Білімділер поралы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу 15 сағ
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
6. 2. 2. 2 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу;
6. 2. 2. 3 бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу;
Оқушылардың көпшілігі: Бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу
Кейбір оқушылар: Бір айнымалысы бар теңдеулерге есептер құрастыру
Бағалау критерийі
- бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;
- бір айнымалысы бар теңдеулерді шешеді.

Сабақтың басы 12 минут
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру. Оқушыларға сөз жұмбақ жасыру: Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап. Жауабы: Икс (Х)
Осы әріпті дене мүшелері қол аяқпен x – айнымалы жасап көрейік, а мен b кез - келген сандарды баспен, белмен теңдік белгісің жазып, ах=b теңдеуін дене мүшелерімен жазу арқылы оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаймын.
- ах=b қандай теңдеу?
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
- бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаттарын, бағалау критерийлерімен таныстырамын.
«Көршіңмен ақылдас» әдісі арқылы үй тапсырмасын бір - бірінің дәптерін алмастырып, тексереді, интербельсенді тақтада жауаптарын көрсетіп қоямын.
«Төртбұрыш» әдісін қолданып, сыныптың төрт бұрышына «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу» туралы мәліметтер жазылған А3 форматын жапыстырамын. Әр оқушы қолындағы сұрақтардың жауабын, сағат тілімен айналу арқылы төртбұрыштағы мәліметтерден табады:
Анықтама: ах=b (мұндағы х – айнымалы, а және b сандар) түрінде берілген теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.
а саны айнымалының *******, b санын ****** деп атайды.
Анықтама: Түбірлері бірдей немесе түбірі болмайтын теңдеулер ****** деп аталады.
*********– айнымалының теңдеуді тура теңдікке
айналдыратын мәнін атайды
********* дегеніміз – оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екендігін дәлелдеу
1 - қасиет: Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама - қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу ****** түрленеді.
2 - қасиет: Теңдеудің екі жағында да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде ******* түрленеді
Теңдеуді **** түрлендіріп ықшамдау қажет;
Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің *** жағына, бос мүшелерді теңдеудің *** жағына жинақтау қажет;
Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру қажет;
Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффицентіне бөліп, теңдеудің х= в/а түбірін табу қажет.
Тапсырманы орындап болған соң, қолындағы тапсырмаларға қарай, 3 топқа бөлу:
І топ. Анықтама
ІІ топ. Қасиет
ІІІ топ. Алгоритм.
Топтар сағат тілі бағытымен ауысып тапсырмаларды тексереді.

Мектеп: № 74
Мұғалімнің аты - жөні: Тайтемирова Г.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 205
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 203
Роботтар: 2
Музафар Камбарова Айнур
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика