Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әсем әнге билейміз

05 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: «Әсем әнге билейміз»
1 сынып
Мақсаты: оқушыларды би өнерімен таныстыру, қимыл қозғалысты үйрету, би түрлерін ажырата білуін дамыту.
Міндеттері:
1. Білімділік – би түрлерімен таныстыру, Дәулеткерей, Шара Жиенқұлова туралы мәлімет беру, ән үйрету, «Қосалқа» күйін тыңдату.
2. Дамытушылық – орындау, еске сақтау, тыңдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік – дене қимылдарының әсерлігін көрсетіп, музыка мен би үйлесімділігіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, тыңдату, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: слайд, интербелсенді тақта, суреттер, үнтаспа, баян аспабы.
Күтетін нәтижесі:
1. Би ырғағын сезініп, би қимылдарын жаса алады.
2. Би түрлерін ажырата алады.
3. Әнді дұрыс орындайды, ырғағын қол соғып көрсетеді.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Маршқа жүргізу, музыкалық сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Өткенді тексеру. «Музыка сөйлейді» тақырыбына әңгімелесу, мысалдар келтіру. Аңыз - күйдің мазмұнын тексеру. «Домбырасыз сән қайда» әнін орындау.

3. Жаңа сабаққа дайындық. Музыка тыңдату. ( «Кел, билейік» әні )
- Балалар, тыңдаған музыкаға не жасауға болады? (билеуге)
- Көңіл күйі қандай? (көңілді, көтеріңкі)
Әннің ырғағына қол соғып көрсету. Сабақтың тақырыбын хабарлау.

4. Жаңа материалды меңгеру.
Музыкалардың бір әдемі және барлығына ұнайтын түрі – билейтін музыка. Музыканы тек орындап ән түрінде таныс болсақ, ендігі жерде музыкамен билеуге болатындығымен танысамыз. Әр түрлі музыка адамға түрлі көңіл күй сыйлайды. Әнді шалқыта айтамыз, кейбір музыканы тыңдап отырып, ойланамыз. Сондай - ақ көңілді музыкаға би билегіміз келіп тұрады.
Би – музыка ырғағына сай қимылмен бейнеленетін өнер түрі. Би өнері түрлі ырғақта болады. Асықпай биленетін би түрлері және тез немесе адымдап орындалатын билер де болады. Бүгін біз бидің екі түрімен танысамыз.
Вальс – жұптасып билейтін бидің бір түрі. Оны айнала билейді. Вальсті «Би патшасы» деп есептейді.
Полька – көңілді және тез билейтін би түрі. Көбіне оны жылдам музыкамен орындайды.
Интербелсенді тақтада вальс және полька билеп жүрген топтардың суреттері, слайдтар көрсетіледі.
Тақтада Шара Жиенқұлованың портреті көрсетіледі.
- Балалар, сендерге бұл адам таныс па? (Биші)
Шара Жиенқұлова – қазақтың атақты бишісі. Алматы қаласында дүниеге келген. Ол қазақтың билерін шебер орындаған.
Күй тыңдату. Дәулеткерей «Қосалқа».
- Бұл ән бе, күй ме? (Күй)
- Қандай қимыл жасауға болады? (би қимылдарын).
Тақтада билеп жатқан қыздың бейнесі көрсетіледі. Сыныптағы қыздар би қимылдарын жасайды.
Суретке қарап әңгімелесу, оқушылар суретте сұлу қыздың бейнесін сипаттап береді. (қыздын әдемі сырғасы, білезігі, алқасы қос екенін айтады).
Күйді тағы да бір рет тыңдап, қос алқаның сылдырлаған жерлерінде қол соғып көрсетеді.
Композитормен таныстыру. Дәулеткерей Шығайұлы – қазақтың күйші - композиторы. Қазіргі Орал жерінде дүниеге келген. Оның «Қосалқа» күйі халыққа кең тараған, күйде сұлу қыздың бейнесі, әдемі жүрісі, алқаның сылдыры естіледі.

Сергіту сәті. Оқушылар музыкаға үйретілген вальс және полька қимылдарын жасап билейді.
Ән үйрету. Т. Тайбеков «Биші болам өскенде». Әннің сөзін жаттап, әуенімен таныстыру. Әнді көңілді, ойнақы орындау. Әннің ырғағына қол соғып, би қимылдарын жасату.

5. Жаңа сабақты бекіту.
Интербелсенді тақтадағы суреттерге қарап би түрлерін ажырат (вальс, полька)

6. Қорытындылау.
- Балалар, бүгін қандай өнер түрімен таныстық?
- Би түрлерін атандар.
- Шара Жиенқұлова кім?
- Дәулеткерей қандай күй жазды? Ол күйге не істеуге болады?
- Көңілді әнге билеуге бола ма?

Сабақты «Биші болам өскенде» әнін орындап аяқтаймыз.
13 288
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Музыка - сезім тілі
Музыка - сезім тілі
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру.
Біз - көңілді баламыз
Біз - көңілді баламыз
Балаларды музыканың әр түрлі сипатымен таныстыру. Музыка ырғағын сезіне, әрекет ете білуге үйрету.
Би үйірмесі жоспары
Би үйірмесі жоспары
Бастауыш сынып мұғалімі Айнур Дуйсебаева
Шырқа, сырнай!
Шырқа, сырнай!
Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық аспаптар түрлерімен таныстыру. Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
Хор өнері
Хор өнері
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Батракова Гулайым Шарипбековна
"Әніміз бар тамаша" бабабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
"Әніміз бар тамаша" бабабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×