Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Хор өнері

05 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: «Хор өнері»
Музыка 2 сынып
Мақсаты: хор өнерімен таныстыру, хор туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Білімділік – хор өнерімен таныстыру, ән үйрету.
2. Дамытушылық – музыка сауаты мен ән айту шеберлігін дамыту.
3. Тәрбиелік – әсемділікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, тыңдату.
Көрнекілігі: слайд, хор ұжымдардың суреттері, үнтаспа, баян аспабы, интербелсенді тақта.
Күтетін нәтижесі:
1. Хор, халықтық хор ұғымдарын біледі.
2. Хордағы дауыстарды ажыраты алады.
3. Әнді дұрыс орындайды.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезені.
Ал, канекей, балалар,
Сәлемдесіп алайық.
Сабағымызға керекті,
Кітап, дәптер алайық.
Дауысымызды жаттықтырып,
Ән сабағын бастайық.
Оқушылармен сәлемдесу, тугелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Өткен материалды пысықтау.
«Халық музыкасының концерті» тақырыбын тексеру, ұғымдарды жатқа сұрау.
Дауыс жаттығуларын жасап, «Апа, туған күніңмен» әнін орындау.

3. Үй тапсырмасын бекіту. Концерт залына саяхат – әңгімелесу.

4. Жаңа сабаққа дайындық. Ой қозғайтың сұрақтар қойылады.
- Әнді кімдер орындайды? (жеке орындаушы, әнші, хор)
ОХР НРӨІЕ – Қандай сөз шығады? Сабақтың тақырыбын хабарлау.

5. Жаңа материалды меңгеру.
Музыка сауаты: хор – көп адамның қосылып ән орындауын атаймыз. Барлығымыз бірге ән айтқанда дауысымыз бір – бірімен үйлесіп, көңіл күйіміз де көтеріліп қалады. Ауылда апа - әжелеріміз барлығы бас қосып, жиын - тойларда ән шырқайтынын білеміз. Әсіресе ерте замандардан келе жатқан халық әндерін шырқап, тойдың сәнін келтіреді. Қазіргі кезде де үйлену, қыз ұзату тойларында барлығы бірге қосылып, жар - жар әнін орындайды. Халық әндерін орындайтын топты халықтық хор деп атайды.
Халықтық хорлар көп халықта бар. Олар орыс, украин, грузин ұлттарында халықтық хорлар ел ішінде кеңінен танымал. Ең қызығы олар әндерді бірнеше дауысқа бөлініп орындайды.
Интербелсенді тақтада халықтық хор ұжымдарының суреттері көрсетіледі және бейнематериалдар.
Музыка тыңдау. «Ақ әжелер» ансамблінің орындауында қазақтың халық әні «Жар - жар».
Опера театры мен филармониядан кәсіби хор ұжымдарын көруге болады. Кәсіби хорлар музыкалық шығармаларды төрт дауысқа бөліп орындайды. Олар: сопрано және альт – әйел дауыстары, тенор және бас – ерлер дауыстары.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 415
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әсем әнге билейміз
Әсем әнге билейміз
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Батракова Гулайым Шарипбековна
Халық музыкасының концерті
Халық музыкасының концерті
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
Әбілахат Еспаев
Әбілахат Еспаев
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы, №109 мектептің ән - әуез пәні мұғалімі Қожаева Ақтолқын
Он саусақ
Он саусақ
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Баймуханова Гульсим Мешиткалиевна
Қазақтың ұлттық би өнері
Қазақтың ұлттық би өнері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Арқаның асқақ әншілері
Арқаның асқақ әншілері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×