Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауының сценарийі

10 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткелі отырған «Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауының сценарийі
(Сахна мерекеге сай безендірілген, ән ойналып тұрады)
Мұғалім: Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткелі отырған «Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауына қош келдіңіздер!
Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Бір кездері Кеңес заманында біздің ата - әжелеріміз «Партия қайда болса, Жеңіс сонда!», «Алға, комсомол!» деп екпіндете шырқады. Осы кезде патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді. Әскери - патриоттық әндер кеше де, бүгін де, ертең де ерекше бағалы бола бермек. Сондықтан бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу.

(Ортаға екі жүргізуші шығады)
1 - жүргізуші: Иә, біз бейбіт елде, байтақ жерде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Бірақ бізді осы күнге жеткізу үшін кешегі ата - бабаларымыздың Ақтабан шұбырындының азабын тартқанын, ашаршылықта қынадай қырылғанын, зиялыларымыздың репрессияға жазықсыз ұшырағанын, Ұлы отан соғысында кеуделерін оққа тосқанын естен шығармауымыз керек.
2 - жүргізуші: Азаттық жолындағы еліміздің тарихы «Елім - ай», «Атамекен», «Жас қазақ» секілді әндер арқылы бізге жетті. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет, егемен елдің ертеңін сеніп тапсырар намысты, қайсар, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда бізге патриоттық әндеріміздің молая түскені аса маңызды.
1 - жүргізуші: Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.
2 - жүргізуші: Олай болса, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткелі отырған «Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
1 - жүргізуші: Шарамызды бастамас бұрын байқауға қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырамыз.
(Үміткерлер ортаға шығады)
2 - жүргізуші: Осы байқауға төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
--------------------------------------
1 - жүргізуші: Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін ән орындау шеберлігі және сахна мәдениетін меңгеру критерийлері бойынша бағалайды. Жоғары ұпай 10 балл. Бұл байқауда жүлделі орынға ие болған 3 оқушы аудандық сайысқа жолдама алады.
2 - жүргізуші: Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған
Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған, Сейдолла Бәйтерековтың әні «Қазақ елі» орындайтын ----------------------------
1 - жүргізуші: Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі
Қаһарманы заманымның бұл енді
Отан даңқы мүддесі үшін қажеттік
Сарбаздар ол елдігімнің тірегі
8 «а»сынып оқушысы Жолдасов Мирастың орындауында Б. Ауданбаевтың сөзіне жазылған Айжігіт Асановтың әні « Қазақстан сарбаздары» қарсы алыңыздар!

2 - жүргізуші: Қазақ деген пейілі кең бай халық
Толды арманы егеменге айналып
Бейбітшілік қорғанындай сенімді
Сарбаздары сап түзеді сайланып
Ортада -------------------------------- орындауында Рүстем Көшебаевтың сөзіне жазылған Оралхан Садуақасовтың әні «Ән сал, сарбаз»
1 - жүргізуші: Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Ортада «Атамекен» әнімен ------------------------------

2 - жүргізуші: Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау қойнауында
---------------------------------------------------------- «Туған жер» әнімен ортаға шақырамыз
1 - жүргізуші: Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
----------- орындауында «Алға, Қазақстан» әні.
2 - жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.
----------- «Катюша» әні.
1 - жүргізуші: Осымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткен «Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы дайын болғанша
6 - сынып оқушыларының ән шашуларын қабыл алыңыздар!
(Ән шашу)
2 - жүргізуші: Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек.
1 - жүргізуші: Үміткерлерімізді марапаттау үшін сөз қазылар алқасының төрайымы Дүйсенова Айнұр апайға беріледі.
26 538
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл таланттары кешінің мерекелік сценарийі
Жыл таланттары кешінің мерекелік сценарийі
Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек. Дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына тайсалмай түсіп, кім - кіммен де жалтақсыз жарысатын интеллекттісі жоғары оқушыларымызбен мақтанамыз.
Жас талант патриоттық әндер байқауы
Жас талант патриоттық әндер байқауы
«Жас талант» патриоттық әндер байқауының сценарийі
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын!
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Петропавл қаласы, «Өнер колледжі - музыкалық - эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат»кешені» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ж.Б.Ашимова
Халықаралық шекара әндері
Халықаралық шекара әндері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, «№1 мектеп – гимназиясы» КММ Музыка пәні мұғалімі Мұстафина Шаттыгүл Ысқаққызы
Жеңіске рух берген әндер
Жеңіске рух берген әндер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 мектептің тәлімгері Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×