Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

08 ақпан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5. 4. 1 Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (35 сағ)
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 5. 1. 1. 13 Ондық бөлшек ұғымын меңгеру. Ондық бөлшекті оқу және жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Ондық бөлшектерді оқу мен жазуды меңгереді.
Басым оқушылар: Ондық бөлшек пен оған тең жай бөлшектің айырмашылығы тек жазылуында ғана болатынын ажырата алады.
Кейбір оқушылар: мәтін есептерді шартын жазады, өрнек құрастырады және шығарады.
Бағалау критерийі:
• Ондық бөлшектерді оқи алады және жаза біледі. Ондық бөлшекті ажырата біледі.
Тілдік мақсаттар:
Тілдік мақсаттар:
 Ондық бөлшектер. Ондық таңбалар.
Пәнге қатысты лексика мен терминалогия:
Бүтін, бөлшек, ондық таңбалар.
Диалогқа/жазылымға қатысты сөз тіркестері: Бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылықтарын дамыту
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих және география пәндерімен байланысты.
Тақырып бойынша алдыңғы білім
Жай бөлшектер. Дұрыс бөлшектер.
Бұрыс бөлшектер. Жай сандар. Құрама сандар.
Бірлескен жұмысқа есептер.

Сабақтың басы
10 мин.
Ұйымдастыру
1. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, топтарға біріктіру (Оқушыларға кеспе қағаздары таратылады. Ол жерде дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер, аралас сандар, жай сандар, құрама сандар жазылған. Осы сандарға байланысты топтарын тауып 5 топқа бөлініп отырады. )
Психологиялық ахуал тудыру. Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін менің көңіл күйім өте жақсы. Сіздердің өңіл күйлеріңіз қандай? (Смайликтер арқылы көңіл күйлерін көрсетеді.) Әр топ біз бәріміз лидерміз. Біз жақсы оқушымыз. Біз бәріміз көшбасшымыз. Біз білімдіміз. Біз Қазақстан азаматымыз. Біз Ақылдымыз.
Топ басшыларын сайлау. Бағалау парақшалары үлестіріледі. Ол үшін ақ парақтар таратылады Осы параққа қолдарын салуды сүраймыз. Оқушылар қолдарының суретін салады. Кім бірінші салса сол топ басшысы болады.
Мақсаты: Оқушыларды сыйластыққа, тәрбиелікке баулу.
Нәтиже: Оқушы көңіл күйлері көтеріледі және сабаққа деген қызығушылығы артады.

«Көрші мен көрші»
стратегиясы арқылы үй жұмысын тексеру. Кезекші оқушы үйге не берілгені туралы хабардар етеді. Үй тапсырмасын кезектесіп оқиды. Көршілер бір бірінің дәптерін тексереді.

№7жалпы білім беретін шағын орталылығы бар лицей орта мектебі.
Мұғалімнің аты - жөні: Булекова Г. С.

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану. жүктеу
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану. слайдын жүктеу
3 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу, ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу, ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшектерді жазып оқу, ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшекті қосады және азайтады Әртүрлі разрядтағы ондық бөлшектерді азайтады
Ондық бөлшектің оқылуы және жазылуы
Ондық бөлшектің оқылуы және жазылуы
Бүтін және бөлшек бөлігінің разрядтары: ондық, жүздік, мыңдық үлестер
Бөлшек сандардың ондық жазылуы
Бөлшек сандардың ондық жазылуы
Кейбір бөлімі 10, 100, 1000... т. с. с. болатын жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуы. Ондық бөлшек деп аталатын сандармен танысу. Оларды оқу және жазуды үйрену.
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектің бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін айыра білуді қалыптастыру. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қойылуымен ондық таңбалар санын қалай анықталуын түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×