Білімділер поралы
загрузка...

Аспапта ойнауға үйретудің негізгі əдістері

Жоспары:
1. Оқытудың əдіс-тəсілдері туралы ұғым.
2. Оқытудың ең кең тараған əдістері
3. Ауызша, көрнекілік, тəжірибелік, бақылау əдістері

Əдіс - грек сөзі methods - зерттеу жолы. Мақсатқа жету жолы деген мағына береді.
Аспапта ойнауға оқытудың əдісі бұл - оқытушы мен оқушы қарым - қатынасы əрекетін қамтамасыз ететін жүйе.
I Бала бойында баяншы шеберлігімен дағдысын қалыптастыру.
II Жалпы дəне музыкалық қабілеттерін дамыту.
III Оқытудың мазмұнын меңгеру.
IV Оқушылардың өз бетімен білім жетілдірудің меңгеруі əдістеріне жəне құралдары жататын жүйе.
Оқытудың тəсілі - əдіс элементі, оның құралдас бөлімі, əдісті тарату жолы. Мұғалім баяншының жұмысында қолданатын тəсілдер нұсқауға, ередеге бағыштау, ойнау бврысында ескертпелер, аспапта жекеленген дағдыларды, тағы басқаларды ойнау, əндету.
Ауызша əдісі – бұл ұғындыру, əңгімелесу, оқулықпен немесе арнвйы əдебиетпен жұмыс, түсіндіру кезінде оқытушы мəлімет беріп қана қоймай, оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Ал олар ойланып қойған сұрақтары олардың ойлауын дамытады.
Түсіндіру əдісі - түсініктеме, талдау, үйренетін материалдың əртүрлі ережелері туралы сөз қозғау. Мұғалім түсіндіру барысында тек ақпаратқа сүйенбейді, оқушы сұрақтарына жауап береді. Бұл сұрақтар ойлау қабілеттерін арттырады, көбіне түсіндіргенде қосымша аспаппен көрсету арқылы да түсіндіріледі. Түсіндіру барлық жастағы балалар топтарына кеңінен қолданылады. Бірақ бұл əдіс кішкентай балаларға қарағанда оқу материалының күрделігіне жəне оқушының зияткерлік мүмкіншілігіне байланысты орта жəне жоғары мектеп жастарындағы балаларға жиі қолданылады.
Əңгімелесу əдісі – бұл оқу барысында мұғалім сұрағы мен оқушының жауабының кезектесіп отыруы. Бұл əдіс оқушының білімін тексеру, қайталау жəне бекіту (үй тапсырмасын тексеру) мақсатында қызмет етеді.
Кітаппен жұмыс - оқушының өз білімін жетілдіруге, қосымша білім алуға даярлықтың маңызды жолы. Мұғалім міндеті - кейін оқушы өз бетімен жұмыс істеуі үшін пайдалана білуін қалыптастыру. Музыка кітаптары, баспасөз, интернет, анықтамалық əдебиеттер, т. б.
Көрнекілік əдіс - элюстрация жəне демонстрация əдісі. Олар ауызша жəне басқа əдістермен өзара байланысты қолданылады.
Элюстрация əдісі – оқытушы аспапта ойнайды немесе плакаттар қарау, сурет қарау, т. б.
Демонстрация əдісі – техникалық оқу - құралдарын пайдалану; магнитофон, диск, компьютер. Мысалы: берілген шығарманы белгілі орындаушы орындауында көрсету үшін. Оқу процессінде жаңа техникалық құралдарды енгізу, оқытудың көрнекті əдісін кеңейтеді. Бірақ элюстрациялауды өте көп қолдану оқушының ойнау процессіне кері əсерін тигізеді.
Оқытудың практикалық əдісі - бұл əдіспен оқушы баянгының тəжірибелік іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Қолдан - қолға ойнап көрсету əдісі – домбырада дəстүрлі түрде үйрету сияқты, көрнекілік əдістерінің бірі.
Жаттығу əдісі – музыкалық аспапта ойнауды үйретуде негізгі жəне кең тараған əдіс. Яғни іскерлік пен дағдылы мұғаліммен сабақ үстінде жəне өз бетімен оқу кезінде үнемі жүйелі түрде аспапта қайталап отыру педагог баяншылар тəжірибесіндегі тиімді жəне маңыздысы жалғыз бұл əдіс қана емес, басқаларымен де байланысты болуы қажет. Жаттығудың айтарлықтай маңызды шарты, оны зерделі пайдалану болып табылады. Нотаға қарап ойнау ауызша əдіспен практикалық əдісіне жатады.
Бақылау жəне өзін - өзі бақылау əдісі - мұғалім мен оқушы оқу процессінің нəтижесі туралы ақпарат алу əдісі.
Ауызша əдісі - мысалы: оқушының үй тапсырмасын тексеру кезіндегі ауызша жауап беру əдісі.
Практикалық əдісі - оқушының сабақ кезінде бақылау үшін тыңдау, сынақ жəне емтиханда аспапта ойнау. Оқушының өз бетімен дайындаған шығармасын тыңдау.
Бақылау, қадағалау - тəрбиеленушінің тəрбие жəне даму процессінің нəтижеге жетуін қадағалау, бақылау.
Компьютермен жұмыс - бұл:
1. Көрнекілік əдіс - музыка тыңдау, орындаушыларды көру.
2. Ауызша əдіс - авторлар туралы немесе шығарманы оқу.
3. Бақылау əдісі - тест сұрақтарына жауап беру, т. б.
4. Өзін - өзі бақылау əдісі - микрафон арқылы жазу дəне өзі ойнағанын тыңдау.
5. Біріккен(кешенді)- мысалы шебермен компьютер арқылы ашық сабақ беру; ауызша, көрнекілік.

Пайдаланған əдебиеттер:
1. Педагогика. Жалпы редакция басқарған.
Кудлярова А. Алматы 2004ж
2. Жумалиева, Сүлейменова.
Музыка пəнінің оқыту əлістемесі
Астана. Фелмант 2008ж
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 109
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 109
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика