Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

24 қаңтар 2014, Жұма
]
Л. И. Толстойдың “Егер мұғалім өн бойына өз ісіне шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз” деген өсиетті сөзін педагогикалық еңбегінде тірек етіп ұстанған
Базарбаева Айжамал Сағынғалиқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнін меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл ұстаз


Cабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Сөйлем дегеніміз - сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі.
Сабақтың тәрбиелігі: Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
( 22 - қыркүйек Тіл мерекесіне арналған)
Сабақтың дамытушылығы: Сөйлемге тән белгілердің бірі - интонация.
Сабақтың түрі, әдісі: Дәріс сабақ, пәнаралық байланыста оқытуға негізделген сабақ, жәрмеңке сабақ, концерт сабақ, көзқарас сабақ, іздендіру сабақ, практикалық сабақ, ойын сабақ, халықтық педагогика сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Жаңа технологиялық құрал жабдықтар (Компьютер, экран тақтасы, музыкалық аспаптар т. б.)
Сабақтың түрі: Ұйымдастыру бөлімі, үй тапсырмаларын пысықтау ( Диктант 2 сағатқа берілген алдыңғы сағаттарда)
Жаңа тақырып

1. Мұғалімнің түсіндірмесі:
Мысалы:
- Мектебімізде Тіл мерекесіне арналған әдеби кеш өтетіндігін Еламан айтып еді. Әдеби кеш бүгін болады ма?
- Бүгін сағат алтыда басталады.
Мұнда 2 адам сөйлесіп, қарым - қатынасқа түскен, пікір алысқан сөйлем. Бұл сөйлесуде біршама тиянақты ойды білдіріп тұр. Яғни 3 сөйлем бар. Алғашқы сөйлемде – Еламанның айтқаны туралы ой, екіншісінде – әдеби кештің болатын - болмайтындығын білуі мақсат еткен ой, соңғысында тыңдаушының оған қайтарған жауабы түріндегі ой берілген.
Сөйтіп, ең алдымен коммуникативтік қызмет, яғни қарым - қатынас жасау құралы болып табылады.
2. Сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ұлттық танымдық мақсатта «Алтын қақпа» ойыны арқылы жүргіземіз.
* «Тас қақпа» кезеңі
* «Қола қақпа» кезеңі
* «Күміс қақпа» кезеңі
* «Алтын қақпа» кезеңі
1). «Тас қақпа» кезеңінің тапсырмасы
«Даналық ойдан дән ізде» айдарымен

« Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана аяққа басады.»
(Ғабит Мүсірепов )
Мына ұлағатты сөзге қалай түсінік беруге болады. Өгей деген сөзді қалай түсінеміз. Анықтама беру.
Оқушының ойы:Ана тілі - білімнің кілті, баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын тіл - қазақ тілі. Ол мәңгілік болуға тиіс. Ана тілін менсінбейтіндер - жат адамдар, яғни туған ана тіліне жаны ашымайтындар деп білемін.
Оқушының ойы:Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тіліміз – қазақ тілін мәңгілікке жалғастырушы егеменді еліміздің ертеңі – біз. Олай болса, өгейсініп қазақ тілін менсінбей қараушыларға, аяққа басып таптаймын деушілерге ешқашан жол бермейміз. Қазақ тілі - дара тіл, дана тіл деп ойлаймын.

«Тас қақпа» оқушыларға жақсы тапсырма орындағаны үшін гүлсыйлайды.
2). «Қола қақпа» кезеңінің тапсырмасы
«Өнер алды – қызыл тіл» айдарымен

Экранда «Ананың тілі» әні жазылып және музыкасымен айтылып тұрады. Оқушылар, сабаққа қатысушылар бәрі қосылып айтады.
Ананың тілі
Сөзі: Ш. Смаханұлы
Әні: Ә. Тінәлиев
Өмірге келдім, анамды көрдім,
Деді ұл - қызын «алтыным менің»
Әнімен әсем, жырыңмен желпіп,
Үйретіп тынбай бал тілін оған.
Қайырмасы: Ананың тілі - қуатым менің
Ананың тілі - мұратым менің
Еске алам сені айға да қарап,
Жұлдызға қарап, жаныма балап.
Тенеймін гүлге қызылды - жасыл,
Ардақтым менің аяулы анам.
Қайырмасы: Ананың тілі - қуатым менің
Ананың тілі - мұратым менің
Мектепке бардым, ұстазды көрдім,
Сөзін тыңдадым, оған табынам
Ананың тілі, аяулы ұлы,
Алдымнан шықты сөзі тағы да
Қайырмасы: Ананың тілі - қуатым менің
Ананың тілі - мұратым менің

Сұрақ: Өлеңнің тақырыбы, идеясы туралы кім айтады.
Сұрақ: Берілген шумақтарды өз сөзімен сөйлемге айналдыру.
Оқушылардың ойы:
Бірінші шумақ. Өмірге әкелген, анамыздан біз бал тілі - қазақ тілімізді үйрендік.
Екінші шумақ. Анамызды айға, жұлдызға, гүлге балауымызға болады, өйткені ананың сүтімен ана тілімізді үйрендік.
Үшінші шумақ. Анамызбен бірге, мектептегі ұстаздарымызда ана тілінің ұлылығын үйретті.
Оқулық бойынша тапсырма: 10 - жаттығу
«Қола қақпа» кезеңі оқушыларға: «Әу» демейтін қазақ жоқ, өнерлі халықпыз, сондықтан бос уақыттарыңызда ән шырқасын деп сіздерге сыйға «домбыра» тарту етеді.
3). «Күміс қапа» кезеңінің тапсырмасы
«Аталар сөзі - ақылдың кені» айдарымен

Ата тұрып ұл сөйлесе, ержеткені болар
Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
- Балалар, аман ба?- депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
- Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой!- дейді. Малайсары жалт қарап:
- Ата тұрып ұл сөйлегеннен без. Ана тұрып қыз сөйлегеннен без. Сырнайдай сайраған мына бала кім еді?- дейді.
Сонда Сырым:
- Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар, - дейді.
- Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, - деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
Тапсырма: Оқушылар рөльдеп оқып шығады. Ата - ана деген сөзге грамматикалық сатылай кешенді талдау жұмысы
«Күміс қақпа» кезеңі биылғы жылдан ескерткіш болсын деп « Қоян» ойыншығын та
4). « Алтын қақпа» кезеңінің тапсырмасы
«Бұлақ көрсең, көзің аш» айдармын (шығармашылық жұмыс)
Cандар 5, 20, 25 - тәуелсіздік
10, 15, 30 - қазақ тілі

Тапсырмасы: Жасырынған сандар тұр, сол жасырынған сандарда сөздер жазылған. Ашқан сандағы сөзге өлең не әңгіме жазу. (Тәуелсіздік, Қазақ тілі т. б.)
«Алтын қақпа» кезеңі оқушыларға сандық толы қазына және кітаптар береді. Оқушылар өздері қалауымен алады. (қалау себептері бойынша әңгімеге тарту)
Қорытындылау
Мұғалім:Олай болса, білім іздеген егеменді еліміздің ертеңгісін ойлайтын шәкірттерім, сабағымызды қорытындылай келе, 2011жылдың 28 қаңтарында Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан жолдауында:
«Мен қазіргі замандағы қазақстандық үшін 3 тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20%- ды құрауы тиіс» деп атап көрсеткен болатын.
Қазақ тілінде де, орыс тілінде де, ағылшын тілінен де «сөйлем» деген тақырып кездеседі. Адамның қарым - қатынасы, пікірлесуі үшін керек.
Үй тапсырмасы: Шығарма жазу « Гүлденерсің әлі де түрленерсің, Қазақ тілі мәңгісің, осыны бәрі білсін!»
Бағалау парағы: (Оқушыларға бағалау парағы үлестіріледі, өздеріне өздері баға қояды).
6 808
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап,
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және
Қыстырма сөз
Қыстырма сөз
Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру. Оқушыларды білімділікке, ойлылыққа жетектеу, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Сөйлем туралы түсінік. Сөйлем дегеніміз - сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі. Сөйлем адамдардың бір - бірімен түсінісіп, пікір алысуы үшін, қарым - қатынас жасауы үшін қажет.
Мұғалімнің рухани жан дүниесінің кемелденуі
Мұғалімнің рухани жан дүниесінің кемелденуі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы, Ғибатолла Мәсәлімов орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және «Өзін - өзі тану» пәні мұғалімі Рахметова Батима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×