Білімділер поралы

Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу.
Мақсаты: шығарманы тыңдауға, мағынасын түсініп, қайта айтып беруге үйрету.
Міндеттері:
БМ: өлеңді зейін қойып тыңдауға үйрету.
ДМ: есте сақтау қабілеттерін дамыту.
ТМ: туған жерлерін сүюге тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар: қиынды суреттер, ғимараттарың фотосуреттері.
Сөздік жұмыс: көгінде, жұпар.
Қостілділік компонент: қала - город, суреттер - картинки, ғимарат - здание.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Ұйымдастырушылық – ізденістік
- Балалар біз қай елде тұрамыз?
- Жарайсыңдар балалар, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз, ол - біздің
Отанымыз.
Суретпен жұмыс
Тақтаға қаланың балаларға таныс жерлері мен ғимараттардың суреттерін іліп, балалардың назарларын суретке аударып, сұрақтар қояды:
- Мына суреттер сендерге таныс па?
- Біз тұратын қала қалай аталады?
Балалардың жауаптарын мұқият тыңдайды, толықтырады.
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке» өлеңін оқиды.
Туған өлке
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Шығарманы талдайды:
- Балалар, өлең ұнады ма? Не туралы жазылған?
Мазмұнына байланысты суреттерді көрсетіп, өлеңді қайта оқиды.
Сөздік жұмысы: көгінде, жұпар деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Қостілділік компонент: қала - город, суреттер - картинки, ғимарат - здание.
«Бөлшектерді құрастыр» дидактикалық ойынын ұйымдастырады.
Қиынды суреттерден біртұтас сурет құрастырып, қандай сурет болып шыққанын айтып беру керектігін түсіндіреді.
Мақал:
Туған жердің ауасы да шипа.
Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Сергіту сәтін ұйымдастырады.
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Жоғары – төмен қараймыз
Топылдатып басамыз.
«Қала көшелерін аралайық» ойынын ұйымдастырады.
Балаларға жасырған жұмбағын шешіп, сұрақтарына жауап беру арқылы фотосуреттерден тиісті көшені, ғимаратты тауып, жанына баруды ұсынады.
Онда барып ән тыңдаймыз,
Спектакль көреміз.
(Театр)
Таңертең ерте тұрасың, Тәрбиеші апайға барасың.
(Балабақша)
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 175
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 174
Роботтар: 2
Nursagila
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика