Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңаша оқу - жаңа ғасыр талабы

25 тамыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
«№11 мамандандырылған физика - математика мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі
Ескалиева Бактилы Кзылгуловна

Жаңаша оқу - жаңа ғасыр талабы
ХХI ғасырдағы өркениетті дамудың талабы жаңа білім парадигасы бірінші орынға баланың білімін, білігін, дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамытуды қойып отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады»,- делінген. Сондықтан қазіргі білім жүйесіндегі өзгерістер яғни мектеп мұғалімдерінің алдындағы тұрған басты мақсат пен міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру екенін түсінуіміз керек.

Үйрету, бағыт - бағдар беру неден басталады?- деген сұраққа келер болсақ, жас ұрпақты өзгермелі өмірге дайындау үшін мұғалімдерге білім беру бағдарламасы шеңберінде шектеліп қалуға болмайды.
Әрбір бала айналасындағы адамдармен, құрбы - құрдасымен қарым - қатынас жасауды, өз бетімен жұмыс істеуді мектептен бастайды, өмір заңдылықтарын да осы «алтын орда – білім ұясынан» үйренеді.

Мен 2013 жылдың 13 сәуір мен 13 шілде аралығында Ақтау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ шеберлік орталығынан өз біліктілігімді арттырған едім. Дәстүрлі оқыту мен жаңаша оқыту әдістері ерекшеліктерін оқып үйрендім. Осы соңғы білім жүйесіндегі өзгерістерге қызыға қарап құлшыныспен іс - тәжірибеме өзгерістер енгізу керек екенін түсіндім. Өзімді, оқушыларымды, басқа әріптестерімді, тіпті ата - аналарды да өзгерту керек екендігін ұғындым. Бұл технология бойынша сабақтарда 7 модуль қолданылады. Сол модульдің бірі «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» сабақтарда жұптық жұмыс орындағанда оқушылардың өзін - өзі бағалауда ерекше айқын көрінісін тапты. «Бағалау»- деген сөз «қатар отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққаны жай емес мысалы әртүрлі екі топта отырған екі оқушыға бірдей тапсырма беріп, олардың шығарған есептерін алмастыру арқылы бір - бірінің қатесін тексеріп бір - бірін бағалайды. Мен бұл жұптық жұмысты мен үнемі сабақтарымда қолданамын. Себебі оқушыларға бұл әдіс ұнайды. Әрине сыныпта білім деңгейлері әртүрлі оқушы отырғандықтан А деңгейлі тапсырманы А деген оқушыларға ға, ал В деңгейлі тапсырманы В деген оқушыларға әрине С деңгейлі тапсырманы С деген оқушыларға беріп орындатамын. Орындап болған оқушылар алмастыру арқылы бір - бірін бағалайды. Біздің математика сабағына бұл әдіс өте ыңғайлы себебі оқулықта да, есептер жинағында да барлық тапсырма А, В, С деңгейлі болып бөлінген. Ал «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» бұл барлық математиканың сабақтарында тыс қалмай жүзеге асатын модуль. Геометрия сабақтарында оқушылардың үнемі жіберетін кемшіліктері белгілі бір тапсырмадағы тұжырымға назар аудармау. Мұғалімдерге арналған үлестірме материалда жазылған Аризона Университетінің профессоры доктор Маридис Витт ұсынған БКТЗО кестесін қолданып көрдім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 676
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сындарлы оқыту - заман талабы
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Қазақ әдебиетін оқытуда студенттердің құзыреттіліктерін арттыру
Қазақ әдебиетін оқытуда студенттердің құзыреттіліктерін арттыру
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын студенттер ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ.
Математика - информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру
Математика - информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Асанова Мөлдір
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×