиктер, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың барсы:
І. Оқу - жұмысын ұйымдастыру:
1. Оқушылармен амандасып отырғызу;
- оқушыларды өзіммен таныстыру;
- сабаққа дайындықтарын қадағалау;
- сабақтың мақсатымен таныстыру;
- сабақты жүргізу үшін сыныпты үш топқа бөлу;
2. Оқушылармен келісім жасасу: сыныпты топтарға бөлеміз, бірақ бұл сайыс сабағы емес. Мақсатымыз топтағы әр оқушының қалай жұмыс атқаратынын бақылау, сонымен қатар оқушылардың бір - біріне қандай дәрежеде көмек көрсете алатынын қадағалау. Әр жұмыстың нәтижесін топ басшылары бағалау парағына белгілеп отырады, соның нәтижесі арқылы сабақ соңында тиісті бағалары қойылады.

ІІ. Оқу - жұмысының барысы:
1 - тапсырма:
Оқушылар «Кубизм» тәсілі арқылы өткен сабақты пысықтап шығады.
Көк 1. Сан есім дегеніміз не?
Қоңыр - қызыл 2. Сан есімнің мағыналық топтары
Жасыл 3. Жұрнақ арқылы жасалатын сан есімді ата.
Қызыл 4. Дара сан есім мен күрделі сан есім.
Сары 5. Қарсыласыңның сұрағы.
Қара 6.. Мақал айт.
2 - тапсырма:
Талдау жұмыстары үлестірмелі карточкалар арқылы жүргізіледі:
А) Фонетикалық талдау. Әр топқа сандары жасырынған математикалық талдаудың үлгісі беріледі.
Ә) Лексика – грамматикалық талдау. Бесінші, қырық шақты, екі - екіден
3 - тапсырма:
Сөз жұмбақ шешу. Ал оқушылар сөз жұмбақты орындау үшін ішінде сан есімдері бар мақал – мәтелдерімізді еске түсіруге тырысайық.
1. Болар бала...... бас болар,
Болмас бала қырық бесінде жас болар.
2.... ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
3....... мүшең сау болса,
Сәулет емей немене?!
4. Би... болса, дау төртеу болады.
5. Ойнап босқа күлуге,
... нәрседен қашық бол.
6. Білекті... жығады,
Білімді мыңды жығады.
7. Ер бір рет өледі,
Ез... рет өледі.

4 - тапсырма:
Сан есім тақырыбы бойынша тест жұмысын орындаймыз. Тест барысында тестің келесі түрлері қолданылады:
А) Жабық тест
Ә) Сәйкестік тест
Б) Толықтыру тест

5 - тапсырма:
Шығармашылық жұмыс.
Әр топ оқушылары белгілі сан есімдерді қатыстыра отырып өлең жолдарын құрастыру қажет.
6 - тапсырма:
Бүгінгі сабағымыздан алған білімімізді жинақтап қорыту үшін кластерді толтырып шығайық.


ІІІ. Оқушылардың бағалау парақтары бойынша сабаққа белсенді қатысқан балалардың тиісті бағаларын қою.
ІҮ. Үй жұмысы:
Құрамында сан есімдері бар он мақал – мәтел жазып, сан есімнің түрлерін ажырат.
Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар. Бір - есептік сан есім.
Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық - он саулық. Бірінші, екінші, үшінші - реттік сан есім.

Мақал - мәтелдер
1. Болар бала...... бас болар,
Болмас бала қырық бесінде жас болар.
2.... ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
3....... мүшең сау болса,
Сәулет емей немене?!
4. Би... болса, дау төртеу болады.
5. Ойнап босқа күлуге,
... нәрседен қашық бол.
6. Білекті... жығады,
Білімді мыңды жығады.
7. Ер бір рет өледі,
Ез... рет өледі.

І – нұсқа
1. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек екендігін көрсет.
Қапты екі екіден көтеріңдер.
А) Үтір.
В) Сызықша.
С) Дефис.
Д) Нүкте.
2. Бөлшектік сан есімді табыңыз.
А) Жүздеген, он шақты.
В) Оннан бес, екіден бір.
С) Мұным, менің.
Д) Екеуі, қырық бес.
3. Сәйкес сөздерді тап.
А) Есептік сан есім бесінші, он тоғызыншы
В) Болжалдық сан есім екі жарым, үштен бір
С) Жинақтық сан есім мың, жиырма сегіз
4. Сәйкес қосымшаны тап.
А) Болжалдық сан есім - ау,- еу.
В) Реттік сан есім - ым,- ім,- м.
С) Жинақтық сан есім - лар, - лер.
5. Берілген сөйлемді толықтырып, жұмбақты шеш.
Егіздер кезікпейді бір - бірі...,
Арасы екі - ақ елі бір - бірі....
(- нен,- мен) ( екі көз)

ІІ - нұсқа
1. Дара сан есімді көрсетіңіз.
А) Жеті, екі.
В) Ақ, тарғыл.
С) Үштен бір.
Д) Он сегіз.
2. Реттік сан есімді көрсетіңіз.
А) Төрттен бір.
В) Тоғыз.
С) Алтау.
Д) Бірінші.
3. Сәйкес сөздерді тап.
А) Жинақтық сан есім төрт, бес.
В) Топтау сан есім екінші, қырық бірінші.
С) Болжалдық сан есім біреу, жетеу.
4. Сәйкес қосымшаны тап.
А) Топтау сан есім - ларда, - лерде.
В) Болжалдық сан есім - дар,- дер.
С) Жинақтық сан есім - ты,- ті.
5. Берілген сөйлемді толықтыр.
Атадан - алт..., анадан - төрт..., жалғыздық көрер жерім жоқ (Абай).
(- еу,- ау).

ІІІ - нұсқа
1. Болжалды сан есімді көрсетіңіз.
А) Елудей, ондай.
В) Онның бірі.
С) Бесінші.
Д) Жетеу.
2. Сан есімді лайықты сөзімен тіркестір. Бір қайнатым...
А) ет.
В) сөз.
С) шай.
Д) нан.
3. Сәйкес сөздерді тап.
А) Сан есім біреу, адам.
В) Сын есім біреу, екеу.
С) Есімдік келген, оқыған.
4. Сәйкес қосымшаны тап.
А) Бөлшектік сан есім - дің,- дың.
В) Топтау сан есім - ау,- еу.
С) Есептік сан есім - дан,- ден.
5. Берілген сөйлемдерді толықтыр.
Тоқсан... әрі кетті, жүз... де асты.
(- ге, - нан).
10 477
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлерін біледі, сөйлем ішінен таба алады.
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат бере отырып, ұқсас қосымшаларды, бір - бірінен ерекшелігін ажырата білуге үйрету. Танымдық қызығушылықтарын ояту.
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып №1 билет 1. Сын есімнің шырайлары
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есімнің мағыналық түрлерін таныстыру, есептік және реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыра білуге үйрету, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру.
Сан есімдердің біздің өміріміздегі маңызы
Сан есімдердің біздің өміріміздегі маңызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жекеева Гүлнар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×