Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кіріспе. Сөз өнері жайлы ғылым

10 сәуір 2018, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
5 - сынып
Сөз өнері
САБАҚ: Кіріспе. Сөз өнері жайлы ғылым
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын мақсаттары: Оқушылар «Сөз өнері» ғылымы туралы жалпы білім алады. Сөз өнері – әдебиет екенін түсінеді.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
«Сөз өнері» - әдебиет, және ол өнердің бір түрі екенін түсінеді. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
«Сөз өнері жайлы ғылым» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды
Кейбір оқушылар орындай алады: «Сөз өнері жайлы ғылым» тақырыбы бойынша өз пікірін білдіре алады.

Басы. Білу.
Түсіну
1. Әріптер арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу. Әріптерден екі сөз шығуы керек: өнер, әдеп. Осы сөздер топтардың атауы болады
2. «Сөз» сөзін естігенде қандай ассоциация болады? топтастыру
3. Өнер туралы не білесіңдер? Өз ойларын білдіреді
4. Сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
5. «Сөз өнері жайлы ғылым» мәтінімен танысады
Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бұрын, алдымен, оның өзін анық танып, біліп алған жөн.
Ал осы әдебиет дегеніміздің өзі не?
Әрине, ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арабша атаудан шыққанын – сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін - әріп, жазу - сызу деген мағынада қолданылғандығын білу онша қиын емес.
Әдебиет - өнер. Өнердің түрі коп емес пе: кескін өнері (живопись), мүсін өнері (скульптура), сәулет өнері (архитектура) т. б. Ал әдебиет қандай өнер?
Әдебиет – сөз өнері.
Мүсіншінің құралы – саз балшық, суретшінің құралы – бояу, әдебиетшінің құралы – тіл. «Сөз әдебиеттің құрылыс материялы» (Федин).
Өнердің көп салаларының ішінде ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгідей бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын; сөз – бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді, театр сахнасында бүгін кеште жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра болып қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді, ал әдебиетте екеуі де – нақтылық та, заттылық та бар. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері затты, нақты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін - бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі»(Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский) десек, асырып айтқан болмаймыз. Қазақ халқының «өнер алды - қызыл тіл»деген білгір тұжырымы да тегіннен - тегін тумаған - ды.
Көркем сөз - құдіретті нәрсе! Оны әзілге саю да, оны әжуалау да – ақылдан кенде пенденің қылығы.
Сөз өнері жалпы мағынасындағы жай әдебиет емес, көркем әдебиет екенін тектен - тек деуге болмайды. Оның барлық эстетикалық байлығы әдеби шығарманың көркемдігі арқылы ғана жасалады.. Демек, әдебиеттің таным тарапындағы мәні де, тәрбие саласындағы мәні де, сайып келгенде, сөз өнерінің эстетикалық маңызына яки өнер туындысының көркемдік құнына келіп тіреледі. Ендеше, сөз өнері – қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі іргелі саласы.

Мұғалімнің аты-жөні: Каирбаева Диана Ермаковна

Кіріспе. Сөз өнері жайлы ғылым. жүктеу
23 899
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері
Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 1. 1 - Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе - теңдік) 5. 2. 1. 1 - Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның
Натюрморт өнері
Натюрморт өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Сусыз өмір жоқ
Сусыз өмір жоқ
Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздерді түсінеді, тақырыпты болжайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды, сұраққа түсініп жауап береді.
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×