Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып

21 тамыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Пән мұғалімі СыдықбековаТ. Н.

Тақырыптар:
Тестілеу «Д. И. Менделеевтің атом құрылысы ілімі тұрғысынан алғандағы периодтық заң және периодтық жүйе»
§3. 1. Химиялық байланыс және зат құрылысы. Ковалентті байланыс. Лабораториялық тәжірибе №3 «Молекула модельдерін жасау»
§3. 2. Ковалентті химиялық байланыстың донорлы - акцепторлы механизмі.
§3. 3. Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттері. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы.
§3. 4. Иондық химиялық байланыс. Иондық және ковалентті байланыстың қасиеттері. Лабораториялық тәжірибе №4 «Әр түрлі кристалдық торы бар заттардың қасиеттері»
§3. 5. Металдық химиялық байланыс.
§3. 6. Сутектік химиялық байланыс.


Сабақ үлгісі:
Тақырыбы §3. 1. Химиялық байланыс және зат құрылысы. Ковалентті байланыс. Лабораториялық тәжірибе №3 «Молекула модельдерін жасау»
Білімділік мақсаты: Химиялық байланыстың түрлері, ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау, ковалентті байланыстың маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру;
Дамытушылық: Заттардағы химиялық байланыстың типін анықтай білу, коваленттік байланыстың түзілу схемасын құрастыра білу, қорытынды жасау, салыстыру, білім - білік дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен, сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу,
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта. Түрлі түсті шариктер, таяқшалар.
Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
1. Жаттығуды тексеру.

Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1. Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.
Білімділік міндеттері:
- оқушылардың білім алуға деген ынта - ықыласын жұмылдыру.
- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.

2. Оқыту проблемалары:
Ковалентті байланыс
3. Білімді жаңғырту. (Актуализация ):
1. Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)
• Байланыстың қандай типтерін білесіңдер?
Қандай химиялық элемент атомдары арасында ковалентті байланыс түзіледі?

Жаңа сабақ түсіндіру.
Білімділік міндеттері:
- оқушылардың өтілген материалды қабылдау, есте сақтауын қамтамасыз ету;
- нақты қорытындылауға, жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;
- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
- түсініктер, заңдар, ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге, талдауға көмек ету;
- оқушылардың оқу материалын өз әдіс - тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақ материалын түсіндіру:
Атомдар өзара әрекеттескенде химиялық байланыс түзіледі:
 ковалентті байланыс
Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс ковалентті байланыс деп аталады. Ковалентті байланыс полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.. Ковалентті полюсті байланыс электртерістігі бірдей атомдар арасында түзіледі. (Н2О2, С12). Молекуладағы атомдар өзара байланысқанда электрон бұлттары жақындап, өзара қаптасады. Ковалентті байланыстың пайда болуын сутек молекуласының түзілуі арқылы түсіндіруге болады.
Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп, ядролардың арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар электрон бұлттары түзіледі. Ортақ ядролардың тығыз теріс аймаққа тартылуы оларды жақындастырып, тұрақты сутек молекуласы түзіледі де, энергия ұтымы болады.
Қарама - қарсы спиндері бар жұптаспаған электрондар өзара қосылуы арқылы ковалентті полюссіз байланыс түзіледі. Ол былай жазылады.

§3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5, 3.6 жүктеу

Толық нұсқасын қарау
6 816
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Иондық байланыс
Иондық байланыс
Оқушылардың ковалентті байланыстың түрлері, элемент атомдарының терісэлектрлік түсінігін қолданудағы шеберлігі мен дағдыларын арттыру. Ионды байланыс табиғаты туралы түсінік беру.
Иондық байланыс. Металдық байланыс
Иондық байланыс. Металдық байланыс
Химиялық байланыс типтері, байланыс табиғаты, иондық және металдық байланыс туралы мағлұматтар беру. Жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, химиялық сауаттылыққа баулу.
Химия 10 сынып
Химия 10 сынып
Химиялық байланыстың түрлері, ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау, ковалентті байланыстың маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру; Заттардағы химиялық байланыстың типін анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 11 сынып
Оқушылардың периодтық заң, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық жүйесіне сипаттама беру, атомдағы, изотоптардағы электрондардың таралып орналасуы туралы білімді
Химиядан сабақтар топтамасы
Химиядан сабақтар топтамасы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1қазақ орта мектебінің химия пәні мұғалімі Бисембаева Зоя Жексембайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×