Білімділер поралы

Ондық бөлшектерді қосуға есептер шығар

ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы
"Ленин атындағы орта мектебі" КММ
матемаика пәнінің мұғалімі
Жанузакова Аяулым Жанатовна

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосуға есептер шығар
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды ондық бөлшектерді еркін қоса білуге, қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, ондық бөлшектерді қосуға үйретеді.
2.Оқушылардың еркін ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Бизнес сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, жалған банкноттар, жарнамалық ашық хаттар, презентациялар

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың түрін айтып, бизнес, банк, депозит, факс, несие, салық, қазынашылық банк терминдері туралы не білетіндерін сұрау.Тақтаға сөздік жазып қою.
Бизнес – пайда беретін кез келген қызмет түрі.
Банк – ақшамен жұмысты жүзеге асыратын, төлемдерге делдалдық жасайтын қаржы мекемесі.
Қазынашылық банк – қаржы министрлігі және мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қарызды басқару және мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысатын мемлекеттік мекеме.
Несие (кредит) – белгілі бір мерзімде өсіммен қайтарылатын қаржы, қарыз.
Факс-электронды поштамен берілетін жедел хат.
Салық-заң бойынша халықтан, кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем.
Олай болса, бүгін сабағымызда 4 банк қызмет көрсетеді.

1. Халық банкі.
2. Альянс банкі.
3. Темір банкі.
4. Тұран Әлем банкі.

2) Үй тапсырмасын сұрау.Өткен 2012 оқу жылдағы банкі жоспары бойынша қаншалықты жұмыс жасалынды екенін білу үшін үй тапсырмасына берілген есепті тексерейік.
Әр оқушы өзін-өзі тексереді.

№950
1) (0, 6+17, 31)+(8, 76+3, 7)=30, 37
2) (2, 07+14, 8)+(35, 5+16)=68, 17
3) (100+0, 99)+(91, 03+7, 1)=199, 12
4) (245, 25+0, 75)+(366, 2+18, 3)=630, 5
5) 444, 3+(0, 6+5, 36+12, 451)=462, 711
6) 0, 61+(8, 3+17, 05+98, 333)=124, 293
7) 0, 76+(18, 9+43, 02+25, 755)=88, 435
8) 66+(0, 916+0, 41+132, 7)=200, 026

Пайызды есептеу үшін әр банкте операторлар отырады.
90-10 пайызды 50000 теңге
89-60 пайызды30000 теңге
59-40 пайызды100000 теңге
39-20 пайызды 5000 теңге өз есеп шотына ақша қосады.
Топ ішінде өз банкіне түскен ақшаны банк кассирі жинап отырады.
2)Есеп шығару.
Биылғы жұмыс жоспары бойынша жасалған жұмыстар тексеріліп, ең үздік банкіге «Ең үздік банк- 2012» атағы беріледі.
1- тапсырма «Жарнама».Әр банк өз тұтынушыларын көбейту үшін жарнамалар жасайды.
1.Халық банкі. Пайыз дегеніміз не? Мысал.
2.Альянс банкі. Ондық бөлшек дегеніміз не? Мысал.
3.Темір банкі.Ондық бөлшектерді қалай қосамыз. Мысалы.
4.Тұран Әлем банкі.Пайызды ондық бөлшекке айналдыру.Мысал.
Өте жақсы жарнамаланған банкі 50000 теңге.
Жақсы жарнамаланған банкі30000 теңге.
Орташа жарнамаланған банкі 10000 теңге.
Толық емес жарнамалаған банкі 5000 теңге өз есеп шотына ақша қосады.
2-тапсырма «Депозиттер ашуға рұқсат алу»
№951
1. Халық банкі.
4, 27+a, ---------- a=125, 086 ---- 4, 27+125, 086=129, 356
2. Альянс банкі.
0, 809+в --------в=63б7 ---------- 0, 809+63, 7=64, 5, 9
3. Темір банкі.
C+17, 3, ------- c=296, 309-------- 296, 309+17, 3=313, 609
4. Тұран әлем банкі.
D+0, 083, ----- d=35, 86---------- 35, 86+0, 083=35, 943
Өте жақсы 50000 теңге
Жақсы 30000 теңге
Орташа 10000 теңге
Толық емес 5000 теңге өз есеп шотына ақша қосады.
3-тапсырма «Факс».Қаржы министрлігінен жіберілген факстан тапсырманы орындау. 2011-2012 ауыл жылына байланысты тапсырманы орындамаған банктерден салық алынып, «Ауыл жылы» қорына аударылсын.
Кітаппен жұмыс: №948 есеп.Ең тиімді тәсілмен есепте.
(4+1, 8)+2, 2=8
8, 3+ (2, 7+8) =19
(3, 8+6)+4, 2=14
(2, 41+13)+4, 59=20
(46, 3+18)+4, 7=69

0, 3+(1, 7+2, 5)=4, 5
1, 6+ (5+3, 4) = 10
10, 2+ (1, 7+4, 8)=24
12, 25+(8+3, 75)=24

1-3 қате 10000 теңге
4-6 қате 20000 теңге
7-9 қате 30000 теңге өз есеп шотынан Ауыл жылы қорына аударады.

4-тапсырма сергіту сәті.«Бақытты сәт» лотереясы.
Әр банктердің президенттері лотерея билеттерін алады.
1-билет. Бьюджетке 10000 теңге аудар.
2-билет. «Бөбек» қорына 10000 теңге аудар.
3-билет. «Қайырымдылық» қорына 10000 теңге аудар.
4-билет. «№26 мектеп» қорына 10000теңге аудар.
5-билет. Бақытты лотерея 10000 теңге қос.
5-тапсырма «Несие(кредит)» беру құқығына ие болу үшін тапсырма №965 теңдеуді шеш:
1. Халық банкі. X-6, 7=13
2. Альянс банкі. Y-3, 5=1, 27
3. 3.Темір банкі. X-24, 8=9, 7
4. Тұран Әлем банкі. X-3, 2=8, 6
Операторлар банк қорындағы ақшаларды есептеп пайызға шығады.
Ең көп ақша жинаған банк жылдың ең үздік банкі атағына ие болады.

Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Оқушыларды бағалау.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 27
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 27
Роботтар: 4
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика