Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің сәбилік кезім

01 мам 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
«Нагорный негізі мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Бисембаева Ш. У.

1 сынып
Оқу мақсаттары:
Тыңдалым: Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну жəне оған сəйкес дұрыс əрекет ету (қимыл, ым - ишараны қолдану, іс - əрекет жасау)
Айтылым: Сұхбаттасын түсіну жəне түрлі тəсілмен əрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру;
Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) білдіру.
Жазылым: Берілген суретке (зат) қатысты сипаттау сөздерін жазу.
Оқылым: Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажырату

Басы
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, бүгінгі сабақта сендерді көргеніме қуаныштымын!
«Шаттық шеңбері» әдісін өткізу. Мұғалім балалармен бірге, барлығы бір - бірімен еркін қарым - қатынас жасайтын шеңбер жасайды, ән айтады. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.
Ризамын, ризамын, ризамын өмірге,
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге

Дыбыстық жаттығулар:
- ім, - ім, - ім - киім
- лек, - лек, - лек - көйлек
- бар, - бар, - бар – шалбар

Өткен тақырыпты қайталау.
«Менің киімім» суреттерімен жұмыс жасау бойынша оқылым әрекетін іске асыру.
- Бұл суретте нелер бар?
- Мынау не? Қандай көйлек (шалбар, қолғап, етік)?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
- «Менің сәбилік кезім».

Ортасы
Жаңа сөздермен танысу.
Сәби – малыш
Ұйықтайды - спит
Жылайды - плачет
Сүт ішеді - пьет молоко
Ойнайды - играет
(сөздерді хормен қайталау)
- Балалар, ал енді «Балалар қалай өседі» деген мультфильмді тамашалаймыз.
- Балалар, бұл мультфильм не туралы?

Сәбилер не істей алады?
Мұғалім суреттегі балалардың іс – әрекеттерін айтады
Мұғалімнің көмегімен тірек суреттер бойынша сөйлемдерді құрастыру.
Сәби ұйықтайды.
Сәби жылайды.
Сәби сүт ішеді.
Сәби ойнайды.
Осы жұмыс айтылым дағдысы арқылы тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін білдіру мақсатына жетемін деп ойлаймын.

- Мұғалім дайын кластер бойынша өзінің сәби кезеңі туралы айтады және оқушыларға осы модель бойынша кластерге сүйеніп өздері туралы айтып беруді ұсынады.
- Жұптық жұмыс. Бір - біріне өзінің сәби кезі туралы айтып беру.
- Сөйлемдерді құрастырып, тақтаға, дәптерлеріне жазу:
Мен ұйықтадым
Мен жыладым.
Мен сүт іштім.
Мен ойнадым.
- Біздің ортамызда оқушылар өздері туралы әңгімелерімен бөліседі.
Бұл жұмыстар айтылым, жазылым дағдылары арқылы сұхбаттасын түсіну жəне түрлі тəсілмен əрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру; берілген суретке қатысты сипаттау сөздерін жазу мақсаттарына жеткізеді.
Ребус шешу.
(Шешуі: сәби)

Осы жұмыстар арқылы оқылым дағдысын өлең, жұмбақ жəне ертегілерді ажырату мақсатына жетемін деп ойлаймын.

Сергіту сәті:
Бала, бала, баламыз,
Бақшаға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.

Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Бiр адамның баласындай.

Бұл жұмыс тыңдалым дағдысы арқылы сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну жəне оған сəйкес дұрыс əрекет ету (қимыл, ым - ишараны қолдану, іс - əрекет жасау) мақсатына жеткізеді.

- Сендер өстіңдер, ал енді қазір не істей аласыңдар?
Балалар ана тілінде әрекеттерін сипаттап, өзі туралы әңгімелейді.
Сөйлейміз.
Сурет саламыз.
Би билейміз.
Секіреміз.
Өлең, ән айтамыз.
Жүгіреміз.

Өлең оқу.
Сенің атың балапан,
Менің атым балақан.
Балапандар шоқуда,
Балақандар оқуда.
(М. Жаманбалинов)
Осы жұмыс оқылым дағдысы арқылы өлең, жұмбақ жəне ертегілерді ажырату мақсатына жетемін деп ойлаймын.
«Доп» сөздік ойыны.
Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.
Осы жұмыс тыңдалым дағдысы арқылы сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну жəне оған сəйкес дұрыс əрекет ету мақсатына жеткізеді.

Соңы
«Клубочек» балалар шеңберде тұрып, өзінің нәрестелік кезеңі туралы бір сөйлемнен айтады.
- Көңіл күйлерің қандай?
– Иә!!
- Бәрі де сондай ойда ма?
- Бәрі қалмастан!
Балалар, біздің сабақтың соңында ән айтайық
«Әрқашан күн сөнбесін!»:
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын мамам!
Болайын мен де аман!
Бағалау.
Үй жұмысы: «Сәбилер не істей алады? Балалар, сендер қазір не істей аласыңдар?» деген сұрақтарға жауап беру.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар, балалар!

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
2 975
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Инклюзивті білім беру. Жеке оқу бағдарламасының мазмұны. 1 сынып. Сауат ашу
Инклюзивті білім беру. Жеке оқу бағдарламасының мазмұны. 1 сынып. Сауат ашу
1. 1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну 1. 2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау Күтілетін нәтижелер: тыңдаған материалының сөйлеу екенін, оның мазмұнын түсіну мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау
Екі - екіден сана
Екі - екіден сана
Натурал сандар жəне 0 саны. Бөлшектер.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейту жəне бөлу – өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау.
Мен білетін жақсы сөздер. Сөз
Мен білетін жақсы сөздер. Сөз
Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну. Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.
Менің анам
Менің анам
Менің анам тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі
Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен əрпі
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×