Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық әуені

13 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Колледж пәндері
Достық әуені сценарий
Аруна: Армысыздар көңілдері күндей күлетін, шәкіртке білім беретін ұлағатты ұстаздар
Гаухар: Бармысыздар Серпінмен серпіліп келген, оқимын деп желпініп келген студенттер
Шыңға жетпей қоймайтын, қашанда бізді ойлайтын Шыңғыс ағай жетекшілік ететін жаны жайсаң жігіттер мен қылықты қыздардан құралған Ф - 11 тобының шағын концертіне қош келдіңіздер.
Гаухар: Аруна білесің бе, біздің топтың жігіттері сегіз қырлы бір сырлы ғой шіркін. Қашан көрсеңде өнерлерімен елді тәнті етіп жүреді.
Аруна: Иә, сенімен толық келісемін. Біздің жігіттер әнші де, биші де, күйші де болып қоймай, бүкіл қыздардың жүрегін жаулап алып жүр.
Гаухар: Ендеше әуелетіп ән салатын сырбаз жігітті ортаға шақырмаймыз ба
Аруна: Олай болса, Оқуын оқып жүрген ел қатарлы,
Үлкендерге дейтұғын бер батаңды
Қыздарға қызыл алма алып келген,
Ағайын, қарсы алыңдар Ермаханды!
Ән: «Қызыл алма»орындайтын Қайыржанов Ермахан
Гаухар: Өнерлілер өрелі,
Талай қызық көреді
Би билейтін көп қыздар,
Икемдірек келеді
Біздің топтың қыздары,
Қазақша билеп береді.
Би: Қазақша
Гаухар: Аруна, сен өмірінде рэп орындап көрдің бе?
Аруна: Керемет орындамасам да шет жағасын білем ғой
Гаухар: Қане, онда бір шумағын орындап берші?
Аруна: Каманама беттама саламана сеттама
Данамана деттама шанамана шеттама
Камана бөза.......
Гаухар: Ой ой не деген мағына? сен өзі Емси Аруна болдың ғой? Дегенмен көрермен қауым осы мағынасыз рэптен шаршаған болар, оданда Сағдаттың группаның тыныс тіршілігі жайлы жазған рэпін бірге тыңдайық!
Аруна: Олай болса экранға назар аударайық!
Видеоролик
Гаухар: Әркім ақ айтатындай атын аңыз
Біз қалай баба жолдан шатыламыз,
Көркемсөздің қуатын танытатын
Ортаға_____________шақырамыз!
Көркемсөз
Аруна: Гаухар, ғылыми деректер бойынша біздің Қазақстанда 130 дан астам ұлтпен ұлыс өкілдері тұрады екен. Тіпті біздің колледжімізде қазақылықты қанына сіңіріп жүрген қаншама бауырларымыз бар.
Гаухар: Ия, олар қазақша ойлап, қазақша сөйлеп, қазақша ән салып жүрсе неге қуанбасқа. Ендеше, ортаға Ұлт көбейсе, тар келмес тақияңа,
Әрине жүргені жоқ жат ұяда
Көрерменге тілегін білдіретін,
Ортада Ефименко Татьяна.
Ән: «Бір тілек»Татьяна
Аруна: Арқалықта жанып жүр бағы қатты,
Бойына өнердің де бәрін апты
Күлкіден езуіңді жиғызбайтын,
Қарсы алыңдар, пародист Сағдатты!
Пародия Сағдат
Гаухар: Бағындырып жүрген соң сан саланы,
Өнеріне мына жүр тамсанады.
Нұрландырып жүретін Нұртай әнші,
Халыққа гитарамен ән салады.
Ән: Еспол Нұртай
Аруна: Қашанда ұйымшылдар бірлеседі,
Елге еткен еңбегі жер теседі
Ал енді қырмызыдай қыздарымыз,
Ең сәнді көйлектерін көрсетеді.
Авангард
Ән: Сағдат_______________________
Гаухар: Уақыт болса біразға таяп қалды,
Өнерін кімдер айтшы аяп қалды
Кездескенше аман сау болыңыздар,
Осымен концертіміз аяқталды!
6 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ал, қанеки, жігіттер сайысы
Ал, қанеки, жігіттер сайысы
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Ал, қәнеки, жігіттер» сайысына қош келдіңіздер! Қай заманда болсын, адамзат алдында тұратын ұлы мақсат пен мұраттың ең бастысы – елі мен жерінің амандығы.
Біріншіге барамыз!
Біріншіге барамыз!
1 – жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар! 2 – жүргізуші: Бармысыздар, ұстаздар мен ата – аналар! 1 – жүргізуші: Біздің сүйікті даярлықпен қимастықпен қоштасқалы отырған кішкене бүлдіршіндерімізді құрметпен қарсы алайық.
Әнші балапан байқауы
Әнші балапан байқауы
«Әнші балапан» байқауының бағдарламасы
Әй, жігіттер, жігіттер!
Әй, жігіттер, жігіттер!
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалиясова Әсем Манатқызы
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Армысыздар ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен бастауыш сынып оқушыларының арасында өткелі тұрған «Көктем шуағы» атты ән байқауына қош келдіңіздер!
Әнші балапан
Әнші балапан
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындары. Бүгін №100 мектеп жанындағы «Айгөлек»жазғы тынығу лагерінде өткізілгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×