Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»

04 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы,
Хан Ордасы ауылы, Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі - Аксенова А. Р., ән, куй пәнінің мұғалімі - Алмурзина Р. Ж.

Ана тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ашық сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік Оқушыларға Қазақстанның қорықтары жөнінде, туған жерді жырлаған ақындар жайлы мағлұмат бере отырып, олардың шығармалары арқылы туған жердің сұлулығын, байлығын жеткізу.
Ә) коммуникативтік құзыреттілік Ауызша, жазбаша сөйлесу арқылы өзіндік ойлау дағдыларын сақтауға, жауапкершілікке тәрбиелеу. Жинақылыққа, ұқыптылыққа, туған жерге мақтанышпен қарауға, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі Өз әрекетін бақылау, салыстыру, шешім шығару біліктерін дамыту. өзіндік бақылау мен бағалауға дайын болу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы, СТО әдістері - ой қозғау, рефлексия, «Блум кубигі», постерлермен жұмыс
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: Ән, тарих, дүниетану
Оқыту құралдары: интернет жүйесі: скайп бағдарламасы, магнитті тақта мен суреттер, АКТ, «Онлайн сабақ»

Сабақтың барысы: Мұғалімнің қызметі
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушыларды түгендеу; назарларын сабаққа аудару.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Рефлексия Менің қымбатты әдебиет танушыларым! Сабағымызды сурет салудан, яғни автопортрет салудан бастаймыз. «Портрет» дегеніміз балалар, ол адамның бейнесі салынған сурет, ал «автопортрет» - ол адамның өзінің бейнесін өзі салады деген сөз. Портрет - портрет - painting.
Сол қолдарымызға ақ қағазды аламыз да басымыздың үстіне қоямыз, оң қолдарымызға қалам алып, қағазға сурет сала бастаймыз.
Алдымен, екі көзімізді, мұрнымызды, аузымызды, құлағымызды, енді басымызды саламыз. Енді суреттеріңізді маған көрсетіңіздер. Жарайсыңдар, жақсы суретші екенсіңдер!
Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар, енді өткен сабақта алған білімдерімізді қайталайық! Ол үшін мен мына қолымдағы Блум кубигін пайдаланамын. Шаршы қандай санды көрсетсе, сол санның артында жасырылған сұраққа жауап береміз.

1. Жүсіпбек Аймауытов кім? /Жазушы/
2. Жүсіпбек Аймауытов қай облыста дүниеге келген? /Павлодар/
3. Қандай романнан үзінді оқыдық? /»Қартқожа»/
4. «Қартқожа» романы не туралы?
5. - Қартқожа бала кезден қойтастан не теруші еді? /жуа/
6. Ауылының қарасы көрінгенде Қартқожа кімді ең бірінші есіне алды? /әжесін/
7. «Топай» деген не? /үлкен малдың асығы/
8. Тұңғышбай деген кім? /Қартқожа жоқта қайтыс болған ағасы/

Негізгі бөлім.
Жаңа сабақ /Музыка пәнінің мұғалімі/
- Жарадыңдар, балалар, қазір әдемі әндер тыңдаймыз, ал сендер мұқият ән сөздеріне зер салып отырыңыздар. Кейін мен сендерге сұрақтар қоямын.
1. Тыңдаған әндеріңізді сөзбен сипаттап көріңіздер: КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛСІЗ, ҚУАНЫШТЫ, ҚАЙҒЫЛЫ, ӘЛСІЗ, КҮШТІ.
2. Осындай көтеріңкі, қуанышты көңіл - күйде, күшті дауыспен айтылған өлең не туралы екен? /Туған ел/

«Ой қозғау» Жарайсыңдар, балалар! Балалар, енді тақтаға назар аударыңыздар, бұл суреттің артында бір адамның портреті жасырынған. Қане, ойлап, тауып көрейік:
1. Бұл адамның мамандығы қандай деп ойлайсыңдар?
2. Қай жерде дүниеге келген?
3. Ұлты қандай екен, балалар?
4. Бос уақытында немен айналысқанды ұнатқан деп ойлайсыңдар?
5. Маған оның келбетін сипаттап беріңіздерші: бат - бейнесін, киген киімін
- Жарадыңдар, балалар! Енді мұнда кімнің портреті жасырынғанын айтайын. Ол Мұзафар Әлімбаев атты ақын аталарыңыз. /Өмірбаяны туралы айту/
Мұзафар Әлімбаев - қазақтың ақыны, аудармашы, жазушы. 1923 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Кітаптар көрмесіне назар аударыңыздаршы. Оның көптеген өлеңдері ән болып орындалып жүр. Мысалы: «Менің Қазақстаным», «Өшпес от», «Жүрек лүпілі». Сонымен қатар, ақын ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар жазған. Мен сендерге бір өлеңін оқып берейін. «Күз».

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 926
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Балалардың ойлау әрекетінің әр түрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеуге, ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін дамыту.
Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
Сандарды ауызша көбейтуге берілген есептерді шығаруға дағдыландыру, тиімді тәсілмен есептеуді үйрету. дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы, М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі бастауыш сынып мұғалімі Абдрешова А. Ф.
Ондықтарды салыстыру. Айырманы салыстыру. Екітаңбалы сандарды косып, алуға есептер шығару
Ондықтарды салыстыру. Айырманы салыстыру. Екітаңбалы сандарды косып, алуға есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылы Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Аксенова Альфия Ринатқызы
Жануарлардың тіршілік ортасы және оларға қажетті жағдайлар
Жануарлардың тіршілік ортасы және оларға қажетті жағдайлар
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылы Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Аксенова Альфия Ринатқызы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Бидайық ауылы, Бидайық орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нурланова Риза Мучурбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×