Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезов "Ақын қонақтар"

15 маусым 2013, Сенбі
I. Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мұхтар Әуезов туралы деректер, Абай шығармашылығына тоқталу, Мұхтар мен Абай
сабақтастығын түсіндіру, шығарманың мазмұнын меңгерту
Тәрбиелілік: Өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, тілге деген оқушының сезімін ояту, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеу.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, өмірге деген көзқарасын дамыту, шығармашылық
белсенділігін шыңдау, мәнерлеп оқыту, мәтінмен жұмыс істеуін дамыту
III. Түрі: дәстүрлі емес сабақ
IV. Әдісі: сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс
V. Көрнекі құралдар: Абай, Мұхтар портреттері, «Абай жолы» роман -
эпопеясының томдық жинағы, Абай энциклопедиясы,
мультимедиалық слайдтар
VI. Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу
- Оқу - құралдарын тексеру

II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ертегілер туралы түсінік
2. «Ертеде жетім бала болыпты...» деп басталатын ертегі құрып келу.
VII. Зымыран сұрақтар:
1. Ертегілерде нелер баяндалады?
2. Ертегілер бізге қалай жеткен?
3. Ертегілердің қанша түрі бар?
4. Хайуанаттар туралы ертегілер деген не?
5. Қиял – ғажайып ертегілер деген не?
6. Шыншыл ертегілер деген не?
7. Ертегілердің тәрбиелік мәні қандай?
8. Ертегілердің құрылысы қалай болып келеді?
Оқушылардың ойдан жазып келген жетім туралы ертегілерін оқытамын.
- Жетім демекші, оқушылар, жетім туралы қандай әңгіме, шығармалар, мақал - мәтелдер білесіңдер. Қане, кім айтады?
- Жетім көрсең, жебей жүр.
Егілмеген жер жетім,
Елінен айырылған ер жетім.
Әкесіз жетім жарым жетім,
Шешесіз жетім нағыз жетім.
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім
- Өте жақсы, ал енді қандай әңгіме білеміз?
- Біз 4 - сыныпта «Жетім» әңгімесін оқыдық.
- Дұрыс, ол әңгіменің авторы кім еді?
- М. Әуезов
- Олай болса, біз бүгін М. Әуезов өмірімен және «Ақын қонақтар» әңгімесімен танысамыз.

III. Жаңа сабаққа дайындық
1. Мұхтар Әуезов туралы деректерді түсіндіру.
2. «Абай жолы» эпопеясы туралы
3. Абай туралы мәліметті толықтыру
4. «Ақын қонақтар» әңгімесіне тоқталу

М. Әуезов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей өңірі, Шыңғыстау бауырында, Абай ауылында дүниеге келген. Мұхтар атасы Әуездің тәрбиесінде болады. Әуез атасы немересінің алғырлығын, зеректігін байқаған бойда, Абай өлеңдерін жаттатып, сөз қадірін үйретеді. Сөйтіп бала Мұхтар Абай рухымен ержетеді.

Содан барлық өмірін Абайға арнады. Яғни «Абай жолы» романын жазып, қазақ халқын, оның биік рухын, мәдениетін, салт - дәстүр, тұрмыс - тіршілігін танытты. М. Әуезовтің «Абай жолын» оқыған адам тебіренбей қоймайды. Сөйтіп жиырмасыншы ғасырдың ұлы шығармасы туралы жер жүзінің жазушылары таңданып, таңдай қағысты.

“Мұхтар Әуезов – ақын. Ол өзінің далалары мен тауларын, адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнеледі. Әуезовтей кісі жырлаған халық шынымен бақытты ғой” Бержерон (француз жазушысы)

“Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі – “Манас”, бірі – Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы”” Шыңғыс Айтматов.

Сонымен бүгін өздеріңмен жасы қарайлас Абай мінезін танып, үлгі алып, анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің аналық мейірімдерін, Барлас пен Байкөкше ақындарға халықтың ықылас пейілін, ақын қонақтарын риза ғып аттандырған анасына Абайдың қуануы нанымды, табиғи суреттелгенін көреміз.

Әңгіменің толық мазмұнымен танысу үшін оқушыларға үйден оқып келу тапсырылған еді. Сондықтан мына жоспар бойынша жұмыстанамыз:
Жоспар:
1. Он үштегі Абайдың науқас күйі
2. Әңгімешіл аналар
3. Ақын қонақтар
4. Дертке табылған ем
5. Ақындарға берілген сый

VIII. Ой қозғау: Төмендегі жетекші сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын
оқушылармен бірге ашамын.

1. Мәтінде Абайдың сыртқы келбеті қалай суреттелген?
2. Ол өзіне ермекке кімді тапты?
3. Әсіресе ертегіні кімнен сұрайды, ол қалай деп бастаушы еді?
4. Ал әжесі шаршаса, кімнен әңгіме, ертегі айтуын өтінетін еді?
5. Абай қос анаға не оқып беруші еді?
6. Күндердің күнінде Абайдың үйіне кімдер келді?
7. Барластың сипатын айт және ол несімен Абайға ұнады?
8. Барлас Байкөкшеге не деп айтты?
9. Ақын қонақтардың келуі Абайдың ауруына ем болды ма?
Сонымен осы әңгімеден болашақ ақынның, яғни Абайдың өз халқының ертегі - жырларының, өнерлі ақындарының, абзал аналарының әдемі әңгімелерінің жылы әсерінен, рухани қуатынан нәр алып өскенін оқып білдік.

Абай – ақын, сазгер, аудармашы, дастаншы, ғұлама - ойшыл, гуманист, ағартушы.
- Абайдың қандай өлеңдері мен әндерін білесіздер?
- Қыс, Күз, Жазғытұры, Ғылым таппай мақтанба, Әсемпаз болма әрнеге т. б.
Білетін өлеңдерінен қысқаша айтқызамын.
- Сонымен, Абай сазгер екен, ал ендеше, қандай әнін білесіздер?
- "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай" т. б
Әнін білетін бір оқушы айтады.
- «Ақын қонақтар» әңгімесінде сіздер түсінбейтін сөздер бар, сондықтан сөздікпен жұмыс жасаймыз.

IX. Сөздікпен жұмыс:
1. Тәуір болу - жазыла бастау
2. Елдің шабысы – ел ішіндегі дау-дамай, қақтығыс
3. Қажымай – шаршамай
4. Қош алу - келісу
5. Қан базардай - өте көп адамдар
6. Термелеу – белгілі бір мақамға алып орындау
7. Ұғымтал – түсінікті
8. Сүле науқас – созылмалы дерт, ауру
9. Құлан таза болып арылу - толық жазылу
10. Ырым байлау – құрмет көрсету
11. Жетекке алу – жылқыларды жетектеп кету
12. Дән риза – қатты разы болу
X. Әдеби - теориялық ұғым:
Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын суреттеуді портрет дейді.

XI. Оқулықпен жұмыс:
Абай мен Барластың портретін тауып оқиды.

XII. Семантикалық картамен жұмыс:
Иесін тап:
№ Кейіпкерлер сөзінен үзінділер -----------------------------Зере------ Ұлжан ------Абай ----- Барлас ----- Байкөкше
1 Е - е, бұлдыр - бұлдыр күн өткен...
2 Ал, балам, әңгіме - жырдың дүкені жаңа келді...
3 Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген...
4 Жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы...
5 Шырағым, ер жетерсің...
6 Келген сапарларыңа азырақ ырым байлаттым...

XIII. Бекіту:
1) Кейіпкерлер әлеміне шолу:
М. Әуезов «Абай жолы»
2) Талап қыл, ыждағатпен бас қадамды:
1. Әжесі Зеренің айтқандары:
Ертегі, аңыздар Басынан кешкендері
2. Анасы Ұлжанның айтқандары:
Өлеңді сөздер
3. Ақын қонақтардың айтқандары:
Жыр Бата - тілек

XIV. Үйге тапсырма:
1. “Ақын қонақтар” әңгімесіне сценарий құру.
2. Түсінік айту
3. Сөздікпен жұмысты дәптерге жазу.
4. Портрет анықтамасын жаттау
XV. Бағалау
47 114
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, өз елін, туған жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Бала Мұхтар мен Абай
Бала Мұхтар мен Абай
Абай мен Мұхтар жайлы мәлімет беру. Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Түсінгендерін қысқа, әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.
Жетім Мұхтар Әуезов
Жетім Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру;
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
М. Әуезов "Ақын қонақтар"
Мұхтар Әуезовтың өмірімен танысады. «Ақын қонақтар» әңгімесін оқиды, талдайды, мазмұнын ашады.
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уткельбаева Айгуль Макажановна
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Жәрімбетов ауылы, "Алғабас" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаримбетова Алуа Шалбаевна Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×