Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі

23 ақпан 2013, Сенбі
Категориясы: Математика
Математика (4-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы санға көбейту және бөлуге байланысты есептер, теңдеулер шешу, мазмұнды есептер шығарту арқылы есеп шығару дағдысын қалыптастыру.
Ойлау қабілеттерін дамыту.
Ұлттық ойындарды танытып, оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын арқылы есептерді шешу, тиянақтау.
Көрнекілігі: Үлестірме қағаздар, асық, тақия.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру. 177бет, №7 амалдарды орында.
Жаңа сабақ кезеңі.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда екі таңбалы санға көбейту және бөлуге арналған есептер шығарамыз. Сабақта біз түрлі ойындарды ойнай отырып, математикалық білімімізді көрсетеміз.
Психологиялық дайындық.
«Бәйге» ойыны. Бөлуді орында және оны тексер:
604х45=
3002х32=
640х52=
68 102: 34=
17710: 35=
39420: 54=

«Хан талапай» ойыны. Теңдеуді шешу.
Талапай-ау, талапай,
Табылды ойын алақай!
Бүк асықпен бүкті
Шік асықпен шікті
Алшыменен алшыны
Тәйкеменен тәйкені
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз.
Х: 30 = 80
40 х Х = 1200
360: Х = 30

Мазмұнды есеп. Оқулықпен жұмыс 179 бет №5
Ерзат бағасы бірдей 5 кітап, ал Азат 3 кітап сатып алды. Ерзат Азаттан 180 теңге артық төледі. Бір кітап қанша тұрады? Олардың әрқайсысы қанша ақша төледі?
№6 Үнемді пішудің нәтижесінде әрбір шапаннан 10 см, ал әрбір қамзолдан 12 см мата үнемделді. 96 шапан және 96 қамзол пішу кезінде қанша мата үнемделді? Егер бір бала пальтосына 2м мата жұмсалса, онда үнемделген матадан неше балалар пальтосын тігуге болар еді?
Сергіту сәті.

Математикалық диктант.
а) 9000-ды 18 есе кемітіп, шыққан нәтижені 9 есе арттыр.
ә) 86 мен 82-нің көбейтіндісін 1025-ке кеміт.
б) 3025 және 986 сандарының қосындысын 7 есе кеміт.
в) 1800 бен 30 сандарының көбейтіндісін 27 есе кеміт.

Карточкамен жұмыс. Қалдықпен бөлуді орында:
68 109: 34
17 729: 35
39 473: 54

Сабақты қорытындылау. «Тақия» ойыны
- Сонымен, балалар, бүгін қандай есептер шығардық?
- Қандай ойындар ойналды?

Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: 179-бет. №8
17 048
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды көбейту және бөлуді меңгерту. Тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
Екі таңбалы санға көбейту және бөлуге байланысты есептер, теңдеулер шешу, мазмұнды есептер шығарту арқылы есеп шығару дағдысын қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×