Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Проза тілі мен поэзия тілінің ерекшелігі

22 қараша 2013, Жұма
Проза тілі мен поэзия тілінің ерекшелігі.

Көркем әдебиетте тілдік ерекшелікте, сөйлем құраудағы өзіндік критерийлер айқын байқалады. Проза мен поэзия тілдері жалпы тілден бөлек тұрған жеке категория емес, оларда тілдің жалпы заңдылықтарына бағынады. Дегенмен, проза мен поэзия тілдеріндегі негізгі ерекшелік - ойды жеткізу үшін құрылған сөйлемдердің құрылымында, сөйлемдердің сыртқы формасында.
«Өлеңді сөйлем - ерекше сөйлем,» - дейді Р. Сыздықова. Поэзия тілін ерекшелендіретін негізгі фактор ұйқас, өлшем, ырғақ. Мысалы:
Мен де оны бір кезде
Етігінен танығам
Қадай басып өкшесін
Далама кеп қаңғыған.

Осы 4 тармақты, 7 буынды шумақта екі сөйлем бар, яки екі ой айтылған. Ал қара сөзбен жазылған сөйлемдердің буын санын анықтау тіпті мүмкін емес. Сонымен, өлеңді сөздердің қара сөзден айырылатын белгілері - өлеңнің жеке - жеке, қысқа - қысқа жолдарға, яки тармақтарға бөлінуі және сол жолдардың өз ара белгілі бір ырғақта, ұйқаста, өлшемде келуі.
Бұл ерекшеліктер туралы орыс тілінің өлең құрылысын зерттеуші ғалымдар Б. В. Томашевский, Н. С Поспелов, Б. Эйхенбаум баса айтады.
«Чтобы определить, в чем именно разница между стихами и прозой, необходимо определить характер речевых единиц. Дело не в том, что одна форма речи членима, а другая нет. Членятця и стихи и проза, но механизм этого членения, несомненно, розличен» - деп жазады Б. В. Томашевский.

Қазақ халқының ұлы перзенті өзінің «Әдебиет танытқышында» өлеңді сөздің ерекшелігін қарапайым да ұғынықты етіп былайша баяндайды: «Сөздің өлең болып, көңілге ұнап, реттілігінен туатын қасиет сөзді айтқан кезде сағаттың шық - шық жүргені сияқты, дауыстың бір түрлі ырғақ – ырғағы болады. Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылады. Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы, теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады. Бұл ырғақ сөйлем ішіндегі буын санының бірдейлігімен келетін ырғақ». Осы тәріздес пікірді әдебиет теориясына байланысты еңбегінде профессор Қ. Жұмалиев те айтады: «өлең сөйлемдердің буын, бунақтарын алсақ, белгілі бір тәртіпке бағынатынын көреміз, егер ол тәртіп бұзылса, сөйлем өлеңдік қасиетінен айырылады. Демек, бұл өлең құрылысының өзіне тән бір заңдылығы барлығын аңғартады».

Ғалым Құлмат Өміралиев «15 - 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» деп аталатын еңбегінде поэзия тілі ерекшеліктерін жинақтай келе былай дейді: «... Ырғақ - өлеңнің моторы. Өлең өлең болып туу үшін әуелі ол белгілі бір ырғақта туу керек. Ырғақ толқыны тізбегі сөйлеу тілінде тұрақты интонацияға ие тізбектерді бөліп жібереді, инверсияға түсіреді. Сонымен қатар, поэзия да барлық морфологиялық формалар ғана актив қолданысқа түседі. Бұлар – поэтикалық реңк алған формалар».

Қазақ сахарасында «филология» терминін ғылым мағынасында алғаш қолданған Ш. Уалиханов та өлең құрылысына, өлең өлшемдеріне назар аударады. Өлеңнің қара сөзден басты айырмасы - мөлшерлі жеке жолдарға бөлінетіндігінде, шумағы, ұйқасы, ырғағы болатындығында, силлабикалық өлең жүйесі буын санының тұрақты мөлшерін сақтауға негізделетінін Шоқан айтқан.

Енді поэзия мен прозаның синтаксистік ерекшелігіне келейік.
Поэзияның синтаксистік құрылысында проза синтаксисінен айырмашылықтары да, ортақ белгілері де бар. Сөздерді бір - бірімен синтаксистік қарым - қатынасқа келтірудің прозада қолданылатын амал – тәсілдері поэзияда да қолданылған. Проза да бар сөйлем мүшелері, сөз тіркесі поэзияда да кездеседі. Поэзияда да сөйлем мүшелері бірін - бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады, предикаттық қатынас түзейді. Прозадағы сияқты поэзиядағы сөз тіркестері де өздерінің байланысу формалары мен тәсілдері арқылы байланысады.

Мысалы:
Өмір - сағым, бұлдырап көз жетпейді,
Өмір сырын жырлауға жыр жетпейді
Қымтырылмай өмірде еркін өссек,
Біздің жолды бөгеуге кім беттейді?

Осы 4 тармақты, 2 буынды шумақта үш жай сөйлем, бір сабақтас құрмалас сөйлем бар. Бірінші жай сөйлем: «Өмір - сағым», «өмір» - бастауыш «сағым»- баяндауыш, қиыса байланысып тұр. Екінші жай сөйлем: «бұлдырап көз жетпейді». Бастауыш -«көз», баяндауыш – «жетпейді», қиыса байланысып тұр. «Бұлдырап» - пысықтауыш, баяндауыш пен жанаса байланысқан. Бұл - поэзия синтаксисі мен проза синтаксисіне тән ортақ белгілер.
Өлең құрылысында проза да кездесетін синтаксистік категориялардан, сөйлем мен сөйлем мүшелерінен басқа тек өзіне ғана тән элементтер бар. Олар – шумақ, тармақ, бунақ.
15 088
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем Өзіндік оқу арқылы салалас құрмалас сөйлемдердің, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс, тілдік талдау жасауға үйренеді.
Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Жалпы мақсаты: оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құралымдарды өз бетінше талдап меңгере білу, іс - әрекет, ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру. тілді дамыту, сөздік қорын молайту.
«Сөз өнері» факультатив жұмысы бойынша көрсетілетін іс – тәжірибе бағдарламасы
«Сөз өнері» факультатив жұмысы бойынша көрсетілетін іс – тәжірибе бағдарламасы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×